Руководителю соц



бет7/11
Дата07.02.2022
өлшемі422 Kb.
#95864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МодульОПОРН-27.-06.-10-каз (1)

Мерзімдік бақылау
«Тірек –қимыл жүйесі, тері және оның қосалқылары » модулі бойынша
Мақсаты: сабақ және сабақтан тыс өтілген тақырыптар бойынша студенттердің білімін бағалау .
Бақылаудың міндеті:

  1. Өтілген материалдар бойынша білімді нығайту

Студенттердің білімін тексеруге арналған бақылаудың сұрақтары:

  1. Сүйек тіні дамуы бұзылысының этиологиясы және патогенезі.

  2. Остеогендік жасушалардың белсенділігі реттелуінің бұзылысы. Сүйектің боркеміктенуі (остеопороз) және жұмсаруының (остеомаляция) патогенезіндегі кәлций, фосфор алмасуының маңызы.

  3. Тірек-қимыл құралының біртектес бұзылыстары. Остеопатиялар туралы түсінік, түрлері (тұқымқуалайтын және жүре пайда болған), этиологиясы және патогенезі.

  4. Буындардың дегенерациялық, қабынулық өзгерістері (артропатиялар). Буынның қабынуы мен шорбуын (артрит пен артроз ) туралы түсінік, этиологиясы мен даму тетігі. Құздамаға ұқсас артрит туралы түсінік.

  5. Тері ауруларының жалпы этиологиясы. Сыртқы және ішкі этиологиялық жайттарға сипаттама. Терінің бүлініске төзімділігі.

  6. Терідегі біртектес дерттік үрдістер және олардың патогенезі.Тері аурулары патогенезіндегі жалпы және жергілікті жайттардың өзара арақатынасы.

СЫНАМАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР


1. Остеолизисті әсерлендіреді

  1. Тиреокәлцитонин

  2. ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты

  3. Эпидермистік өсу жайты

  4. Паратирин

  5. D Витамині

2. Сүйек тінінің қайта үлгіленуі – бұл:
А) сүйек тінінің кері сорылуының тұрақты үрдісі және оның түзілуі
В) аяқ-қолдың жасанды ұзаруы
С) буындарға протез салу
D) остеобластармен сүйек тінінің кері сорылуы
Е) остеокластармен сүйек тінінің түзілуі
3. Сүйек тінінің кері сорылуын ынталандырады
А) интерлейкин -1
В) механикалық жүктеменің артуы
С) кәлцитонин
D) фибробластардың өсу жайты
Е) ß.-ауыспалы (трансформирующий) өсу жайты
4. Сүйек тінінің кері сорылуының тежегіштері болып табылады
А) өспе тіршілігін жоятын жайт
В) интерлейкин -1
С) паратгормон
D) 1,25 (ОН)2 D3
Е) эстрогендер
5. Эстрогендер
А) остеокластардың белсенділігін басады
В) сүйектен кәлцийді «жуып шығарады»
С) сүйек тінінің кері сорылуын күшейтеді
D) гипокәлциемия және гиперфосфатемияны туындатады
Е) гиперкәлциемия және гипофосфатемияны туындатады
6. Аяқталмаған остеогенездің біртектес көріністері
А) шамадан тыс созылмалы тері
В) ақыл естің кемістігі
С) «өрмекші»- тәрізді саусақтар
D) сүйектердің сынғыштығы, көздің ағы көгілдір болуы, кереңдік
Е) буындардың өте қозғалғыштығы
7. Аяқталмаған остеогенездің патогенезінде коллаген тектерінің мутациясы маңызды:
А) I түрінде
В) II түрінде
С) III түрінде
D) IV түрінде
Е) V түрінде
8. Марфан синдромының біртектес көріністері болып табылады
А) буындардың өте қозғалғыштығы және арахнодактилия
В) құрсақ ішілік сүйек сынғыштығы
С) құздамаға ұқсас артрит
D) «янтарлы» тістер
Е) шамадан тыс созылмалы тері
9. Реклингаузен ауруында (фиброзды остеодистрофия, гиперпаратиреоидизм)

  1. Са 2↑, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза↑

  2. Са 2↓ , РО43- қалыпты жағдайда, сілтілі фосфатаза↑

  3. Са 2 қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза қалыпты

  4. Са 2 қалыпты, РО43- қалыпты, сілтілі фосфатаза↑

  5. Са 2↓, РО43-↓ , сілтілі фосфатаза ↓



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет