Руководителю соц



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі422 Kb.
#95864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
МодульОПОРН-27.-06.-10-каз (1)

25. Буындағы үзіліссіз түнгі сыздап ауыру сезімі байланысты
А) веноздық стаз және сүйек ішілік қысыммен
В) шеміршектік детрит шөгетін шеміршек беттерінің үйкелуімен
С) «буындық тышқан» буын бөгетімен
D) ГАМҚ- ергиялық қабылдағыштардың қозуымен
Е) антиноцицепциялық жүйенің белсенділігінің көтерілуімен
26 Остеоартроз – бұл
А) буынның қабынуы
В) буындық шеміршектің бүлінген-нәрсізденулік (дегенеративті-дистрофиялық) зақымдануы
С) сүйектің минералдық тығыздығының азаюы
D) сүйектердің жұмсаруы
Е) омыртқа аралық табақшалардың дистрофиялық (нәрсізденулік) өзгерістері
27. Остеоартроз патогенезінде маңызы жоғы
A) синовиттің біріншілік дамуы
B) хондроциттермен шеміршек матриксінің құнарсыз нәруыздарының түзілуі
C) шеміршекте ыдырау үрдістерінің күшеюі
D) буындардың шеміршегіне жүктеме түсуі және олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік
E) синовиттің екіншілік дамуы
28. Буын шеміршегі төзімділігінің төмендеуін туындатады
А) өспе тіршілігін жоятын жайт түзілуінің азаюы
В) интерлейкин – 1 азаюы
С) коллагеназа жеткіліксіздігі
D) буынның сілемейлі қабығының деструкциясы
Е) эстрогендердің артықтығы
29. Құздамаға ұқсас артрит дамуының негізінде жатқан иммундық зақымданудың негізгі түрлері

  1. Реагиндік

  2. Цитотоксиндік және реагиндік

  3. Иммундық кешендік және жасуша қатысуымен жүретін

  4. Қабылдағыштық

  5. Реагиндік және иммундық кешендік

30. Құздамаға ұқсас артрит кезіндегі буын шеміршегінің ыдырауын қамтамасыз етеді

  1. остеобластардың әсерленуі

В) паннус коллагеназасы
С) остеокластардың әсерленуі
D) остеоид минерализациясының бұзылысы
Е) шеміршекке жүктеме түсу және олардың репарациясының арасындағы сәйкессіздік
31. (ОН)2Д3 тапшылығы  ішекте кәлций сіңірілуінің бұзылысы  ?  салдарлық гиперпаратиреоз  сүйек тініне кәлций қосылуының төмендеуі, остеокластарды ынталандыру  остеомаляция

  1. Гипокәлциемия

  2. гиперкәлциемия

  3. гипофосфатемия

  4. гипернатриемия

  5. гипонатриемия

32. Мешел ауруы пайда болады

  1. Е витаминінің тапшылығында

  2. В тобы витаминдерінің тапшылығында

  3. Д витаминінің тапшылығында

  4. К витаминінің тапшылығында

  5. А витаминінің тапшылығында

33. Д гиповитаминозының көрінісіне жатады

  1. еңбектің ерте бітуі

  2. кәлциноз

  3. түтікті сүйектердің қисаюы

  4. микроцефалия

  5. «янтарлық тістер», көздің ағының көгілдірленуі, буындардың қозғалғыштығы

34. Ультракүлгін сәуленің зақымдаушы әсеріне тері төзімділігін қамтамасыз етеді (1)

  1. су-майлық тері жабындысы

  2. Лангерганс жасушалары

  3. эпидермистік Т-лимфоциттер

  4. меланоциттер

  5. Меркел жасушалары

35. Фотодерматиттердің дамуын қамтамасыз етеді
A) мұздау
B) стероидтық емес қабынуға қарсы дәрілерді қабылдау
C) еркек жынысы
D) егде жас
E) ішімдік қабылдау
36. Генотиптің дерті төмендегілердің пайда болуына әкеледі
A) пиодермияның
B) жанасулық дерматиттің
C) микоздың
D) эпидермофиттің
E) ихтиоздың
37. Іріңді қабыну мынаның даму негізінде жатады
А) меланоманың
В) базилиоманың
С) микоздың
D) ихтиоздың
Е) гидрадениттің
38 Табан эпидермофитиясының дамуын қамтамасыз етеді
A) балықты шикі түрінде жеу
B) жанұяда ауру мысықтың болуы
C) монша, душ, қауызға түсу
D) бас киімді, тарақты ортақ қолдану
E) қайнатылмаған сүтті қолдану
39. Адамның қотырды жұқтыру жолдарын көрсетіңіз
A)ауалы-тамшылы
B) оральді-фекальді
C) киім және төсек арқылы
D) жануарлар арқылы
Е) қан сорғыш жәндіктер арқылы
40. Терінің аутоиммунды ауруы
А) стрептодермия
В) күйік
С) дискоидті қызыл жегі
D) фотодерматит
Е) фолликулит
41. Аллергиялық серпілістің реагиндік түрі, патогенезінің негізінде жатыр

  1. Есекжемнің

  2. Жанасулық дерматиттің

  3. Артюс еренінің

  4. Шенлейн-Генох ауруының

  5. Қызылша кезіндегі бөртпелердің

  6. Желшешек кезіндегі бөртпелердің

42. Есекжемнің патогенезінде маңызы бар
A) сезімталдығы көтерілген Т- лимфоциттердің клонының түзілуі
B) сезімталдығы көтерілген Т- лимфоциттердің лимфокиндерді бөліп шығаруы
C)комплемент жүйесі нәруыздарының әсерленуі
D) мес жасушаларының түйіршіксізденуі
E) гранулемалық қабынудың дамуы
43. Аллергиялық серпілістің иммундық кешендік түрі, патогенезінің негізінде жатыр

  1. Есекжемнің

  2. Жанасулық дерматиттің

  3. Шенлейн-Генох ауруының

  4. Желшешек кезіндегі бөртпелердің

  5. Квинке ісінуінде

44. Аллергиялық серпілістің жасуша қатысуымен жүретін түрі, патогенезінің негізінде жатыр

  1. Есекжемнің

  2. Жанасулық дерматиттің

  3. Артюс еренінің

  4. Шенлейн-Генох ауруының

  5. Қызылша кезіндегі бөртпелердің

45. Лайелл синдромының ен жиі кездесетін себебі болып табылады
А) вирустар
В) ауыр металл тұздары
С) дәрілік заттар
D) уақ саңырауқұлақтар
Е) стафилококтар.
46. Жанасулық дерматит патогенезінің негізін құрайтын аллергиялық серпіліс түрі

  1. Реагиндік

  2. Цитотоксиндік

  3. Жасуша қатысуымен жүретін

  4. Иммундық кешендік

  5. Қабылдағыштық

47. Аддисон ауруы кезіндегі гиперпигментация патогенезінде маңызы
А) глюкокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі
В) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан АКТГ көбеюі
С) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан АКТГ көбеюі
D) глюкокортикоидтардың артықтығы салдарынан меланоцит ынталандырушы гормонның көбеюі
Е) минералокортикоидтардың тапшылығы салдарынан меланоцит ынталандырушы гормонның көбеюі
48. Альбинизм кезіндегі . депигментация байланысты
А) меланоциттердің болмауымен
В) тирозиназа белсенділігінің төмендеуімен
С) меланосома түзілуінің бұзылысымен
D) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен
Е) меланиннің антиденелермен жойылуымен
49. Фенилкетонурия кезіндегі гипопигментация байланысты

  1. тирозиназа белсенділігінің жеткіліксіздігі

  2. меланоциттердің бұзылуымен

  3. фенилаланиннің меланинге уытты әсерімен

  4. меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен

  5. фенилаланиннің тирозинге айналуының бұзылысымен

50. Витилиго кезіндегі терінің депигментация байланысты
А) тирозин түзілуінің азаюымен
В) тирозиназа белсенділігінің жоғарылауымен
С) меланоцит ынталандырушы гормон тапшылығымен
D) меланоциттердің бұзылуымен
Е) кератиноциттерге меланосоманың тасымалдануының бұзылысымен

Тәжірибелік ДАҒДЫлар тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет