Реферат Тақырыбы: Зертханалық жағдайларда ірі-қара малдармен жұмыс жасау тәртібі


Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады



бет5/10
Дата21.12.2022
өлшемі78,09 Kb.
#163600
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Алибаева Нуржанат Реферат (1)
1. Ежелгі дүние 21, 1530649913
Ірі қара малдарын ұстау жүйелерінің негізіне байланысты әртүрлі тәсілдер қолданады.

Ірі қара малдарына арналған шаруашылықтарда көбінесе екі тәсіл қолданылады.










Байлаусыз еркін ұстау.



Тұрғызып байлауда ұстау.

1)Тұрғызып байлауда ұстау– сүт өнімдерін өндіруге арналған шаруашылықтарда, кей кездерде малдарды интенсивті түрде, жедел семіртіп ет алу үшін қолданылады. Мұндай тәсілмен ұстау үшін арнайы сиыр қоралар қаралады да олардың ішінен байлау органдары (тұрақ орын), байлауыштар, азық науалар мен су құбырлары және олардың арасынан азық таратып, көң тазалайтын, малдар мен адамдар жүретін жолдар қалдырылады. Мал басының мөлшеріне байланысты мал тұратын орындарды екі немесе төрт қатарлы қылып жасайды. Көбінесе қорадағы малдың саны жүзге дейін жоспарланса екі қатарлы, ал 150 одан артық болса төрт қатарлы тұрақтар қаралған жөн. Қора ішінде мал тұратын орындар екі қатар орналасатын болса ондай қоралардың ендерінің ішкі өлшемі 12-15 м, ал төрт қатарлы болса 18-21 м жасалады. Малдардың ірілігіне байланыстырып, қора ішіне үш түрлі размерде тұрақтар қаралады.
1)ұзын тұрақ – ұзындығы 190-220 см, ені – 120-150см. мұндай тұрақтар салмағы 500 кг-нан жоғары ірі сиырлар мен бұқаларға және сиыр бұзаулайтын бөлмелерде жасалады
2)Орташа тұрақтар – ұзындығы 170-190 см, ені – 100-120см.
3)Кіші тұрақтар: ұзындығы 145-170 см, ені – 80-100см, көбінесе жас малдарды (тайынша, құнажын) және бордақылауға арналған өгізшелерді байлап тұрғызып семірту кезінде жасалады.
Малдар байланатын тұрақтарға мынадай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1)Тұрақты орны тегіс, тайғақ емес, ойық шұңқыры жоқ, сәл артқы жаққа қарай су ағар еңістігі бар (1 градустан аспау керек) болу қажет.
2)Тұрақ орнының астына сұйық өтпейтін, яғни мал нәжістері өтіп, сіңіп, одан зиянды газдардың (аммиак, күкірітті сутегі) бөлінуіне жол бермеуі керек.
3)Тұрақ орындары мал организміне жайлы, жылу өткізгіштігі төмен, су сіңіргіш емес, құрғақ материалдардан жасалуы керек.
4)Тұрақ орындары сыртқы факторлардың және химиялық ерітінділердің (дезинфекциялық) әсерлеріне төзімді болу керек.
Мұндай талаптарға көбінесе ағаш материалдардан жасалған, жасанды керамзит қиыршықтарынан, беті кордо-резинді материалдар мен қапталған тұрақ орындар сәйкес келеді. Қораның ішкі жабдықтары (сурет 1).
Қорада малдардың тұрақтарының алдыңғы жағына азық науалары орналастырылады. Оларды әртүрлі материалдардан (ағаш, кірпіш, бетон) жасап ені-үстінен есептегенде 60см, түбінен – 40см, алдыңғы қабырғасының биіктігі – 30см, ал сырт қабырғасы – 70 см жасалады да, ішкі бетіне байлауыш бекітетін орын және әрбір екі тұраққа арналған бір су құбырын (автопоилка) орналастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет