Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет6/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

"балалық" 
деген сөз қарама-қарсы антонимдік 
қатынаста 
"кәрілік" 
сөзімен байланысты, ал мағына жақындығы 
жағынан 
"жастық, сәбилік, балғындық" 
сөздерімен синонимдік 
қатар құрайды. Бұл сөз екі түрлі мағынада қолданылады: 1. 
Жастық, 
бұғанасы қатып, есеймеген кез; 2. Tic қақпағандық, дүние 
көрмегендік. 
Демек, лексикадағы сөздер қалай да бір-бірімен 
байланысты. Яғни жүйелі түрде ұйымдасқан. Сондай-ақ біз 
"су" 
десек, біздің санамызда суға байланысты көптеген құбылыстар 
елес береді, сөйлемге (контекстке) байланысты оның атауы 
нақтылана түседі. Нәтижесінде, құрамында су семасы бар келесі 
сөздер тобы парадигма құрайды. Көлеміне қарай: 
көл, өзен, теңіз, 
мұхит, бұғаз, шығанақ. 
Шығу тегіне қарай: 
тоған, канал, бөген, су 
қоймасы т.б.. 
Оның өзін іштей –
табиғи сулар 
және
жасанды сулар 
деп бөлуге болады. Сонда бұлардың басын біріктіріп өзара 
байланыстырып тұратын мағыналық бөлшек (сема) –
сұйықтық. 
Су (сұйықтық) деген ортақ мағынасы бар мұндай сөздердің 
тобын лексика-семантикалық топ деп атаймыз. Сонда тұлға 
бірдейлігі десе, біз омонимді, ал мағына жағынан бірдей немесе 
ұқсас десе мәндес сөздерді – синонимді, қарама-қарсылық десе – 
антоним, варианттылық десек (мысалы, көп мағыналы сөздің 
нұсқаларын, варианттылығын) мағыналық қатысты түсінеміз. 
Аталған қатынас сөздік құрамды сөздік бірліктердің жай ғана көптік 


20 
жиынтығы етіп қоймай, оларды жүйеге келтіреді. Лексикадағы 
жүйелілік тек қана синонимдік қатар, антонимдік сыңар, лексика-
семантикалық топтарда (ЛСТ) ғана емес, сол сияқты қандай да бір 
негізгі ортақ тақырыпқа біріккен тіліміздің сөздік құрамындағы сөздер 
жиынтығынан да көрінеді. Сөздердің ондай тобын тақырыптық топ деп 
атайды. 
Тіл білімінде тақырыптық (тематикалық) топ және лексика-
семантикалық топ деген екі термин қатар өмір сүреді. Көптеген 
зерттеушілер 
сөздерді 
тақырыптық 
топқа 
топтастыруда 
лингвистикалық қағидат негізге алынбайды, зерттеулердің табиғи 
белгілері, объективтік қатынастары тағы сондай-сондайлар негізге 
алынады. Ал лексика-семантикалық топ сөздердің лексикалық 
мағынасына негізделеді, яғни сөздердің антонимдік, синонимдік не 
ұштас мағыналары есепке алынады дейді. Шынында да бір 
тақырыптық топқа біріккен сөздердің 
арасында 
ешқандай 
мағыналық байланыс болмауы да мүмкін. Мәселен, 
үй 
жиһаздарының атаулары 
өз алдына бір тақырыптық топ құрайды. 
Сонда ол топтың ішіндегі мүшелер, яғни сөздер өзара семантикалық 
байланысқа түспейді десе де болады. Алайда, олардың арасында 
мүлдем ешқандай байланыс болмайды деуге болмайды. Оны 
тілші М.Оразов пен Э.В. Кузнецованың айтқан мына бір 
пікірлері растай түседі: «Единство элементов тематических 
групп определяется прежде всего денотативным фактором, 
общностью самих явлений. Семантические связи между словами в 
рамках таких групп довольно разнообразны: часть и целое (щека-
лицо), функциональные связи предметов (поеъзд-рельсы), а также 
родо-видовые отношения (скот-корова)» [13, 71]. 
«Тематикалық топ сөздердің тек денотаттық мағынасына (кейде 
объективті дүниедегі заттардың өзгеруіне) негізделсе, лексика-
семантикалық топ сөздердің лексикалық (әрі денотаттық, әрі 
сигнификаттық, әрі ішкі лингвистикалық) мағынасына 
негізделеді»,- деп көрсетеді М.Оразов [14, 8]. 
Лексика-семантикалық топтар мен болмыстағы бар заттардың 
қандай да бір тобын белгілейтін сөздердің бірлестігін яғни 
тақырыптық топтарды ажырата білу керек. «Такого рода объединения 
слов, основывающихся не на лексико-семантических связях, а на 
классификации самих предметов и явлении, можно назвать 
тематическими словарными группами», - дейді Ф.П. Филин [15, 526]. 
М.Оразов өзінің семасиология мәселесіне арналған оқулығында 


21 
Щурдың «Теория поля в лингвистике» деген еңбегіне талдау жасай 
отырып, оның тақырыптық топтарға сөздерді топтастырғанда өріс 
теориясын қолданып, оған сөздердің парадигмалық қатынасын негіз 
етіп алғандығын айта келе, автордың тақырыптық топтың (өрістің) 
құрамына енген сөздер семантикалық ерекшелігіне қарай бірізді 
болмай, бір жағынан синтаксистік қасиетімен, екінші жағынан 
белгілі бір затты білдіретіні, әрі экстралингвистикалық әрі 
лингвистикалық жақтан көрінеді деген пікірімен келісе отырып, 
«синоним болсын, антоним болсын сөздердің арақатынасынан туады
ол заттардың өзіндік белгілерімен ғана емес тілдік заңдылықтармен де 
қалыптасқан дәстүрмен де байланысып жатады», - деп түйіндейді 
/Қараңыз: М. Оразов, 1991/. 
Егер тақырыптық топтағы сөздердің біреуі уақыт өте келе басқа 
сөздермен ауыстырылса, ондай ауыстырылу сол топтағы сөздердің 
стилистикалық бояуына, мағынаның өзгеруіне әкелмейді. Мәселен, 
егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет