71
Бағдарламаның мақсаттары және міндеттері.
Бағдарламаның негізгі мақсаты: танымдық белсенділікті, еңбек
субъектінің дамуын қамтамасыз ететін жастардың еңбек танымы мен
өзін-өзі тануының ішкі (психикалық) реттегіштерін белсендіру.
Әрбір адам еңбекке қабілетін өзінше пайдалануға құқығы бар.
Бұл бағдарламада «еңбек еркіндігі» 30 мыңдай түрі бар мамандықтар
әлемінде болу деп түсіндіріледі. Ал «еңбекке қабілетін еркін
пайдалану» деген өз икемділігі мен қабілеттерін біле тұра оларды
мамандық қоятын талаптарды ескеру. Кәсіптану білімі географиялық
іліммен туыстас. Егер география сабағын оқыту мектепте ұзақ уақыт
алса, кәсіптануға тіпті технология сабағында да көңіл бөлінбейді. Осы
себептерге байланысты мамандықты өз бетімен таңдау әр адам үшін
қиын, сондықтан психологиялық-кәсіби бағдарлау бойынша кеңес беру
көмегін қажетсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: