Реферат Тақырыбы: Зертханалық жағдайларда ірі-қара малдармен жұмыс жасау тәртібі


Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады



бет7/10
Дата21.12.2022
өлшемі78,09 Kb.
#163600
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Алибаева Нуржанат Реферат (1)
1. Ежелгі дүние 21, 1530649913
Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:

1)Малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т.б. ) байланысты, жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;


2)Малдардың денесі таза, яғни әсіресе сауын сиырлардың өнімі жоғарғы сапалы блолуына жағдай жасалады;
3)Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш тастауынан сақтандырады;
4)Қора ішінің микроклиматын бақылап, қалыпқа келтіріп тұруға мүмкіншілік туғызады.
Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:
1)Малдарды бос еркін ұстаумен салыстырғанда тұрғызып байлап ұстау тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.
2)Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың қозғалуы шектеліп, малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.
3)Әр малға шаққандағы еңбек шығыны көбейіп, қол жұмысының бөлігі артады.
Мұндай тәсілмен ұстау кезінде, әсіресе сүт өндіретін шаруашылықтарды ең жоғары сүт алу көрсеткіштеріне (15-16 мың кг) сол сияқты басқа малдардан орта есеппен 5-6 мың кг жылдық сүт өнімін өндіруге ие болатындығы дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстау тәсілі сүт өндіру және жас тұқымдық малдарды өсіп-өндіру шаруашылықтарында кең қолданылады. Малдарды бұл тәсілмен ұстау кезінде мал мамандарының, күтіп-бағатын қызметкерлердің әрбір малдарға жекелеме күтім көрсетіп, емдеу, егу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдайлар туып малдардың ауруға шалдығуы төмендеп, әр малға ветеринариялық бақылау жасап, тиісті шараларды дер кезінде көрсете алады.
Ірі қара малдарын тұрғызып ұстауға арналған қоралардың микроклиматы тұрақты және қалыпты, яғни малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ауа температурасы +8 градустан төмендемей, салыстырмалы ылғалдылығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының жылдамдығы қыс айларында 0,3 м/сек артпай, көмірқышқыл газының концентрациясы 0,25 пайыздан жоғарыламай, әр куб.м ауада аммияктың мөлшері 20 мг-нан, күкіртті сутегі газы – 10 мг-нан аспауы керек. Қораның табиғи жарықтану коэффициенті 1:15 қатынасынын төмен болмауға тиіс.
Бос еркін байлаусыз ұстау – бұл тәсілді қазіргі кезде екі түрде қолданады: қалың төсенішті едендерде бос байлаусыз және арнайы бокстарда ұстау. (сурет 2)
Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау үшін қораның табиғи еденінің өсімдік қабатын (10 см) қырып үстіне, дезинфекциялық және ылғалдықты төмендету мақсатында, әр шаршы метр ауданға 0,5 кг есеппен қортылған хлорлы әкі (известь) салады да, оның үстіне 10-15 см қалыңдықта төсеніш (солома, торф салып, оны жинап шығармай мезгіл-мезгіл жаңартып үстіне төсеніш қосып, малды қолда ұстау мерзімінің аяғында төсенішті қыйымен қоса механикалық тәсілмен (бульдезер, қырғыш, транспортер т.б. пайдалы көрсеткіштерімен қатар айтарлықтай жиі шектеу келтіретін кемшіліктері де байқалады. Олар:
1.Малды жыл бойына қорада ұстайтын болса өте көп төсеніш қажет болады да, шаруашылықтын мүмкіншілігі болмай малдардың астынан сыз-суық өтіп, арытып күйінің төмендеуіне апарып соғады.
2.Қора ауасының ылғалдылығы жоғарлап, зиянды газдардың мөлшерінің көбеюі, мал денесінің ластанып, өнімінің сапасын төмендеуіне әсерін тигізеді.
3.Малдардың арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-бірін сүзіп жарақаттауы жиі байқалады.
Сондықтан мұндай ұстау тәсілі сүт өнімін алуға бағытталған шаруашылықтарда қолдану шектеліп, еттік бағыттылығы өндірістерде кең таралған. Сиырларды бос қалың төсеніште ұстаған кезде малдарды жігіне, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне байланыстырып шағын (25-30 бас) топтарға бөлу қаралады және қораның ық жағынан азық науалары қойылып, су құбырлары тартылған суруен алаңдары жасалып, ауа райының қолайлы кездерінде малдар өз еркімен кіріп-шығып азықтануына мүмкіншілік жасалады.
Малдарды бос еркін байлаусыз ұстаудың екінші түрі арнайы жасалған бокстарда бос немесе байлауда ұстау қаралады. Ол үшін қораның ұзын бойынан арнайы тұрақ орын-бокстар жасалады, яғни ұзындығы мал тұрқына сай, ені 1-1,2 метрден артпайтындай етіп, әртүрлі материалдармен ағаш, немесе металды екі жаны шектеліп бөлінген орын. Ондай орынның алдыңғы жағына азық науасы орнатылып, ал арт жағында арық жасалып, беті тор көзді еденмен жабылған көң жолы қаралады да, малдар боксқа еркімен кіріп, азықтанып, жатып дем алып, бірақ бұрылып (айналып) шыға алмай, тек шегініп қана бокс орнынан шығады да, мал нәжісі бокс еденін ластамай, көң жолына түсуі қаралған. Мұндай бокстардың санитарлық тазалығы сақталып, мал организміне жайлы болу үшін бокс орнының құрылымына мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1.Бокстің едені тегіс, суі өткізбейтін, жылу сақтайтын, көң жолынан
15-20 см биіктікте орналасуы керек.
2.Бокстің жанындағы бөлгіш сырықтардың төменгі шегі 45 см биікте (төмен болса мал жатқан жерде ұршығын соғып жарақаттаса, жоғары болса ұсақ мал астынан өтіп кетуі мүмкін), ал жоғары екінші шектеу бөлігі 55 см биіктікте орналастырылады.
3.Көң жолының ені 2,7 метрден кем 3 метрден артық болмауы қадағаланады. Себебі 2,7 метрден тар болса малдардың (ірі) бокстан шығуы қыйындайды, ал 3 метрден артық болса малдар көң жолының үстінде жатып дем алуына жағдай туады.
Ірі қара малдарын бокста ұстауға жабдықталған қоралардың микроклиматы сиырларды байлап ұстауға арналған қоралардағыдай болуға тиіс. Бокстардың арт жақ араларынан беті торкөзден өтіп арық түбіне түседі де, одан өздігінен немесе арнайы сырғыш транспортерлердің көмегімен тазалап отырады.
Арық бетіндегі торкөзді еден дұрыс жасалып, оған түскен мал қыйы бөгетсіз болуын қадағалау керек және мал тұяғына жайлы, қыстырылып қалмайтын болып жасалады. Бокстар қатары бірнеше бөліктерге (секцияға) бөлінеді. Ондай бөліктер малдардың жасына, сүтіне, бұзаулау мерзіміне қарап жасалады да, оларды азықтандыру, сауу және күту процестеріне негізделеді. Ондай топтағы сиырлардың саны көп болмауы қажет. Егер әр бөлікте 30-40 бастан артық болса, оларға бақылау жасау қиынға түсіп, олардың туу мерзімін, өнім мөлшерін, азық түрлерін қалыптау, соған байланысты топтау жүргізу ауырлайды. Әрбір секцияның сауу орнына және серуен алаңына шығатын есігі болуға тиіс.

2. 4 Ірі қараға арналған қора-жайға қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар.


Ірі қара малдарының қораларын жобалап – салу және пайдалану кездерінде оларға ветеринариялық-санитариялық бақылау жүргізу технологиялық жобалау нормаларына (НТП) және ветеринариялық-санитариялық ережелерге (СНИП) сүйеніп жасалады.
Әр малдардың түрі, жасы, тұқымы, бағыты ескеріліп оларға арналған жобалар сызылады. Ол жобаларды таңдау әр шаруашылықтың ерекшеліктеріне, ауа райы, жер орайы, малдарды күтіп-бағу жүйелеріне байланысты жүргізіледі.
Қандай болмасын ірі қара малдарына арналған өндірістерді жобалап-салу және пайдалану кездерінде ең басты ветеринариялық-санитариялық проблема малдарды әртүрлә аурулардан сақтау және олардан алынатын өнімдердің сапасының жоғары болуын қамтамасыз ету болып саналады.
Ірі қара малдарынан алынатын өнімдердің бағытына байланысты, оларға арналған шаруашылықтар (фермалар):
Ірі қара фермасы өндірістік бағыты, экономикалық және
климаттық жағдайларына қарай төмендегідей болады:

  • асыл тұқымды мал фермасы - негізгі мақсаты жаңа тұқым
    шығару және қолда бар ірі қара тұқымын жетілдіру, аса бағалы
    асыл тұқымды төл өсіру;

  • тауарлы ферма - сүт, сиыр етін және аралас, яғни сүт-ет
    өндіреді;

  • одан әрі өсірілетін, яғни табын толықтыратын (тауарлы
    фермалар үшін) төл өсіреді;

  • ірі қара бордақылайтын арнайы ферма.

Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда малды күтіп-бағу әдісі
мен ферманың бағытына қарай 50, 100 және 200 сиырлық қоралар,
жаңа туған бұзаулар үшін профилакторийлер мен бұзаулау
бөлімдері болуы керек. Бұлардан басқа төлді одан әрі өсіретін және
бордақылайтын қора-жайлар және қолдан ұрықтандыратын орын
қарастырылады. Сүт фермаларында, сондай-ақ сүт блоктары мен сауын
залдары сиырды күтіп-бағу әдістеріне қарай орналастырылады.
Ірі қара шаруашылықтарын жобалау, салу және пайдалану ірі
қара қора-жайларын технологиялық жобалау нормасына сай (НТП-1-89) жүргізіледі.
Сиырларды байлап баққанда көп қатарлы мал орындары
қолданылады. Ол үшін мал орындарының екі қатарлы жалпы азық
жолымен немесе қи жолымен біріктіріледі. Әр үздіксіз қатарға 50
орыннан (секциядан) артық жасауға болмайды. Сиырлардың әрбір
секциядан серуендету алаңына, серуендету-азықтандыру ауласына
немесе өріске шығу ыңғайлылығы қамтамасыз етілуі тиіс. Сиыр
қорасының ортаңғы немесе бүйір бөліктеріне сүт бөлімі орналас-
тырылады. Сиыр қоралар бір қабатты етіп салынып, төбесі жылы-
ландырылып, желдетілетін жабынмен немесе шатыр жабынымен
жабылады.
Малды байлап бағылатын сиыр қоралардың еденіне өте
жоғары талап қойылады. Ол мал тұратын орындарда не тұтас, не
жартылай жабық торлы етіп салынады. Еден жылы болуға, жылу
сіңімділігі 12 ккал/м2°С-тан аспауы тиіс. Егер бұл көрсеткіштен
асып кетсе, онда сиырлар өз денесінен еденді жылытуға көп шығын
шығарады да организмнің тым сууына әкеп соқтырады. Соның
салдарынан, мал өнімділігі төмендеп, азық шығыны артады. Мыса-
лы, 12 сағатта 1 м2 ағаш не бетон еденді жылытуға сағатына 100
ккал жылу жұмсалса, жылудың жұтылуындағы айырмашылық ол
калориясы бойынша 2 л сүтке сәйкес келеді.
Мал сабан төсенішсіз ұсталса, оның орнына резина төсеніштер
пайдаланылады, сондай-ақ торлы едендер (пайдалану мерзімі
шектеусіз) де кеңінен қолданылады.
Германия, Щвейцарияда (оңтүстік бөлігінде) көптеген мал
қораларының едені ірі қара төлін ұстау үшін жарым-жартылай
саңылаулы етіп салынады. Сонда малға әрі жылы, әрі ыңғайлы
болады.
Еден құрылысы сиыр қорадан қи шығару әдісімен анықталады
(скреперлі, штангалы, шнекті, гидравликалық және т.б.).
Сиырлар тынығу үшін арналған орынның өте үлкен мәні бар.
Малды байлап баққан кезде сауын сиырларына, суалған сиырларға,
тұмсаларға деген орын нормасы тауарлы фермаларда 1,7-2,3 м2-ге
тең, асыл тұқымды фермаларда - 2,1-2,4 м2 (ұзындығы 1,8-2,0 м
және ені 1,2 м).
Тәжірибенің көрсетуінше мал тұратын орын қысқа (110-140
см), торлы жағы ұзын (60-75 см) болса, ол орын суып, сиыр
желініне зиян келтіріп, желінсауға шалдығады, тұяқтарына зақым
келеді. Еденнің торлы жағының ұзындығы 40 см, саңылау аралық-
тары 3,5-4,5 см, сырықтарының ені 8-12 см аспауға тиіс.
Мал тұратын орын енінің еңістігі 2°С шамасында болу керек.
Оның, яғни мал тұратын орынның тым қысқа болмағаны жөн.
Өйткені, мал артқы аяқтарын бүгіп тұруға немесе орынның ең шетін басып тұруға мәжбүр болады. Содан тайғанақтай береді.Соның салдарынан тұяқтары ауруға шалдығады.Мал тұратын орынның әрбір қатарының ішкі жағын қуалай оттықтар қойылды. Оның ұзындығы мал тұратын орынның еніне сай келуге тиіс. Олардың үстіңгі ені 0,6 м, түбіндегі ені 0,4 м тең;
алдыңғы жақтауының биіктігі 0,3 м, мал мойнын салатын ойықтары
0,1 м, ал артқы жақтауының биіктігі 0,60-0,75 см-ге тең.
Оттықтардың түбі мал тұратын орынның табанынан 5-7 см биік
болуы керек.
"Бас жіп" конструкциясы сиырдың жатып-тұруына ыңғайлы
болуға тиіс. Қазір Грабнердің қысқа жеке-жеке "бас жібі" мен
Калмыковтың тіркемелі жүйесі кең тараған.Сауын малына автоматты "бас жіп" сенімді әрі ыңғайлы да қауіпсіз. Бұл жабдықтар малды оттық алдында жеке-жеке автоматты түрде шешілуін, яғни босауын қамтамасыз етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет