Реферат Тақырыбы: Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі45,58 Kb.
#87661
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Баймухаммедов А.О жахандану

"Friends of the Earth" - желілік экологиялық қауымдастық;

  • "Transnational" - Трансүлттық корпорациялармен күрес жүргізіп, олардың жүмысының қаншалықты зиянды екені жайлы ақпарат таратушы халықаралық үйым;

  • "Peoples Global Action" - Бүкіләлемдік сауда үйымы шеңберінде сауданың либерализациясына қарсы халықаралық үйым;

  • "Inpeg" - әртүрлі үйымдардың белсенділерінен қүралған, наразьшық акцияларын даярлаумен айналысатын, жаһандануға қарсылардың үйымдастырушы комитеті.


    Мультимәдени жаһандану және локализация
    Мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда.Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті» әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т.б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі институционализациялаудың басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.
    Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж. Бодрийяр термині) - қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті. Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.
    Глокализация — глобализация (жаһандану) мен локализация (жергіліктену) терминдерінен құралған құйылысқан сөз және неологизм. Бұндағы сөз құраушы қос терминді қарама-қайшы ұғым ретінде емес, бірін-бірі толықтыратын үдеріс ретінде түсіну қажет.
    Глокализация — әртүрлі бағыттағы үрдістердің қатар жүруімен сипатталатын экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамудың процесі: жаһандану аясында аймақтық ерекшеліктердің күтілетін жойылуының орнына олардың сақталып, күшеюі орын алады. Құйылысып кету және унификация орнына басқа бағыттағы құбылыстар күшейеді: сепаратизм, жергілікті өзгешеліктерге қызығушылықтың артуы, баяғы заманның дәстүрлері мен диалекттердің жандануы. Глокализация әлемдегі жаһандану үрдістерінің әсерінен жергілікті немесе аймақтық деңгейде туындайтын процесстерді білдіреді.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет