№14 дәріс Оптика Жарық толқындарының қасиеттері



бет1/4
Дата26.11.2022
өлшемі8,53 Mb.
#159952
  1   2   3   4
Байланысты:
14 дарис Жарықтың толқындық қасиеттері
ӘТБ Силлабус Искакова ЛМ (1) 4, 2017 жылғы 14 ақпандағы №66 психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес берудің типтік ережелері

Физика


№ 14 дәріс
Оптика
Жарық толқындарының қасиеттері
Ғарыштық инженерия кафедрасының аға оқытушысы: Саурова Камила Серикбаевна
k.saurova@aues.kz

Физика


Ғарыштық инженерия кафедрасының аға оқытушысы: Саурова Камила Серикбаевна
k.saurova@aues.kz
XVII ғасырдың аяқ кезінде жарықтың табиғаты жайында екі түрлі ғылыми түсінік болды.
  • жарықтың корпускулалық,
  • жарықтың толқындық теориясы.

  • Жарықтың корпускулалық қасиетін алғаш баяндаған ағылшын ғалымы И.Ньютон болатын. Ньютонның жорамалы бойынша жарық дегеніміз-жарқырауық денелерден ұшып шыққан жарық бөлшектерінің ағыны, олар инерция заңына бағынады және түзу сызық бойымен таралады деген болатын.
    Ал Голландия ғалымы Х.Гюйгенс жарық құбылыстарын дыбыс құбылыстарымен салыстыра отырып, жарықтың толқындық теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша жарық дегеніміз серпімді ортада таралатын толқындық процесс.
    XVIII ғасыр бойы жарықтың корпускулалық және толқындық теориялары арасындағы тартыс тоқталмады.

Жарық дисперциясы
Жарықтың дисперсия құбылысын 1672 жылы Исаак Ньютон призма арқылы жарықты өткізіп, байқаған.
Жарықтың дисперсиясы - деп заттың сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігін айтады, яғни жарық сәулелері әртүрлі бұрышқа сынады.
Жарықтың дисперсиясы деп заттың сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына тәуелділігін айтады n = f ().
Заттың дисперсиясы :
толқын ұзындығы бойынша сыну көрсеткішінің өзгеру жылдамдығы.
Призма - түскен жарық шоғын сыну коэффиценттері бойынша жіктейді.
Қызыл сәулелер дифракциялық торда күштірек ауытқиды. Ал күлгін сәулелер призмада ең күшті ауытқиды.
Нормаль дисперсия: сыну көрсеткіші толқын ұзындығы азайған сайын артады.
n
Нормаль дисперсия шарты:
Егер зат сәулелердің бір бөлігін жұтатын болса, онда жұту аймағы мен оның маңында дисперсия жүруі аномальді түрде болады, сондықтан ол аномаль дисперсия деп аталады.

n - нің сыртқы өріс жиілігі - ға тәуелділігі суретте көрсетілген.
Мұндағы АВ – аномаль дисперсия аумағы.
Табиғи жарық: E векторы кеңістіктің барлық бағытында бірдей амплитудамен тербелетін жарық, жарықтың поляризациясы деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет