13
туындап лексика «тілден тыс» жатқандай саналар еді. Алайда,
лексиканың жүйелігін мойындауда соңғы уақытқа дейін бір қатар
қарсылықтар болып келгендігін де жасыра алмаймыз.
Кейбір зерттеушілер лексиканың өзінде сондай бір жүйелік жоқ
деп ойлаған болатын. Мысалы, Р.М. Жирмунский: «В лексике нет
никакой системности», кроме той, которая обусловлена отношениями
между явлениями самой действительности»,
- деп ашық айтқан
[7, 70]. Лексиканың ұйымдасуы қоғамдағы құбылыстар мен
заттардың арасында болатын байланыстардан көрінетіндігіне
ешкім де дау айтпас. Бірақ лексикадағы бұл байланыстардың
көрінісі тілдік факторлардың өзімен реттелетінін теріске шығара
алмаймыз.
Нақты лексикалық материалдарда жеке сөздердің немесе
түрлі сөздер тобының табиғатын
зерттейтін енді бір топ
зерттеушілер лексикада оны құрайтын единицалардың арасында
қалайда үнемі тартылу және алшақтау, өзара әрекеттің белгілі бір
түрлері болады деген тұжырымға келеді, яғни лексиканың белгілі
бір жүйелігін түсінеді. Мысалы, профессор Б.Қалиұлы өзінің
«Қазақ лексикасындағы жүйелілік» деген мақаласында сөздер
бір-бірімен жақындаса да, я болмаса бір-бірінен алшақтаса да
олардың мағыналық
жағы басшылыққа алынатынын, тіліміздегі
синонимдік, антонимдік қатынастарда, сондай-ақ көп мағыналы
сөздер мен омонимдердің арасында бір-бірімен салыстыруға,
теңестіруге, қарсы қоюға болатын бір тектес белгілер
(мағыналар) болатынын айта келе: «лексикадағы жүйеліліктің
түп қазығы – сөздердің берер
мағыналары мен білдіретін
ұғымдары», - деп өз ойын түйіндейді [8, 3].
Сонымен, тілшілердің бір тобы тіл білімінің лексика саласы
жүйелі құбылыс дейтін болса, енді біреулері бұған қарсы пікір
айтады. Лексиканың жүйелілігін мойындамаудың өзіндік себебі де
жоқ емес. Өйткені лексика күрделі және үнемі қозғалыс үстінде
болатын тілдік сала болып табылады. Сондықтан да тілдің басқа
жақтарымен (салаларымен) салыстырғанда лексиканың ерекшелігін
ескере отырып, біз лексиканың жүйелігін анықтау грамматикалық
немесе фонетикалық жүйелерге қарағанда қиынырақ (күрделірек)
екенін айтуымыз қажет.
Лексикадағы жүйелілік қатынастың сипаты жөнінде XIX
ғасыр орыс әдеби тілінің сөздік құрамын терең зерттеген О.С.
Сорокин: «Лексический состав – это также определенная система,
14
правда, в отличие от других языковых систем, мало проницаемых и
более замкнутых (например,
системы фонематической или
грамматической), несравненно более обширная, сложная, гибкая и
поджвижная...», - деп түсіндіре отырып, тілде өзінің қатысы мен
өзара әрекетінің негізінде жеке сөздердің табиғатын анықтайтын ең
кем дегенде бес үнемі әсер етуші күш болуы керек. Біріншіден,
сөздердің дербес мағынасының күші, оның ақиқатқа қатысы.
Екіншіден, сөз тудыруға қатысы, өзінің тұлғасына қарай сөздердің
басқа сөздермен байланысы, сөздердің қандай да бір грамматикалық
топқа енуі. Үшіншіден, сөздердің мағыналық
жақтан басқа сөздерге
қатысы. Төртіншіден, сөздердің мағыналарының контекстуалды
шектестігіне қарай байланысы, кең мағынадағы сөздердің семантика-
фразеологиялық байланысы. Бесіншіден,
сөздердің сөйлемге,
контекстке қарай байланысып келуі, стилистикалық тұрғыдан
сөздердің топталуы», - деп қорытындылайды [9, 10].
Д.Н. Шмелев ХХ ғасырдың 30-жылдары сөздердің
арасындағы жүйелік қатынасты көрсету мақсатында әр алуан тілдік
өріс теориясы ұсынылғандығын айтып, И.Трирдің «Ұғымдық өріс»
теориясы бойынша әрбір «ұғымдық өріске» қалдықсыз мүшеленетін
әрі «сөздік өріс» құратын сөздер енеді (онда
әрбір сөз сәйкес
«өрістің» бөлшегі ретінде ғана мағына алады), ал Р.Порцигтің
«семантикалық өріс» теориясы, сөздің өз мағынасында негізі жатқан
байланыстарды табуға ұмтылғанын төмендегідей мысалмен келтіреді:
Достарыңызбен бөлісу: