Нақты мамандық иесіне - адамға деген қатынасты кәсіпке
аудару.
Егер бізге нақты бір адам ұнаса немесе ұнамаса, ол еш уақытта
оның мамандығының сипаты болып табылмайды және бізге онымен
шұғылдану керектігін айғақтамайды. «Жақсы адам» - ол кәсіп емес.
Әрине оған ұқсағың келеді, бірақ ол жеке тұлғаның қадір-қасиеті мен
еңбекке деген жалпы қатынасына қатысты, ал нақты әрекеттің түріне
қабілеттілікті ауыстырмайды.
Ал егер, керісінше, бізге қандай да жағымсыз, өзінен бездіретін
біреу кезіксе? Кейде бұл жағдай оның кәсібінен де алшақтатуы мүмкін:
«Оған ұқсағым келмейді». Бірақ, келісіңіз, дәл сол жағдайда тура
қарама-қайшы шешім болуы мүмкін: «Мен ол сияқты емес, керісінше,
осы кәсіптің жақсы өкілі боламын»!
Демек, кімге қалай еліктеу, сонымен қатар кәсіби таңдаудағы
жауапкершілікті шешу бәрібір өзімізге байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |