63
14
Кәсіби маңызды
қасиеттер
1
Тұлғаның кәсіби
маңызды қасиеттері
туралы түсінік
қалыптастыру.
Өзінің жеке
қасиеттері
рефлексиясы.
Топтық жұмыста
өзін-өзі ұстау
икемділігін
қалыптастыру.
15
Сіз көшбасшысыз ба?
1
Белсенді өмір
салтын қалыптастыру.
Өзін-өзі дамытуға
талпыну.
16
Кәсіби
маман
құндылықтары
1
Өмірлік
құндылықтар
рефлексиясы.
Өзіндік сана
деңгейін жоғарлату.
Өзін-өзі дамытуға
талпыну.
17
Мамандық
пен
денсаулық
1
Адам денсаулығы
туралы теориялық
түсінік қалыптастыру
және денсаулық
мамандық таңдауда
қалай ескерілуі
қажеттігі туралы.
«Мамандыққа қадамдар» таңдау курстары
Өзектілігі.
Бүгінгі таңда әрбір үшінші жасөспірім мектеп
табалдырығын қандай мамандықты таңдайтынын білмей аттап шығады.
Сондықтан білім беру ұйымдарында кәсіби бағдар беру жұмысының
мағынасы жасөспірімнің өз бетімен өмірін жоспарлауға, кәсіби
жоспарын және қызығушылықтарын жүзеге асыруға ішкі дайындығын
қалыптастыру болып табылады.
Тұлғаның
эмоциялық, әлеуметтік, психологиялық қалыптасуы
мектепте жүретінін ескеріп, білім беру үдерісінде мектеп
оқушыларының мамандық таңдауда психологиялық дайындығын
қалыптастырудың барлық мүмкіндіктерін пайдалану керек.
«Мамандыққа қадам басу» бағдарламасы мектеп оқушыларына
күрделі өтпелі кезеңде көмектесуге арналған. Ол
жас ерекшелігін
ескеріп жасалатын дәстүрлі емес белсенді жұмыс формасының бірі.
Мақсаты:
64
9-сынып оқушыларына тиімді психологиялық-педагогикалық
қолдау;
бойжеткен мен бозбалалардың алдағы уақытта тұлға ретінде даму
келешегін ашу;
жастарға өз өмірлік жоспарын анықтауға көмектесу, соған
байланысты іс-әрекет алгоритмін жасау.
Міндеттер:
жасөспірімдер үшін «ақпараттық кеңістік» қалыптастыру;
өзін-өзі тану, мақсат қою мен жоспарлау бойынша білік пен
дағдыны дамыту құралдарымен қамтамасыз ету;
өзін-өзі дамыту, тұлғалық
өсу уәждемесін қалыптастыру;
әрбір оқушыны психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
оқушының жеке тұлғасының даму уәждемесі;
мамандықты саналы түрде таңдау үшін жағдай жасау;
таңдау жасауға жауапкершілік сезімін ояту.
Курс бағдарламасы «қадамдар» - сабағын қарастырады, олар
дәстүрлі сабақ түрінде өтеді, психология және кәсіптану негіздері
бойынша қажетті теориялық ақпаратпен танысады,
өзін-өзі тану мен
рефлексияны белсендіретін рөлдік ойындар, жаттығулар, шешім
қабылдау және дау-жанжалсыз қарым-қатынас орнатуда практикалық
дағдыларын бойынша психодиагностикалық тест, тренинг түрінде
өтеді.
Курста бақылау, оқушылармен және олардың ата-аналарымен
әңгімелесу және кеңес беру сияқты әдістер қолданылады.
Курс сабақтары аптасына 1 рет өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: