ҚҰрылымы пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК)



бет46/195
Дата10.06.2020
өлшемі451,13 Kb.
#72835
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195
Байланысты:
ҚҰРЫЛЫМЫ умкд
22235470, Анализ посещенных занятий
Дәріс тезистері: Нәресте жамбаспен жатқан кезде босану қалыпты жағдайда өтуі мүмкін, бірақ, көбіне нәресте тұншығып не өлі туады. Жамбаспен жату жүктілер арасында 2-3,5%, олардың мезгілінен бұрын босануы өз мезгілінде босанғандармен салыстырғанда 1,5-2 есе көп.

Нәресте жамбаспен 2 түрлі жатады:

І. Құйрықпен (бүгілген)

ІІ. Аяқпен (жазылған)

Нәрестенің құйрықпен жатуының өзі таза құйрықпен (толық емес) және аралас құйрықпен жатуы (толық) деп екі топқа бөлінеді .

Таза құйрықпен жатқанда, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығында нәрестенің тек құйрығы орнығады, екі аяғы (жамбас-сан буынында бүгіліп, тізе буынында жазылған) тұлға бойында созылып жатады.

Толық аралас құйрықпен жатқанда, жамбас қуысының кіреберіс жазықтығына нәрестенің құйрығы аяқтарымен бірге келеді (жамбас-сан, тізе буындарында бүгілген).

Нәресте жамбас қуысында тек аяқпен де келеді (толық және жартылай). Толық түрінде, жамбас қуысында нәрестенің екі аяғы да жамбас-сан тізе буындарында сәл жазылып жатады. Жартылай түрінде, жамбас қуысында нәрестенің тек бір аяғы тұла бойына созылып жатады.

Жамбаспен жатудың себептері:

Қағанақ суының көптігі; егіз жүктілік; жамбас қуысының тарлығы; нәресте салмағының және басының ірілігі; жатырдың жиырылу қасиетінің төмендеуі; жатыр ісіктері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   195




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет