Геометриялық жол айырымы Максимум және минимум координаталарының анықталуы
Көршілес екі максимум немесе минимумдардың ара қашықтығы
Интерференциялық жолақтардың ені осы формуламен анықталады.
Жұқа жазық пластинкадағы интерференциясы Қалыңдығы d пластина бетіне бұрышпен түскен сәуле пластина беттерінде бірнеше рет шағылып және сынады, сөйтіп жарық ағынының біраз бөлігі пластина арқылы өтеді.
α
Біз пластинадан бір рет шағылған сәулені қарастырайық, ол түскен жарық ағыны А нүктесінде шағылған және сынған екі сәулеге жіктеледі.
сынған сәуле С нүктесінде шағылып, В нүктесінде сынып пластинкадан ауаға қайта шығады, ол шағылған сәулеге параллель болады. Пластина бетінен шыққан екі сәуленің оптикалық жол айырымы мынаған тең болады.
Демек, сәуле оптикалық тығыз ортадан шағылғанда жарты толқын жоғалтады.
АСВ және АBD үшбұрыштарын қарастыра отырып, түсу бұрышы мен пластинканың d қалыңдығына оптикалық жол айырымының тәуелділігін төмендегідей қорытып шығаруға болады.
Р нүктесінде байқалатын максимум
және минимум
мұндағы m=0,1,2,... интерференция реттері.
Жұқа пластинкадағы интерференция пластинканың үстіңгі және астыңғы беттерінен шағылып шыққан сәулелердің тоғысуынан пайда болады.
Ньютон сақинасы (интерференциясы)
Ньютон сақинасы линзаның төменгі қабатынан және пластинаның жоғарғы қабатынан шағылған когерентті сәулелердің тоғысуынан пайда болады.
Дөңес линза және жазық пластина арқылы микроскоптың көмегімен Ньютон сақинасын байқауға болады.
Ньютон сақинасының радиусы r мен линза радиусы Rарасындағы байланыс Ақ сақиналардың радиусы (max) :
мұндағы m = 1, 2, 3, … натурал сандар (сақинанаң рет нөмірі).
Қара сақиналардың радиусы (min) :
Интерференциялық бейненің центрінде интенсивтік минимумы болуы керек, өйткені ол қара дақ түрінде байқалады.
ЖАРЫҚТЫҢ ДИФРАКЦИЯСЫ
Дифракция деп - жарық толқындарының таралу бағытынан ауытқу құбылысын, жарық толқындары бөгеттерді айналып өтуін және де жарық толқындарының геометриялық көлеңке аймағына өтуін айтады.
Френель дифракциясы - нүктелік жарық көзінен шыққан жарық толқындарының дөңгелек саңылаудан өтуінен пайда болады және де сфералық жарық толқындарының саңылаудан өтуінен пайда болады.
Сонымен бірге, жарық көзі мен тар саңылау арасындағы қашықтық шекті болуы керек.