Резуанова ғалияпану кабиевна


Номинатив  дегеннің өзі латын  тілінің  nomen –



Pdf көрінісі
бет29/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

Номинатив 
дегеннің өзі латын 
тілінің 
nomen –
«атау» (имя) деген сөзінен алынған. 
Орыс тілінің лексикологы М.И. Фомина сөздің лексикалық 
мағынасын анықтау үшін мына сияқты сипаттарды білу қажеттігін: 
«во-первых, выяснить его предметно-вещественное и понятино-
логическое содержание (т.е. связь с денотатом); во-вторых, 
установить как связана называемая словом реалия с теми, которые 
объективно существуют в окружающей действительности; в 
третьих, выявить, как определимое лексическое значение 
соотносится с другими значениями, так как слова «выражают свои 
значения не изолированно, не в отрыве от лексико-семантических 
систем данного конкретного языка, а в неразлучной связи с ней как 
ее составной элемент»; в четвертых, найти такой различный 
признак, который позволил бы вычленить именно это лексическое 
значение из ряда подобных», - деп санамалай келе, сөздің 
лексикалық мағынасын бұлай анықтау А.А. Уфимцева, Ш.Шмелев, 
Н.М. Шанский т.б. еңбектерінде дәлелді шешімін тапқандығын 
айтады [53, 29]. Негізінен, сөздің бойындағы әр түрлі 
мағыналардың табиғаты бірдсй біркелкі емес. Лингвистикада сөздің 
мағыналарын әр түрлі тұрғыдан қарастыру және осыған сәйкес сөз 
мағыналарын түрліше топтастырып саралау дағдысы бар. Алдымен 
айтарымыз, осы күнге дейін өз құнын жоғалтпай келе жатқан 
В.В.Виноградовтың сөздің лексикалық мағынасына жасаған 
жіктемесі. Ғалым сөздің лексикалық мағынасына байланысты 
мынадай жіктемені көрсеткен: 1) тура (номинативті) мағына; 2) 


73 
фразеологиялық байлаулы мағына; 3) синтаксистік шартты мағына. 
В.В. Виноградов өз еңбегінде мағынаның бұл түрлерінің әр 
қайсысына жеке-жеке тоқталып, нақты мысалдар келтіру арқылы 
дәлелдеп түсіндірген [54, 162]. Бұдан кейінгі семасиология 
мәселесімен шұғылданған ғалымдардың біразы осы жіктемені 
(В.В.Виноградов концепциясын) негізге алады. Ә.Болғанбаевтың 
авторлығымен шыққан «Қазақ тілінің лексикологиясында» да 
осылай көрсетілген [55]. Бірақ кейін осы автор Ғ.Қалиұлымен біріге 
отырып толықтырып, қайта өңдеп 1997 жылы шығарған «Қазіргі 
қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» оқулығында 
В.В. Виноградов жіктемесін одан әрі жетілдіре түскен. Ол туралы 
авторлар: «1970 жылдардан бастап 
сөздің 
лексикалық 
мағынасының В.В. Виноградов жасаған типологиясы онан әрі 
жетілдіріліп келеді. Соның нәтижесінде сөз мағынасының 
типологиясын анықтауға қажетті белгілер толықтырылып 
нақтылана түсті», - деп түсіндіреді [56]. 
Сонымен, кейінгі уақытта көптеген тілші-ғалымдар бұл 
идеяны басшылыққа алғандарымен, оны одан әрі қарай дамыта 
түскендіктері байқалады (Қараңыз: Б.Н. Головин, 1960), ал енді 
біреулері оны жаңартып немесе түрін өзгерткенге ұқсайды (Д.Н. 
Шмелев, 
1977). 
Ал 
қазіргі 
кезде 
сөздің 
лексикалық 
мағынасының түрлерін бірнеше бағыт бойынша топтастыру қолға 
алынған. Мәселен, М.И. Фомина: 1. По характеру соотношения с 
действительностью: а) прямые б) переносные: {1} с потухшей 
образностью {2} с живой образностью; 2. По степени 
мотивированности (происхождение): а) непроизводные (первичные) 
б) производные (вторичные); 3. По способам и возможностям 
лексической сочетаемости: а) свободные; б) несвободные: {1} 
фразеологически связанные {2} синтаксически обусловленные-
конструктивно ограниченные; 4. По характеру выполняемых 
функции: а) номинативные; б) экспрессивно-синонимичные, -
деп бөліп сызба түрінде көрсетсе [53, 37], Н.И. Гаинуллина осы 
іспеттес жіктемені кесте арқылы берген. Ол жіктемедегі өзгешелік 
мағынаны қолданылу сипатына қарай а) жалпы тілдік (узуальные); 
б) оккозионалды, - деп беруі. Ал К.Аханов сөз мағынасын 
топтастыруда тарихи тұрғыдан сөз мағыналары – негізгі және 
туынды мағына деп аталатын екі түрге бөлінетінін, қазіргі қалпы 
тұрғысынан – тура және келтірінді (ауыспалы) мағына. 
Келтірінді мағына өз ішінен – метафоралық және метонимиялық 


74 
болып сараланатынын, стилистикалық жақтан – битарап, 
стилистикалық бояма мағына 
деп аталатын мағыналарға 
топтастыруға болатынын айтады [57, 98]. 
Жоғарыда келтірілген сөз мағынасын топтастырудың жалпы 
сипатымен келісе отырып, біз өз тақырыбымыздың осы тарауына 
(көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдерге) байланысты 
мынадай жіктемені ұсынамыз: 
1.
Номинативті (тура) мағына; 
2.
Ауыспалы (туынды) мағына; 
3.
Контекстік (синтаксистік шартты) мағына. 
1. Номинативті (атауыш) мағына сөздің затты я құбылысты 
атап 
білдіретін мағынасы. Бұл мағына заттарға (құбылысқа) тікелей 
бағытталғандықтан (қатысты болғандықтан), тура мағына деп те 
аталады. Қазіргі қалпы тұрғысынан ол негізгі мағына болып 
есептеледі. Сөздіктерде болсын, практикада болсын сөз мағынасын 
талдау осы негізгі (тура) номинативті мағынадан басталады. 
2. Ауыспалы мағына бірінші тарауда айтылып кеткендей , 
сөздің 
номинативті (тура) мағынасының негізінде туындайтын мағына. 
Яғни, «сөздің ауыс мағынасы бір заттың негізгі атауыш (тура) 
мағынасын басқа бір затқа атау етіп ауыстырып қолданудан барып 
туады. Сондықтан оны туынды мағына деп те атайды 
(адамның 
аяғы – үстелдің аяғы, төсектің аяғы; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет