Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



Pdf көрінісі
бет75/194
Дата07.02.2022
өлшемі3,33 Mb.
#93961
түріМетодические рекомендации
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   194
Байланысты:
Қосымша білім берудегі кәсіби бағдар

Қорытынды 
 
Өткізілген жұмыстар нәтижесінде балаларды кәсіби бағдарлау 
саласында қосымша білім беру педагогінің қызметі қарастырылған; 
жұмыстың негізгі бағдарлары сипатталған; кәсіби өзін өзі танудың даму 
кезеңдері және кәсіби бағдарлау жұмысының ерекшеліктері 
көрсетілген; қосымша білім беру педагогінің балаларды кәсіби ағарту 
жұмысы қарастырылған; балаларға кәсіби кеңес беру талданған; кәсіби 
бағдарлау жұмысының негізгі ұйымдастыру қағидаттары анықталған; 
кәсіби бағдарлау көмегінің ұйымдастыру үлгілері және бағдарламалар 
әзірлеу негіздері сипатталған. 
Қосымша білім беру педагогінің балаларды кәсіби бағдарлаудағы 
рөлі мектеп, отбасы, барлық қоғам жүзеге асыратын кәсіби 
бағдарлаудың біртұтас көп қырлы үдерісіндегі педагогикалық 
ұжымның жетекші ұстанымын шарттайды. Қосымша білім беру 
педагогі балаларға қабілеттері мен икемділіктерін білуге көмектеседі, 
олардың кәсіби қызығушылықтарын дамытуды бағыттайды.
Қосымша білім беру педагогі педагогикалық жағдайларға, өзінің 
жеке 
мүмкіндіктеріне, 
балалардың 
қызығушылықтары 
мен 
қабілеттеріне байланысты кәсіби бағдарлау мақсаттарына жету, 
жастарды кәсіп таңдауға дайындаудың кең ауқымды міндеттерін іске 
асыру үшін, тұлғаға әрекет ету әдістері, кешенді педагогикалық 
құралдар кешенін жинақтай білуі керек.
Жеке тұлғаға арналған тәсілдер негізінде кәсіби бағдарлауды 
ұйымдастырудың белгіленген педагогикалық шарттарын қамтамасыз 
ету және жүзеге асыру кәсіп таңдаудың мәнді ішкі жеке уәждемесін, 
өзін өзі оң бағалауды қалыптастыруға, кәсіби өзін өзі анықтауға және 
кәсіп таңдауға дайындыққа, кәсіби қызығушылықтарын дамытуға 
ықпалын тигізеді.
Сонымен қатар, кәсіби бағдарлау жұмысы белгілі кәсіп кадрына 
елдің сұранымдары және тұлғаның мүмкіндіктері, икемділігі, 
қызығушылықтарына сәйкес қоғамның еңбек қорларын тиімді бөлуге 
көмек көрсетеді.


59 
Негізгі теориялық нәтижелер 
Педагогикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижелері қосымша 
білім беру жүйесіндегі балалармен кәсіби бағдарлау жұмысының 
үдерісінде қолданылған жеке тұлғаға бағдарланған технологиялардың 
тиімділігі туралы куәландырады.
Осыған байланысты, қосымша білім беру педагогінің кәсіби 
бағдарлау қызметінің тиімділігін арттыру тұрғысынан жеке тұлғаны 
дамытатын 
шығармашылық 
технологиялардың 
мүмкіндіктерін 
зерттеуді талап етеді.
Қосымша білім беру жүйесіндегі педагогтердің жұмысында 
қолдануы үшін кәсіби бағдарлау сипатындағы әдістемелік материалды 
әзірлеу осы бағыттағы жұмысты жақсартуға ықпалын тигізетін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   194




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет