Тапсырма Қазақ халқының дүние танымындағы өзін-өзі танудың орны



бет1/6
Дата27.05.2022
өлшемі93,99 Kb.
#145250
  1   2   3   4   5   6




  1. Тапсырма




  1. Қазақ халқының дүние танымындағы өзін-өзі танудың орны.

Ата-баба дәстүрі ұрпақтар игілігі. Өткеніңді білмей, бүгінгіні түсіну мүмкін емес. Халықтың ата-баба мұрасының баға жетпес рухани байлықтары – тілі, діні, тарихы, әдебиеті, табиғи ортасы, инабаттылығы мен имандылығы, ізгілігі мен адамгершілігі – қысқасы ұлттың бүкіл болмыс бітімі. Ұрпаққа берілетін идеяның ең өзекті тұғыры - халықтың адами қасиеттер болуы тиіс. Қай халық болсын өзіне ғана дараланып тұратын ерекшелігінің бірі- тәрбие. Бұл ерекшеліктер ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирасқа қалып отырады.
Адамгершілік – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты ізгілік ұстанымдарын бейнелейтін моральдік қасиет. Мұнда адамдарға деген ізгі ниеттілік, құрмет, жанашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттер қамтылған.
Сондай-ақ тұлғаның ар-ожданын, танымдық қызығуларын кешенді дамытады. Адамгершілік- адамды сүюді және оның бостандығын, құқықтық қадір-қасиетін құрметтеуді, рақымшылдық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады. Өз елінің, халқының ортасында өмір сүре отырып, оның салт-сана, әдет-ғұрыптарынан тысқары тұратын адам жоқ. Себебі адам қоғамда өмір сүреді, қоғам одан өзінің әдептілік-инабаттылық нормаларын, дәстүрлік, салт-саналық, тәлім-тәрбиелік қағидаларын, көнеден орныққан жол-жосынды орындауды, сақтауды талап етеді.



  1. Өзін-өзі тану аспектісіндегі жеке тұлға психологиясы туралы.

Этнопсихология – әрбір халықтың рухани әрекетін, жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдер деп есептейді. Жеке тұлға – бұл адамның қоршаған әлемге дербес бейімділігін анықтайтын, оның мінезінің, темпераментінің, интеллектісінің және дене құрылысының азды-көпті тұрақты құрылымы.
Жеке тұлғаға білім мен тәрбие беретін қоғам алдына қойылатын талап-тәуелсіз еліміздің азаматын тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімін ояту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілік көзқарасын қалыптастыру. Бүгінгі ұлттық тәрбиенің мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтарға тарту, біртұтас әлем туралы ғылыми көзқарас қалыптастыру болуға тиіс.
Этностық тәрбиенің түрлі аспектілері сөз болған бірқатар зерттеулерде халықтық педагогикалық білімдерінің жиынтығы ішінде, әсіресе патриоттық тенденциялардың, отбасы және адамгершілік жайлы қағидалардың эстетикалық, еңбек және ақыл-ой мәселелеріне қатысты түсініктердің орнын бөліп айтады. Этнопедагогика өзінің ішкі құрылымымен сан-салалы ғылымның басын қосатын аса күрделі білім саласы.
Халықтық педагогиканың әдіс-тәсілдері жеке тұлғаның адамгершілік, жалпы адамзаттық құндылықтарды, мінез-құлық ерекшеліктерін меңгеруге көмектеседі.
Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу - баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орынын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Оған жету жолы сан түрлі. Соның бірі - өзін-өзі тану.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет