Тапсырма Қазақ халқының дүние танымындағы өзін-өзі танудың орны


Педагогикалық ой-пікір тарихындағы қалаптанудың гуманистік бағдарлары туралы қандай білімдеріңіз бар



бет2/6
Дата27.05.2022
өлшемі93,99 Kb.
#145250
1   2   3   4   5   6
Педагогикалық ой-пікір тарихындағы қалаптанудың гуманистік бағдарлары туралы қандай білімдеріңіз бар.

Гуманистік психологияда өзін-өзі тану тұлғаның өзіндік даму жағдайымен, өзін-өзі жетілдірумен қарастырылады. Бұл бағыттың өкілі американдық ғалым К. Роджерс адам құрамын реалды «Мен» және идеалды «Мен» деп бөліп көрсетеді, ал адам өміріне әсерін тигізетін әлеуметтік ортаны қосымша етіп алады.
Реалды «Мен» - өзі туралы ой, сезімі, талпынысы тағы солсияқты елестету жүйесі.
Идеалды «Мен»- адам болашақта қандай болғысы келетiнi, терең ойлауы мен өзiнiң тәжiрибесi.
Әлеуметтік орта - бұл басқа адамдардың баға беруi (адамның құндылығы, көзқарасы, iс-әрекетi, нормасы тағы сол сияқты).
Реалды «мен» және идеалды мен өзара сәйкес келмеуi мазасыздықты, әрекеттiң бейiмделе алмауы, әртүрлi психологиялық мәселелер туындайды.
Сонымен, В.Г. Маралов бойынша өзiн-өзi тану - өзiндiк тәжiрибенi меңгеру құралы: адам өзiн-өзiн тануда тұлғалық өсу қабiлетiн, өзiн-өзi жетiлдiру, өмiр қуанышын сезiну, өмiр мәнiн түсiне алуы. Өзiн-өзi танудың мәнi позитивтi және негативтi болып екiге бөлiнедi.
Позитивтi мәнi – кез келген жұмыс жағдайы, белгiлi бiр мақсатқа жету үшiн, жұмыс сәттi болу үшiн талаптың қойылуы, қарым-қатынасты нығайтуда, өз мүмкiншiлiгiн арттыру және бұл қасиеттердi адам өз бойынан тануы.
Негативтi мәнi - өзi жайлы жақсы танып бiле алмағандықтан, адам күштi және әлсiз жақтарын мұттәйiм мақсатта қолдануы, өз амбициясын, өз талаптарын қанағаттандыру тағы басқа.
Психологияда өзін-өзі тану саласын алғаш атап көрсеткен американдық психолог У. Джеймс. Сыртқы дүние арқылы өзiн-өзi тану - қарым-қатынаста, iс-әрекеттi орындауда өз қылығын бағалау, өз мүмкiншiлiгiн және қабiлеттiлiгiн көрсете алу. Iшкi дүние арқылы өзiн-өзi тану - уайымдау, сезiм, арман, ой, қалау тағы сол сияқты iшкi дүниенi сыртқа шығарып, тану үшiн қызықты жұмыспен шұғылдану абзал.

  1. тапсырма

  1. Абайдың қара сөздерін (он бесінші сөз) оқыңыз, өзін-өзі таңу мен салыстырыңыз. Қандай ой туады?

Данышпан ақын адам баласының бойына бітер қасиеттерінің бірі ақыл мен оған қарсы ақылсыз кісінің өне бойында болатын істерін салыстырған. Ақылды адам істеген ісін құмарланып, қызығып, сүйсіне жасайды. Алдынан жақсылыққа есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын түзу ұстап ізденеді.
Ал ақылсыз адам көзі тоймай, аз ғана жеткен табысын көтере алмай, төңірегіндегілерден артына сөз ілестіреді. Олардың өмірді мәнсіз, мағынасыз, бос өткізгеніне өкінгеннен еш пайда жоқтығы айтылған.
Осы кезде оқушыларға қанағат және қанағатсыздық ұғымдарын салыстырып ұғындыру, еліктіретін, қызықтыратын дүниеге өз сезімдерін тежеп, ойына іс-әрекетіне сыни көзбен қарауын дамыту керек. Қанағат сезімдерін басқара алуға тәрбиелеу керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет