Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования


Қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау жұмысын



Pdf көрінісі
бет16/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

 
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау жұмысын 
ұйымдастыруды әрқайсысының өз міндеттері, құралдары мен 
әдістері бар үш кезеңге бөлуге болады.
Кәсіби бағдарлаудың бірінші кезеңіне 4-6 сынып оқушыларымен 
жұмыс 
жатады. 
Бұл 
кезеңнің 
міндеттері 
– 
балалардың 
қызығушылықтары мен икемділіктерін, алғашқы кәсіби ниеттерін 
анықтау; кәсіби өмірлік жолын таңдаған жағдайда адамгершілік, 
саналы және еңбек сипатының негіздерін тәрбиелеу болып табылады. 
Бұл міндеттерді шешу үшін түрлі институттар мен кәсіпорындарға 
экскурсия жүргізу; мамандық таңдау жөніндегі телехабарларды 
талқылау; мамандық таңдаудың маңыздылығы және т.б. туралы сұхбат 
жүргізу ұсынылады. 4-6 сынып оқушыларымен кәсіби бағдарлау 
бойынша үлгі жұмыс жоспары оқушының жеке тұлғасын зерттеу
мамандық таңдау және т.б. тақырыптарға сұхбат өткізуін енгізуі 
мүмкін.
Балалармен кәсіби бағдарлау бойынша жұмыстың екінші кезеңі 
келесі міндеттерді шешеді: өз қабілетін іздеуге көмек көрсету
келешектегі кәсібімен терең танысуында оқушыларға көмек беру; өзін-
өзі дұрыс бағалауы, кәсіби идеалын қалыптастыру. Бұл жеке сұхбаттар, 
«Сирек ұшырасатын кәсіптер» тұсаукесері, мектеп түлектерімен 
кездесу; таңдаған кәсібі бойынша сайттарды қарау және т.б. өткізумен 
жеткізіледі. 7-8 сынып балаларымен кәсіби бағдарлау бойынша үлгілік 
жұмыс жоспары олардың жеке басын, қызығушылықтары мен 
қабілеттерін, сонымен қатар нақты әрекетке икемділігін үйренуді 
қарастырады.
Үшінші кезең (9-10-11 сыныптар) – бұл мектеп оқушыларының 
кәсіби өзін өзі анықтау кезеңі. Бұл кезеңде келесі міндеттер шешіледі: 
таңдаған кәсібі бойынша тәжірибелік әрекетін ұйымдастыру; икемділігі 
мен қабілетін тексеру және оларды әрі қарай дамыту; тұрақты кәсіби 
қызығушылығын 
қалыптастыру; 
қажетті 
кәсіби 
ептіліктерді 
қалыптастыру бойынша балаларды өз бетінше жұмыс істеуге 
ынталандыру; жеке кәсіби құндылықтарды қалыптастыру.
9-11 сыныптар үшін үлгі жұмыс жоспарына келесі нысандар мен 
әдістерді енгізуді ұсынамыз: жеке сұхбаттар; назарын кәсіптің тек 
жақсы тараптарына ғана емес, оның қиыншылықтарына да 
акценттеумен кеңестер; «Кәсіп әлемінің алуан түрлілігі» мамандықтар 
фестивалі, «Кәсіпке суреттеме» компьютерлік тұсаукесерлер байқауы, 
«Мамандықтар әлемінде» тренингті дәрістер, профессиограмма әдісі 


17 
«Мамандықтар анатомиясы», Үздік кәсіби бағдарлау жобасы, болашақ 
кәсіпқой – оқушылардың үздік портфолиосы байқауы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет