Реферат Тақырыбы: Жаһандану үдерісінің ұлттық руханияттың дамуына әсері



бет5/6
Дата07.02.2022
өлшемі45,58 Kb.
#87661
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Баймухаммедов А.О жахандану

Жаһанданудың қазіргі теориялары
Жаһанданудың ең танымал теорияларының бірі Рональд Робертсонның (АҚШ) мәдени центристік тұжырымдамасы болып табылады. Робертсон алғашқылардың бірі болып “жаһандану” терминін қолдана бастады. Робертсонның басты жорамалы, мемлекеттердің халықаралық жүйесі Толкотт Парсонстың атақты AGІL схемасы шеңберінде бейнелене алады дегенге келіп саяды. Робертсон теориясының мәдени центристігі мемлекеттер интеграциясының басты бағытын мәдени жүйеленудің орнығуы деп есептеуінен көрінеді.
Робертсон қазіргі заман әлем жаһандануының мынадай сатыларын көрсетеді: А сатысы немесе дүниеге келу сатысы, ол XV - XVІІІ ғасырлар деп көрсетілген. Ғаламдық әлемнің шығуына Еуропа діни тұтастығының бұзылуы, бүкіл планеталық әлем картасының пайда болуы, астрономиядағы гелиоцентристік жүйе және адамзат туралы алғашқы мәліметтер. Б сатысында ғаламдық жүйе дүниеге келеді (1750 - 1850). Бұл кезеңде халықаралық дипломатия жүйесі орнығып, азаматтық ұғымы түпкілікті қалыптасады, мәдениетті жеткізу үрдісі жүреді: халықаралық көрмелердің пайда болуы, еуропалық емес елдерге енген халықаралық коммуникация жүйесі дүниеге келеді. В сатысы ғаламдық әлемнің шарықтау сатысы ретінде түсіндіріледі (1875 - 1925). Бұл кезеңде әлемді төрт жүйелену: экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени жүйелену ретінде ұғыну айқындала түседі және ортақ күнтізбе қабылдау іске асады. Алғашқы халықаралық сайыстар (Олимпиадалар) мен мәдени фестивальдер заңды түрде бекітіледі. Г сатысы гегемония үшін күрес сатысы (1925 - 1969). Бұл екінші дүниежүзілік және “қырғи-қабақ” соғыстар кезеңі, әлемдік саяси-құқықтық жүйенің қалыптасу кезеңі. Робертсон адам құқықтарын қорғау саясатының қалыптасу мәселесіне зор көңіл бөледі. Бұл кезең сонымен бірге “үшінші әлем” тақырыбының пайда болуымен маңызды. Және соңғысы, Д сатысы - белгісіздік сатысы (1969 жылдан осы кезге дейін). Сыртқы кеңістікті зерттеу кезеңі, бұл жерде ғарыштық зерттеулер, адам құқықтары туралы халықаралық пікір таластардың шығуы және кейінгі материалистік құндылықтарды насихаттайтын пайымдаулардың таралуы туралы сөз болып отыр. Ғаламдық феминистік және экологиялық қозғалыстардың пайда болу сатысы, шын мәніндегі жаһандық масс-медиа, ғарыштық коммуникациялар дүниеге келеді. Халықаралық қатынастар күрделілене түседі. нтони Гидденс - теориялық социология мәселелерін зерттеуге зор үлес қосқан қазіргі заманғы ірі социологтардың бірі.
Гидденс Р.Робертсон секілді жаһандануды ғаламдық модернистік жобаның бір бөлігі деп тұжырымдап, оның басты үш ерекшелігін бөліп көрсетеді:
1.Кеңістік пен уақыттың өзгеруін ол іс-әрекеттің белгілі бір кеңістікке үйреншікті болуының азаюы және әлемдік ауқымдағы оқиғалардың үндесуі деп түсінеді, бұл жерде әңгіме ғаламдық коммуникацияның пайда болуы жайында болып отыр;
2. Әлеуметтік институттар жергілікті жерлерден (“орындардан”) қол үзсе “жеміссіз” болып қалады. Тек үлкен жүйелер ғана өзгеріп қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік тәжірибенің жергілікті және тіпті жеке контекстері өзгереді, бұл қақтығыс пен әлеуметтік стратификацияның жаңа жүйелерін тудыратын көптеген қарама-қайшылықты процестерді білдіреді. Басқа сөзбен айтқанда, Гидденс Валлерстайнға қарағанда жаһандануды таза экономикалық процесс және феномен ретінде түсіндірмейді;
3. Әлеуметтік білімнің әсері, тәжірибелік білімге деген бағдар өсе түседі. Қазіргі әсерлі қоғамның өзін Гидденс жүрісін жылдамдата беретін күйме бейнесінде елестетеді. Осы заманғы институттардың бәрі әмбебаптылық жағына қарай өзгереді: капитализм, индустриализм, қадағалау, күштеу құралдарын монополизациялау, халықаралық еңбек бөлінісі, әлемдік әскери тәртіптің қалыптасуы. Жаһандану тек қана әлемдік капиталистік жүйені экспансиялау мен мәдени біртектіліктің орнығуынан ғана тұрмайды. Әрине, Гидденс стандарттау үрдісінің әсіресе түрленім формасында болатынын көрсетеді, себебі капиталистік өндіріс пен бөлу қазіргі заман институттарының басты құрамдас бөліктерін қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет