Портфолио құрылымы.
Портфолио төрт міндетті бөлімдерден
тұратын қызметтік паканы ұсынады: «Менің суретім», «Құжаттар
портфолиосы», «Жұмыстар портфолиосы», «Пікірлер портфолиосы».
Оқушы өз қалауы бойынша, мысалы, «Жинақ сандықша» бөлімін енгізе
алады. «Менің сруетім» бөліміне мақсат, өзін өзі
талдау, психологиялық диагностика нәтижелері,
өмірбаян кіреді. «Құжаттар портфолиосы» бөлімі
әртүрлі қызмет түрлеріндегі жеке жетістіктерін
растайтын
сертификатталған
құжаттар
(көшірмелері): қосымша білім беру мекемелерінде
өткізілген
байқаулар,
пәндік
олимпиадаларға
қатысқаны үшін дипломдар және грамоталар,
пәндер
бойынша
өткен
курстары
туралы
сертификаттар, тестілеу нәтижелері туралы, «Менің
жетістіктерім» кестесі, сынақ кітапшасы/қағазы (кәсіби, кәсіпалды
мектеп) болуы мүмкін.
«Жұмыстар портфолиосы» бөліміне шығармашылық жұмыстар
(жобалар, баядамалар, бейнежазбалар, үлгілер), түлектің түрлі
тәжірибелерге қатысқан куәлігі, «Іс-шаралар және әлеуметтік
тәжірибелерге қатысуым» кестесі енеді. «Пікірлер портфолиосы»
мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: аяқталған мәтіндер, сараптама пікір,
пікірлер, қосымша білім беру ұйымдары, мектеп педагогтерінің
ұсынымдама хаттары, оқушының эссесі. Жетістіктер портфолиосы
келесі ұстанымдар енетін оқушының жеке білімдік есебі болып
табылады:
қорытынды аттестация нәтижесі (орташа балл);
қосымша білім беру олимпиадаларында, байқауларда, спорт
жарыстарындағы жетістіктері;
шығармашылық жұмыстары;
іс-шаралар және әлеуметтік тәжірибелерге қатысуы.
|