Реферат Тақырыбы: Зертханалық жағдайларда ірі-қара малдармен жұмыс жасау тәртібі


Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту-



бет3/10
Дата21.12.2022
өлшемі78,09 Kb.
#163600
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Алибаева Нуржанат Реферат (1)
1. Ежелгі дүние 21, 1530649913
Жартылай тұрғызып, жартылай бағып-күту-жүйеге жоғары коцентрациялы сүт және сиыр етін өндіру кешендеріндегі жануарларды қабылдайды. Бұл жүйеде тек экономикалық тұрғыдан ғана пайдалы болып есептеледі. Технологиялық азықтандыру жүйесінің бұзылуы және гигиеналық, ветеринариялық-санитариялық тәртіпті сақтамау салдарынан жануарлар әртүрлі ауруларға душар болады.
Топтық цехтік жүйе-бұл сиырларды ұстаудың дамыған түрі болып саналады. Бұл жүйе жануарлардың жағдайын жақсарту, рационды азықтануға мүмкіндік береді.Топтық-цехтік жүйеде табынды жалпы төрт топқа бөледі.Ет және сүт өңдеу кешендерінде байлаулы,байлаусыз терең төсемеде, байлаусыз бокстарда ұстау тәсілдері қолданылады. Өндірілетін өніміне байланысты ipi қара малдарының фермалар — тұқым және товарлық болып бөлінеді. Тұқымдық фермалар негізінен олардан жаңа тұқым алу және ескілерін жақсарту, тұқымдық жас төлдерді өсірумен айналысады. Ал товарлы фермалар негізінен ет және сүт өнімдерін алуға бағытталады. Сондықтан ipi қара малының фермалары сүт, ет бағытындағылар болып бөлінеді. Сүт, бағытындағы фермаларда малдарды байлап және бос ұстау тәсілдері тараған болса, ет бағытында көбінесе бос ұстау тэсілі тиімді болып есептеледі.

2.2 Мал қораларының ішкі орналасуын сипаттау


Ipi қара малдарының фермаларының құрамында: сиыр қоралар, ұрықтандыру пункті, бұзаулау бөлімі, жас малдардың (тайынша - торпақтар) қоралары, сүт алып, өңдеп, сақтайтын бөлме және жабдықтар, азықтар, төсеніш тұратын қосымша бөлмелер болады. Ipi қара малдың фермасында сүт сауу, өңдеу бөлмелері сиыр қораларымен қосып немесе екі сиыр қораның арасынан жалғастырып салуға, қолдан ұрықтандыру пунктін сиыр қоралардан таяу жерге орналастырып, жобалайды.


Байлап ұстауға арналған сиыр қоралардың ішіне байлау орындарын екі қатарлы және азық тарату тұрақты транспортерлер арқылы болса, оның ені 10,5м, ал азықты көлікпен тарату жоспарланса — 12 м болғаны дұрыс.Жалпы сиырлар байланатын орындар малдың үлкендігіне байланысты үш түрлі болады. Кіші орындар - 1,45-1,70м, орташа — 1,70-1,90м және ұзын орындар — 1,90-2,20м. Байлау орындарын екі қатарлы орналастырған кезде малдардың бастарын бip-бipінe қаратып, бір азық тарататын, екі көң шығаратын жолдар қалдырып немесе мал бастарын шеткі ұзын қабырғаларға қаратып, екі азық, бip - көң таситын жолдар қалдыруға болады. Егер, сиырдың байлау орындарын қорада төрт қатарлы етіп орналастырса, азық тарататын механизмге байланысты қораның енін 18м және 21 м, яғни үлкейтілген болады. Мұндай байлау орындары төрт қатарлы болып жоспарланса, екі азық тарататын, үш көң шығаратын жолдар қаралады, яғни екі малдардың бip-бipiнe қараған шеткі екі қатарында екі азық жолдары, ал ортада және екі шеткі ұзын қабырғалар бойымен үш көң жолдары болады.
Азық және көң жолдарын сиыр қораларында оларға пайдаланылатын механизмдерге есептеп қалдырылады. Азықты жер бeтi қол арбаларымен тарату белгіленсе, азық жолының ені -1,2 м, ал механикаландырылған көлікпен болса — 2,4 м есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет