Бағдарламаның міндеттері. 1. Мамандықтар әлеміндегі еңбек туралы ғылыми және
практикалық пәндердің мәнін сипаттайтын оқушыларды мамандықтар
әлеміне байланысты экономикалық, заңнамалық, психологиялық
әдебиеттермен таныстыру.
2. 5125 сипаттаманы қамтитын Халықаралық еңбек ұйымы
қабылдаған Мамандықтар әлемі бейнесінің моделімен таныстыру.
3. Әріптік-сандық түрде тіркей алатын күнделікті және еңбек
белсенділігінің 53 психологиялық сипаттамасының мазмұнын бірдей
меңгеру.
4. Оқушылар меңгерген сипаттамалардың негізінде 240 мамандық
пен кәсіпті қамтитын өзінің жекелей мамандықтар әлемінің моделін
жасау. Яғни, бағдарлама мамандар жұмысының бақылауын қоса
алғанда, кәсіби қызмет туралы дереккөздердің мәтіндік сипаттамасын
негізінде кез келген мамандық немесе кәсіп формуласын жасауға
мүмкіндік береді.
5. Өзін өзі бақылау жазбаларына сүйенсек, оқушылар өз бетімен
мамандық немесе кәсіп формуласын жасап, содан соң оны модульге
кіретін мамандық немесе кәсіп формуласын жасауға бейімдірек.
Осылайша, әуел бастан кәсіби таңдау субъектісіне қолайлы
жұмыс жобасын өлшеп көреді.