Руководителю соц



бет3/11
Дата07.02.2022
өлшемі422 Kb.
#95864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МодульОПОРН-27.-06.-10-каз (1)

Тәжірибелік жұмыс

.

1 тапсырма

Кестені толтыру, ең жиі кездесетін остеопатияның патогенезін көрсету

Остеопатияның түрлері

Патогенезі

Тұқымқуалауға бейімділік

Ахондроплазия




Аяқталмаған остеогенез




Марфан синдромы




Мешелге ұқсас аурулар




Жүре пайда болған

Қарттық




Ауқаттық




Гормондық




Бүйректік




Қабынулық




2 тапсырма. Остеопороз патогенезінің сызбанұсқасын оқып үйрену







БОРКЕМІКТЕНУДІҢ (ОСТЕОПОРОЗ) ПАТОГЕНЕЗДІК ЖАЙТТАРЫ

  • Тұқымқуалаушылыққа бейімділік және кәлций алмасуы реттелу жүйесіндегі теңсіздік (жыныс бездері қызметінің төмендеуі, гипертиреоз, қалқанша маңы бездері қызметінің жоғарылауы, глюкокортикоидтар өндірілуінің жоғарылауы ж.б., D витамині алмасуының бұзылуы).

  • Өсу жайттары түзілуінің азаюы

  • Цитокиндер өндірілуінің көбеюі (ИЛ-1 т.б.)




Остекластар мөлшерінің көбеюі және олардың белсенділігінің жоғарылауы → резорбцияның күшеюі



Остебластар мөлшерінің азаюы және олардың белсенділігінің төмендеуі → сүйек түзілуінің төмендеуі





Сүйек тіні қайта үлгіленуінің бұзылысы


Жас сүйек (остеоид) түзілуінің және оның минералдануының төмендеуі


Сүйек тіні минералдық тығыздығының төмендеуі (сүйек қуыстануы)



Аяқ -қол сүйектерінің, омыртқа денесінің, сан сүйегі мойнының сынықтары

№ 3 тапсырма. Буындық синдромның негізгі көріністерін атау, патогенезін көрсету

Әйгіленім

Патогенезі







№ 4 тапсырма. Остеоартроздың патогенездік сызбанұсқасын оқып-үйрену



Буын шеміршегінің әдеттегі төзімділігі кезінде буынға механикалық жүктеменің шамадан тыс түсуі

Буын шеміршегінің төзімділігі төмендеу кезінде буынға әдеттегі механикалық жүктеменің түсуі


Буын шеміршегінің беткейіне түсетін механикалық жүктеме мен оның осы жүктемеге қарсыласу мүмкіншілігінің сәйкес келмеуі

Шеміршектің ыдырауы мен оның қалпына келуінің арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
(қайта үлгілеу)

Шеміршектің дегенерациясы және нәрсізденуі

Синовит, шеміршек асты сүйектің зақымдануы



5 тапсырма.





Ситуациялық есептерді шешу.




1 есеп. Емханаға 45 жастағы науқас екі қолының білезік, саусақ буындарындағы орташа ауыру сезіміне, олардың ісінуіне және таңертең қозғалыстың шектелуіне шағымданып келді. Ауыру сезімі көбіне қимылдағанда пайда болады. Сонымен қатар кешкі уақыттарда науқастың дене температурасының 37,5-38,0ºС- қа дейін көтерілуі, жүрек қағуы, физикалық күш түскенде ентігу, әлсіздік, селқостық, арықтау мазалайды. Науқастың анамнезінен (сыртартқысынан) оның буындарындағы ауыру сезімі жедел тыныстық вирустық жұқпаны басынан өткізгеннен 3 айдан бері мазалайтындығы белгілі. Соңғы 1 айда дене қызымының көтерілуін, жүрек қағуын, арықтауын байқаған. Сол кезде тағы саусақ буындарының ісінуі мен қозғалыстың шектелуін байқаған. Ем қабылдамаған. Науқастың ата-анасы қартайған шағында өлген, бірақ ол анасының аяқ-қолдарындағы буындарының ауыратындығына жиі шағымданғанын айтады.
Зерттеу мәліметтері: бойы – 168 см, салмағы - 48 кг, дене қызымы– 37,6, АҚ – 90/60 мм.с.б.,
Пульсі (ТСЖ -тамыр соғу жиілігі) - 100/мин, ТЖ-20/мин. Бұлшық ет-сүйек жүйесі: екі қолының үстіңгі жақтық бунақ аралық алақан бунақтық және білезік буындары ісінген, пішіні шамалы жойылған, терісі қызарған, ауыру сезіміне байланысты қимылы біраз шектелген. Қол саусақтары ұршық тәрізді. Шынтақ буындарының сыртқы бетінде теріастылық түйіндер және саусақ бұлшық еттерінің шамалы семуі байқалады .
Қан талданымы:
Эритроциттер 3,0 х1012 Ретикулоциттер 5 ‰
Гемоглобин 100 г/л
Түстік көрсеткіш 0,8
Лейкоциттер 10,0 х 109
Эозинофилдер 3, 0 %
Таяқша ядролы лейкоциттер 8 % ; б/я - 67 %
Лимфоциттер 14 %; Моноциттер - 4 %
Тромбоциттер 240 х109
ЭШЖ 35 мм/сағ.
Қан жағындысында - гипохромия - ++;
Қанның биохимиялық талданымы: С-әсерлі нәруыз (СӘН) +++
Протеинограмма
Қалыпты жағдайда
Жалпы нәруыз 50 г/л 65 – 85 г/л
Әлбуминдер 30 г/л 40 - 50 г/л
Глобулиндер 42 г/л 30 - 40 г/л
Фибриноген 6 г/л 2 - 4 г/л


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет