Реферат тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғау шараларының жүзеге асырылу деңгейі



бет6/7
Дата03.05.2020
өлшемі88,52 Kb.
#65637
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
11 ГеоЭк
00075ad0-ef720cf9, Өсімдік селекциясы — Уикипедия
5. Қоршаған ортаны қорғау шаралары

Табиғат қорғаудың міндеттері мен ұстанымдарын жүзеге асыру алдын ала ескерту және нақты шешім қабылдау арқылы анықталады.

Алдын ала ескерту шаралары белгілі бір аймақтағы табиғат обьектілерін анықтап, оны қорғау мен қалпына келтіруді жоспарлап отырады.

Нақты шешім қабылдау шаралары – табиғаттағы адамның іс-әрекетінен бүлінген немесе ластанған, жарамсызданған обьектіні қалпына келтіру немесе жою жұмыстары.

Мысалы: ауаның ластануы, топырақ эрозиясы, орманның қырқылуы т.б.

Табиғатты қорғаудың тағы бір мақсаты-экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ол қазіргі және болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүруі үшін адамның теріс іс-әрекеттерін шектеу және табиғаттағы төтнеше апаттарды болдырмау. Оны жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Конституциясы және табиғат қорғау заңдары.

Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары.

Табиғат қорғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастарсақ:

Жекеленген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде қазіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу;

Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі қадағалау;

Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. обьектерді салуда экологиялық сараптама жасау;

Табиғатты қорғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.

Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған жеріміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.

Мемлекеттiң экологиялық саясаты өндiрiстi экологияландыруға бағытталған.

Қоршаған ортаны қорғау шешiлу нәтижесi экономиканың барлық салаларына, сондай-ақ мемлекеттiң саяси және әлеуметтiк жағдайына ықпал ететiн, стратегиялық мiндет болып табылады. Әлеуметтiк-экономикалық қайта өзгерістердiң күллi жетiстiгi қоршаған ортаны қорғау және табиғатты орынды пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатқа тiкелей байланысты.

Республикада қоршаған ортаның жағдайы қанағаттанғысыз болып отыр әрi ауаның, топырақтың және судың ластануы халық денсаулығына керi әсер тигiзуде. Бұл факторларды өнеркәсiптiк және тұрмыстық қалдықтардың және ластанған ағын сулардың шоғырлана жиналуы едәуiр күшейте түсуде.

Біздің елімізде қоршаған ортаны корғау бүкіл мемлекеттік міндет болып табылады. Табиғатты корғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі зандардың талаптарына сәйкес салаларды дамытудың жоспарларын, жаңа объектілерді жобалауды, салуды жоспарлағанда табиғат корғау шараларын жүзеге асыру барлық министрліктерге, кәсіпорындар мен ұйымдарға міндеттелген.

Табиғат экологиялык процестерде байланыстырушы буын болып табылады, сондықтан аса сақтык жасап, қандайда болсын шаруашылық шешімдерінің зардаптарын көре білу керек.

Қалалар мен елді мекендерді, өндірістік және тұрғын аудандарды жобалағанда олардың бас жоспарлары мен жобаларында табиғат ортасының барлық элементтерін корғау мен қалпына келтіру жөніндегі тиісті шаралар міндетті түрде қарастырылуға тиіс.

Табиғаттың шынайы келбетін сактауды қамтамасыз етуде құрылыс-құрастыру жұмыстары өндірісіне маңызды орын беріледі, өйткені жете ойластрылмаған жұмыс әдістері орны толмас зардаптарға ұрындырады, мәселен, ормандардың және жас көшеттердің жойылуына, ортаның өзгеруіне, жерасты және жерүсті суларының режимін, ортаның экологиялық тепе-тендігін бұзуға әкеліп соғады.

Табиғатты қорғау шараларын инженерлік-геодезиялык іздеулер кезеңінен бастап жүзеге асыра бастау кажет. Көлік жолдарының құрылысы бұрын бар болмаса болашақта жоспарлы түрде салынатын немесе салынып жатқан тұракты, уақытша жолдарды да іске жаратуды ойластыру керек. Геодезиялық дайындық кезінде орманды орынсыз аршып жол сала беруге, ағаштар шығыны болуына жол берілмеуге тиіс. Іздеу жұмыстары жүргізілгенде шөгуге бейім жерлерді шамадан тыс көп суландыруға және кешкіндердің пайда болуына бөгет жасайтын және баска да қажетті шараларды ойластыру керек. Іздеу жұмыстары аякталғанынан кейін шурфтарды және баска косымша казылған жерлерді калпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

Құрылыс алаңы талшіліктерден және бағалы емес ағаштардың түрлерінен тазартылады, бұл жұмыс құрылыс салына­тын территория ішінде жүргізіледі. Құрылыс алаңын дайындағанда топырақтың өсімдік өсетін кабаты өте ұкыптылыкпен алынып, құрылыстың баска жерлерінде немесе басқаучаскелерінде көгалдандыру максатында пайдаланылуға тиіс. Ағаштардың түптерін атжалдағы топырақтармен жабуға болмайды, өйткені кейбір ағаш тұқымдары одан қурап калады.

Жерасты коммуникацияларын жобалау және тарту жұмыстары құрылыстың бас жоспары бойынша жүргізіліп, жоба қатаң сақталуы керек. Жер жұмыстарын, оның ішінде іргетастар мен жертөле құрылыстарын салу жобадағы белгілерге сәйкес қатаң сакталып, жүргізілуге тиіс.

Тұракты немесе уақытша орнатылған су деңгейін төмендеткіш қондырғы дренаж өсімдіктердің өсіп-өнуіне әсер етуіне карай 300 метрге дейін кашықтықта орнатылады. Қондырғы мен дренажды салғанда оған жақын территорияда шпунтты кабырғалар тұрғызылады.

Құрылыс салынып жаткан территорияда сакталуға тиіс ағаштар мен бағалы көшеттер арнайы қоршаулармен қоршалады, тамыр жүйелерін корғайтын тиісті гумус кабаты сақталуға тиіс, ал ағаштың діңі ағаш қораптармен жабылады. Ағаштардың және көшеттердің бағалы түрлері жобада көрсетілгендей нөмірленіп қабылданады, ал оларды өткізу акті бойынша дендрологтың қатысуымен жүргізіледі.

Ағаштар баска жерлерге механикаландырылған әдіспен отыргызылады. Ағаш тамыр жүйесінің айналасындағы топыракпен бірге ойылып алынады, ал оны кранмен көтерген кезде арканмен ілетін жерлері арнайы қаптамалармен оралады. Егер ағаш басқа территорияға апарылатын болса оның тамыр жүйесі ағаш жәшікпен қапталады. Қыста ағаш тамырының топырағы катып калған жағдайда оны каптаудың керегі жок.

Үймереттің жерүсті бөлігін тұрғызғанда территорияны шаңдатпас үшін құрылыс қалдықтары мен қоқысты шығарып тастап отыру керек. Олар арнайы контейнерлерге тиеліп төгіледі немесе қораптармен қабылдау бункерлеріне түсіріледі. Құрылыста жарамсыз деп табылған құрылыс бұйымдары мен бөлшектерін және пайдаланылмаған құрылыс материалдарын кемуге болмайды. Осы сиякты құрылыс алаңында материалдардың қалдықтарын, әсіресе битум негізіндегі орамаларды, айырушы материалдарды, бояғыштарды, автоқаптағыштарды және басқа да ауаны ластайтын қоқыстарды жағуға болмайды.

Республикамыздың жер жөніндегі заңдары негізіне сәйкес ауыл шаруашылығы жерлерінде құрылыс немесе басқа жұмыстар жүргізуші барлык кәсіпорындар жұмыс барысы көзінің өзінде-ақ ол жерлерді пайдалануға жарайтын етуі керек, ал оған мүмкіншілік болмаған жерде барлық жұмыс аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде бүлінген жер қалпына келтірілуге тиіс.

Объект жобада көрсетілген көріктендіру және айналадағы территорияны көгалдандыру жұмыстары біткеннен соң су, ауа, газ тазартатын құрылыстарды алдын ала техникалык кабылдаудан, осы секілді қатты қалдықтар территориядан шығарылғаннан кейін ғана пайдалануға кабылданады.

Елде ескiрген технологиялардың болуы ластайтын заттарды қоршаған ортаға тастаудың жақын арада азаймайтынын болжауға негiз болады.

Экономика салаларын қалпына келтiру мен дамыту ластанған заттарды қоршаған ортаға шығару мен тастау көлемiн бiр деңгейде ұстап тұрған кезде жүзеге асырылуы тиiс. Сондықтан өнеркәсiптi дамыту, қала құрылысы және басқа да ауқымды кез келген салалық бағдарламаны әзiрлеу кезiнде, оның қоршаған ортаға әсерiн бағалау мәселелерi қаралуы тиiс. Осылайша, қоршаған ортаны басқару жүйесiн жетiлдiретiн экономиканы экологияландыру жүзеге асырылуы тиiс.

Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру, қоғамның барабар қажетiне орай, табиғатты пайдалану процесiн реттеу үшiн, өндiрiстiң өсуi кезiнде қалдықтарды шығару, тастау және жиналу деңгейiн тұрақтандыру қажет әрi қарай осы шарттарды сақтай отырып, қоршаған орта объектiлерiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шараларды дәйектi түрде жүзеге асыру қажет. Бұл қолданыстағы табиғатты қорғау заңнамасын халықаралық талаптарға сәйкес келтiрудi сөзсiз талап етедi.

Экономика мен экологияның ортақ мүдделерiн барынша жақындата түсу үшiн экспорттық саясатты өзгерту, жоғарғы технологиялық өндiрiстердi дамыту, табиғи ресурстарды мейлiнше аз пайдаланатын, қоршаған ортаға мейлiнше аз залал келтiретiн өндiрiстердi құру қажет.

Экологиялық қауiпсiздiк проблемаларын кешендi түрде шешу үшiн қоршаған ортаны нормадан артық, ластайтын кәсiпорындар үшiн міндетті экологиялық аудиттi енгiзе отырып халықаралық стандарттардың ИСО сериясы 14000 және ИСО сериясы 9000 «Сапа менеджментiнiң жүйесiн» практикаға енгiзу қажет.

Қоршаған ортаны басқару жүйесi ИСО сериясы 14000 пайдалану табиғатты қорғау заңнамасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыруға, өнеркәсiп кәсiпорындарының экологиялық мiндеттемелерiн орындауға, нәтижесiнде импорт пен экспорт өнiмдерi бойынша көптеген проблемаларды шешуге байланысты ДСҰ-ға кiруге ықпал етедi.

Жоғары технологиялы өнiмдерге, тауарларға, қызмет көрсетулерге бағытталған экономикалық даму қоршаған ортаға салмақтың аз түсуiн қамтамасыз етедi.

Барлық экономикалық iс-әрекетте табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану принципi болуы тиiс. Қалдықсыз технологияларды мемлекет марапаттауы тиiс. Әуе бассейнi. Республика қалалары әуе бассейнiнiң тым ластануы ластаушылардың металлургия, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарының, автомобиль және темiр жол көлiгiнiң зиянды заттарды шығаруынан, сондай-ақ қоспаларды сейiлтетiн қолайсыз климаттық жағдайлардан туындап отыр.

Республика қалалары әуе бассейнiнiң ластануына автомобиль көлiктерiн пайдаланудың да үлесi аз емес.

Қоршаған табиғи ортаға керi антропогендiк әсердi болдырмау әрi оның күшiн жою, адамның қалыпты өміp cүpуi ортасын жасау үшiн бiрiншi кезекте, елдегi экологиялық жағдайды шынайы, нақты және уақтылы бағалау қажет. Осындай жағдайда ғана табиғи орта сапасын реттеу жөнiнде негiзделген шешiмдердi қабылдау мүмкiн болады.

Ғаламдық әлеуметтiк сипаттағы қауiпсiздiк проблемалары мұнай өңдеу салаларында барынша айқын көрiндi. Адамзат баласы 1999 жылдың басында 90 млрд. тоннаға дейiн мұнай жақты. Бұл ретте мұнай өңдеу өнеркәсiбi өндiрiсте жаңартылмайтын шикiзат көздерiн пайдаланатынын, ол Жердiң биосферасын қосымша күн сәулесiнен қорғаушы озон қабатының ыдырауына, булану әсерiнiң күшеюiне, Жердiң атмосфера қабатын қосымша қыздыруға әкеп соғатынын атап өту керек.

Мұндай проблемаларды шешу бiрiншi кезекте шикiзатты үнемдi пайдалануға әкелетiн барынша қайта өңдеудi талап етедi. Қазақстан Республикасы Киото Хаттамасын бекiткен жағдайда, бу газдарының шығарындысына белгiленген квоталарды сату мүмкiндiгiне елге жол ашу бүгiнгi күнi нақты шындық деуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет