64
9-сынып оқушыларына тиімді психологиялық-педагогикалық
қолдау;
бойжеткен мен бозбалалардың алдағы уақытта тұлға ретінде даму
келешегін ашу;
жастарға өз өмірлік жоспарын анықтауға көмектесу, соған
байланысты іс-әрекет алгоритмін жасау.
Міндеттер:
жасөспірімдер үшін «ақпараттық кеңістік» қалыптастыру;
өзін-өзі тану, мақсат қою мен жоспарлау бойынша білік пен
дағдыны дамыту құралдарымен қамтамасыз ету;
өзін-өзі дамыту, тұлғалық өсу уәждемесін қалыптастыру;
әрбір оқушыны психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
оқушының жеке тұлғасының даму уәждемесі;
мамандықты саналы түрде таңдау үшін жағдай жасау;
таңдау жасауға жауапкершілік сезімін ояту.
Курс бағдарламасы «қадамдар» - сабағын қарастырады, олар
дәстүрлі сабақ түрінде өтеді, психология және кәсіптану негіздері
бойынша қажетті теориялық ақпаратпен танысады, өзін-өзі тану мен
рефлексияны белсендіретін рөлдік ойындар, жаттығулар, шешім
қабылдау және дау-жанжалсыз қарым-қатынас орнатуда практикалық
дағдыларын бойынша психодиагностикалық тест, тренинг түрінде
өтеді. Курста бақылау, оқушылармен және олардың ата-аналарымен
әңгімелесу және кеңес беру сияқты әдістер қолданылады.
Курс сабақтары аптасына 1 рет өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: