Руководителю соц



бет3/3
Дата24.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#133157
1   2   3
Байланысты:
гомеостаз-2 бөлім.студ каз —
бүйрек патофизиологиясы, Алгоритм оказания неотложной помощи в педиатрии, 4-òî?ñàí áîéûíøà áæá 8 ñûíûï, какую краску нужно купить на canon pixma g1411 - Поиск в Google
Тәжірибелік жұмыс

1. Тапсырма


Қан сарысуындағы креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), несеп – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л).
2. Тапсырма. Кесте толтыру «Полиурия және олигоурия патогенезі»

Дерт

Патогенезі

1.Қантты диабет




2.Қантсыз диабет




3.СБЖ кезіндегі полиурия




4. ЖБЖ кезіндегі полиурия




5.Гипотензия




6. СБЖ кезіндегі олигурия




7. ЖБЖ кезіндегі олигурия




8.Обструктиялық уропатиялар




3. Тапсырма Зимницкий сынауын бағалаңыз


1
Жынысы: Ер адам, Жасы 29

Уақыты

Несеп мөлшері

Салыс.Несеп тығыздығы

9
12
15
18

100
200
270
180

1020
1015
1025
1020




Күндізгі диурез -750




21
24
3
6

200
80
50
50

1015
1025
1015
1021


Түнгі диурез -380

Қортынды:




Тәуліктік диурез -1130

2


Жынысы: Әйел . Жасы 28

Уақыты

Несеп мөлшері

Салыс. Несеп тығыздығы

9
12
15
18

80
100
70
80

1030
1020
1025
1020




Күндізгі диурез - 330




21
24
3
6

150
200
100
150

1021
1025
1025
1021




Түнгі диурез -600

Қортынды:




Тәуліктік диурез -930

№ 3
Жынысы: Әйел Жасы 24



Уақыты

Несеп мөлшері

Салыс. Несеп тығыздығы

9
12
15
18

60
90
70
70

1025
1030
1025
1020




Күндізгі диурез - 290




21
24
3
6

140
200
150
160

1018
1025
1030
1025




Түнгі диурез - 650

Қортынды:




Тәуліктік диурез - 940

4. Тапсырма кестені толтырыңыз «Протеинурия түрлері және патогенезі»





Протеинурия түрлері

Патогенезі

Көріністері (несепте қандай нәруыздар пайда болады)

Шумақтық







Селективті







Селективті емес







Өзектік







5. Тапсырма «Пиелонефриттің патогенезі және этиологиясы». Кестені толдыру





Пиелонефриттің жиі себептері




Жұқпалардың ену жолдары




Жұқпалардың несеп арқылы ену жолдары




Жұқпалардың гематогенді жол арқылы енуі




Пиелонефрит туындауына бейімдейтін жайттар




Патогенезі




Қандағы өзгерістер




Несептік синдром




6 Тапсырма Көрсетілген суретті пайдалана отырып, обструкциялық уропатия дамуының мүмкіндік нұсқаларын атаңыз.








7. Тапсырма

Кейс-стади

1. Есеп


Тапсырмада берілгендерді медициналық терминдермен сипаттаңыз. Талданымдарға сүйене отырып бүйрек дертінің түрін қорытындылаңыз:
Диурез – тәулігіне 420 мл
Тығыздығы – 1011
Нәруыз – 2,0 г/л
Көру аймағында аздаған сілтілі эритроциттер
Гиалинді, балауызды, түйіршікті цилиндрлі
АҚ – 175/95 мм сын.бб.
Қалдық азот – 190 ммоль/л (қалыптыда - 4,28 - 28,56 ммоль/л),

2 есеп


5 жастағы баланы тексеру барысында анықталды: ацидоз, гликозурия, аминацидурия, гипопротеинемия, остеопороз. Нефронның қандай бөлігі зақымдалған?

3 есеп


Науқас С. 30 жаста тәулігіне 12-10 л дейін су ішеді, соған сәйкес несеп шығаруы артқан. Несебі түссіз, салыстырмалы тығыздығы 1008. Несепте нәруыз, қант, эритроциттер жоқ.

  1. Науқастағы көрсетілген симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз.

  2. Жоғарыда аталған көріністер қандай ауруға тән?

  3. Осы ауруды бүйрек дерттеріне жатқызуға бола ма, болса неге?

4 есеп
Науқас М., 42 жаста, ауруханаға келесі шағымдармен түсті: дене қызуы 380С, белінде ауыру сезімі. Жалпы несеп анализінде: тәуліктік диурез 2 л, несебі лайлы. Реакциясы қыщқыл, салыстырмалы тығыздығы 1020, нәруыз -0,033%, эритроциттер 2-3 көру аймағында, лейкоциттер – 20-30 к/а. Көп мөлшерде Штернгеймер-Мальбин жасушалары, эпителиальды жасушалар– 10-20, бірен-саран түйіршікті цилиндрлер к/а, айқын бактериурия.

  1. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

  2. Осы дерттің этиологиясы мен патогенезін көрсетіңіз

  3. Клинико-лабораториялық көрсеткіштерді патофизиологиялық талдаңыз

  4. Этио және патогенездік ем шараларының ұстанымдарын негіздеңіз.

5 есеп


Ер адам 48 жаста, оң жақ бүйіріндегі тоқтамайтын қатты ауыру сезіміне шағымдануымен шұғыл көмек бөлімшесіне түсті. Дене қызуы қалыпты, дизурия жоқ. АҚ 160/80 мм с.б.б., пулсі 110 рет минутына. Зембілде (каталка) қатты ауыру сезімінен ыңғайлы жағдай таба алмай, науқастың денесі мәжбүрлі бүгілген. Несеп анализінде көру аймағында 10-20 –ға дейін өзгеріске ұшырамаған эритроциттер анықталады. Алдын ала қойылған диагноз: Нефролитиаз. Науқасқа ауыру сезімін басу және гидратациялық терапия жүргізілуде.

  1. Науқаста бүйрек-тас ауруын шақыратын негізгі мүмкіндік себебі қандай?

  2. Бүйректе тас түзілуінін патогенезін түсіндіріңіз

  3. Ауырсыну сезімінің патогенезін түсіндіріңіз



Тәжірибелік жұмыс
Тапсырма № 8. Бүйрек шумағы сүзгіш мембранасының иммунды зақымдануының патогенездік сызбанұсқасын сызыңыз.
Сүзгіш мембрананың зақымдануында антиген сипатының, антиген+антидене кешенінің орналасуының, негізгі медиаторлардың тигізетін әсерлік механизмі.

  1. Иммундық кешендік тетікпен зақымдану

  2. Цитотоксиндік механизм

  3. Жасуша қатысуымен жүретін механизм



Тапсырма № 9. Кейс- стади

6 есеп.


35 жастағы ер адамға 2 жыл бұрын «жедел диффузды гломерулонефрит» аңғарымы қойылды. Қазіргі уақытта әлсіздік, бас ауыру, бас айналу, айқын емес ісінулерге шағымданады.
Несеп талданымының қорытындысы:
Тығыздығы - 1008, нәруыз - 0,2%, көру аймағында аздаған эритроциттер, аз мөлшерде гиалинді цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 3100 мл.
Қан талданымы:
Қалдық азот - 90 ммоль/л, жалпы нәруыз - 59 г/л (қалыптыда 65-85г/л), эндогенді креатинин клиренсі – 40 мл/мин (90-170 мл/мин)
АҚ – 180/100 мм с.б.б.

  1. 2 жыл бұрын қойылған «жіті гломерулонефрит» диагнозына полиурия болуы қайшы келмей ме?

  2. Қазіргі жағдайда гипостенурия және полиурияның даму тетіктері қандай?

7 есеп.


22 жастағы К. есімді әйел, баспаның ауыр түрімен ауырып, 2 апта өткен соң, бел аймағында ауыру сезімі, ентігу, жүректің жиі соғуы, бас ауыруы пайда болды. 4 күн ішінде 5 кг салмақ қосты. Қарап тексергенде: бет әлпеті бозғылт; қабақтары ісіңкі және қатпарланған, көз шелі тарылған, тізе және табандары ісінген, жүрек шекаралары кеңейген, АҚ 140/95 мм с.б.б., диурез бірден азайған, несепте эритроциттер, лейкоциттер, түйіршікті цилиндрлер, нәруыз көптеп кездеседі. Қанда антистрептолизин О және антигиалуронидаза титрі жоғарылаған.
1 Бұл науқаста қандай ауру туралы ойлауға болады?

2. Бүйрек қызметі бұзылуының тетігі және себептері қандай?
3. Науқаста болған өзгерістер мен симптомдардың әрқайсысының тетігі қандай? Гипергидратацияны не дамытты: бүйректің шығару қызметінің төмендеуі ме, әлде/немесе организмде сұйықтардың бүйрек қызметіне байланысты емес жиналуы ма? Жауапты негіздеңіз.
8 есеп.
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын 40 жастағы науқастың рентген суретінде көлемді остеопороз анықталды. Көріністе сүйектің деминерализациясы рахитті айқындайды. Науқасқа Д витаминін тағайындау жақсы нәтиже бермеді.
1. Сүйек тінінде байқалған өзгерістердің даму тетігі қандай?
2. Д витаминіне төзімділікті түсіндіріңіз

9 есеп.


40 жасар науқас ер адам, АҚ тұрақты көтерілген, шағымдары: басының ауыруы, көз көруінің нашарлауы. АҚ 190/110 мм с.б.б; ЖСЖ мин 110 рет; таңертең бетінде, көзінің астында ісінулердің болуы. Шеткері қанда: эритроциттер-3,2 х 1012/л, гемоглобин – 105 г/л, ретикулоциттер – 0,02%:, лейкоциттер -5,6 х 109/л. Қан плазмасында: жалпы нәруыз– 56г/л, әлбуминдер – 16 г/л (қалыпты 40-50 г/л), глобулиндер – 40 г/л (қалыпты 20-30 г/л), қалдық азот – 39ммоль/л, зәрнәсіл – 11,4 ммоль/л (қалыптыда 3,3-8,3 ммоль/л).
Несебі - қышқыл, нәруыз мөлшері 0,85 г/л, қант жоқ. Тұнбаны микроскоппен тексергенде: көру аймағында эритроциттер 2-3, гиалинді цилиндрлер 7-9, қан сарысуындағы креатинин 14 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), диурез – 1000 мл

  1. Осы науқаста несептің сапалық өзгерістері нені дәлелдейді?

  2. Қанның биохимиялық көрсеткіштерінің өзгерістері нені дәлелдейді?

  3. Осы науқастағы гипертензия мен анемияның патогенезі қандай?

  4. Есеп бойынша жалпы қорытынды жасаңыз.

Глоссарий



Гломерулонефриттер – Екі (қос) бүйректіңде шумақтарының қабынуымен дамитын бір топ аурулар.

Гломерулонефриты - группа заболеваний, характеризующихся развитием воспаления клубочков обеих почек

Glomerulonephritis – are the group of diseases in the heart of which are inflammatory processes in both kidneys

Антистрептолизин –ASO, анти-ДНК-аза, Антигиалуронидаз –жедел стрептококтік гломерулонефритте байқалатын антигенге қарсы антидене



Антистрептолизин–АSO, анти-ДНК-аза,
антигиалуронидаз – антитела против антигенов стрептококков,
обнаруживаются
при остром постстрептококковом гломерулонефрите

AntistreptolysinASO,antiDNA-ase, antihyaluronidase– are antibodies against streptococci at acute poststreptococcal glomerulonephritis



Пиелонефрит – Бүйректің негізінен ми қабатында бүйректің интерстициялық тіндерінде, бүйректің тостағандары мен түбектерінде дамитын бейспецификалық жұқпалы үрдіс.



Пиелонефрит – неспецифическое инфекционное воспаление почечной лоханки с системой чашечеки интерстициальной ткани почки, преимущественно в области мозгового слоя

Pyelonephritis is a nonspecific infection inflammation affecting the tubules, interstitium, and renal pelvis and is one of the most common diseases of the kidney.

Нефроздық синдром –көптеген ісінулер, шырышты қуыстарда судың жиналуымен және көлемді протеинуриямен (тәулігіне 3 г жоғары), гипо- диспротеинемиялармен, гиперлипидемиялармен, гиперхолестеринемиялармен сипатталатын симптомдық кешен.



Нефротический синдром - симптомокомплекс, характеризующийся массивной протеинурией (более 3 г в сутки), гипо-и диспротеинемией, гиперлипидемией, гиперхолестеринемией, распространенными отеками и водянкой серозных полостей

Nephrotic syndrome means complex of symptoms with massive proteinuria, hypoalbuminemia, with plasma albumin levels less than 3 g/dl. generalized edema, hyperlipidemia and lipiduria

Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі(БСЖ) –бүйрек қызметінің үдемелі жеткіліксіздігі.

Хроническая почечная недостаточность (ХПН) - прогрессирующее уменьшение функций почек

Chronic renal failure is progressive and irreversible deterioration of renal function due to slow destruction of renal parenchyma

Уремия – (грекше uron - несеп, зәр, haima– қан) – несеп қанды, бұл синдром бүйрек қызметінің декомпенсациялық кезеңінде дамиды.



Уремия (от греч. uron –моча, haima - кровь) – мочекровие, синдром, возникающий при декомпенсации функций почек



Uremia (uremic syndrome) (from Greek. Uron- urine, haima - blood) – urine in blood.End-stage kidney. Syndrome of decompensated renal failure

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі

  1. Клиникалық патофизиология Нұрмұхамбетов Ә.Н. 2016, 408-412-б

  2. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т.-2013. С. 425-448; 467-470

Қосымша
3.Ақпараттық блок (Powerpoint программасындағы дәрістер)
4. V.Kumar, A.K. Abbas, J.C. Aster. Pathologic basis of disease, 9th edition, 2014, Ch. 20, 930-933; 950-951 Garry D Hammer, Stephen J.McPhee Pathophysiology of disease. An introduction to clinical medicine 7rd edition, New York, 2014.- Ch/16p.476-479

  1. K.L. McCance, S.E. Huether. The biologic basis for disease in adults and children.- 2014.- Ch/38, p. 1340-1351

ЛИТЕРАТУРА:
Основная

  1. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т.-2013. -С.; 425-448; 467-470

  2. Клиническая патофизиология Нурмухамбетов А.Н. 2016, Т.2 с 408-412



Дополнительная

  1. Блок информации (лекции в программе Power point)

  2. V.Kumar, A.K. Abbas, J.C. Aster. Pathologic basis of disease, 9th edition, 2014, Ch. 20, 930-933; 950-951

Garry D Hammer, Stephen J.McPhee Pathophysiology of disease. An introduction to clinical medicine 7rd edition, New York, 2014.- Ch/16

  1. p.476-479

  2. K.L. McCance, S.E. Huether. The biologic basis for disease in adults and children.- 2014.- Ch/38, p. 1340-1351

Электрондық көздер:
1.Основы патологии заболеваний по Роббинсу и Котрану. Перевод с английского, 2016 г.-Москва. Логосфера. Часть 2. Системная патология. Глава 20. Стр. 1089-1092 (имеется на кафедре)
2. Clinical Learning by ELSEVIER
Сабақ жүргізу түрі:
Сабақтың сұрақтары бойынша пікір талас, тестілеу, кіші топта жұмыс жасау: кейстер бойынша патофизиологиялық талдау, кесте толтыру
Бақылау: бағалау – жиынтық баға, білімі, түсінуі, білімін қолдануы бағаланады, материалады талқылау, тестілеу, есептерді шешу негізінде қойылады.


СОӨЖге тапсырма: сабақ тақырыбына сәйкес есептерді 3 тілде (студенттің таңдауы бойынша) патофизиологиялық сараптау (әдістемелік нұсқауды қараңыз)
Қашықтықтан оқыту кезінде: Dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында
СОӨЖ бақылау: кеңестер кезінде кері байланыс арқылы


СӨЖге тапсырма: «Гломерулонефритттің клиникалық көріністерінің патогенезі» тақырыбына 3 тілде (студенттің таңдауы бойынша) майнд-мап құрастыру
Қашықтықтан оқыту кезінде: Dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында
СӨЖ бақылау: Бағалау –жиынтық баға


Сабақ № 4. Бүйректің жедел және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері. Несеп-тас ауруының патофизиологиялық механизмдері.

Сабақ соңында студент қабілетті болады:





  • Сабақтың тақырып сұрақтарын білу

  • Бүйрек қызметінің бұзылуының патогенезін түсіну

  • Клинико- лабораторлы көрсеткіштерді талдауды жетілдіру.

  • топта тиімді жұмыс істеу дағдылары

Тақырыптың негізгі сұрақтары:



  1. Бүйректің жедел жеткіліксіздігінің даму себептері мен патогенезі.

  2. Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігінің даму себептері.

  3. Бүйрек қызметі бұзылу дәрежесі және диурез өзгерістері бойынша БСЖ сатылары, патогенезі

  4. Уремия, анықтамасы, организмдегі өзгерістердің патогенезі

  5. Балаларда бүйрек жеткіліксіздігінің даму ерекшеліктері

  6. Бүйректас ауруы, анықтамасы, түсінігі.

  7. Несеп-тас ауруының пайда болуына әсер ететін факторлар .

  8. Несеп тастарының түзілу механизмдері

  9. Несеп-тас ауруының асқынуы

Тәжірибелік жұмыс

1. Тапсырма

Кейс-стади.



1 есеп.
Қан сарысуындағы креатинин 6,9 мг/л (қалыпты 12-14 мг/л), несеп – 520 мг/л (қалыпты 200-500 мг/л). Зимницкий сынауы:

Уақыт

Несеп көлемі

Несептің салыстырмалы тығыздығы

9
12
15
18
21
24
3
6

80
100
70
80
150
200
100
150

1030
1020
1025
1020
1021
1025
1025
1021

  1. Зимницкий сынауын бағалаңыз

  2. Эндогенді креатинин бойынша клиренсті есептеңіз. Осы көрсеткіштің өзгерістері нені анықтайды?

2 есеп. Науқас, 27 жаста, ер кісі, аяқ қолы мыжылған, ауыр жарақат алғаннан кейін шоктық жағдайда болды, несепті аз мөлшерде бөлді. Қанда қалдық азот - 142,7 ммоль (200 мг%), калий 6 ммоль/л. Инулин клиренсі 40 мл/мин.



  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі орын алды?

  2. Көрсетілген бүйрек жеткіліксіздігі постренальдық деп атауға болады ма?

  3. Инулин клириенсінің көрсеткіші нені дәлелдейді?

  4. Науқас қанындағы калий деңгейінің жоғарылауы немен байланысты?

Есеп №3.
Науқас Б., 45 жастағы ер кісі, АҚ 200/140мм с.б.б., жүректің сол қарыншасының гипертрофиясы анықталған, несептің салыстырмалы тығыздығы Зимницкий сынамасы бойынша 1008-1010, тәуліктік диурез мөлшері 3 литр, креатинин клиринсі 60 мл/мин, қандағы қалдық азот 40 ммоль/л

  1. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігінің қандай түрі орын алды?

  2. Науқаста жүрек гипертрофиясының патогенезі қандай?

  3. Артериялық гипертензияның дамуын қалай түсіндіруге болады?

  4. Креатинин клириенсінің көрсеткіші нені дәлелдейді? Креатинин клириенсінің көрсеткішіне байланысты полиурияны қалай түсіндіреміз?



4 есеп.

К есімді ер кісі, 48 жаста созылмалы диффузды гломерулонефритпен 5 жыл бойы ауырады. Соңғы екі аптада жүрегінің қысып ауыру сезімі, жүректің жиі қағуы, айқын ісінулер әсіресе жүрген кезде аяқтарында байқалады. Несеп талданымының қорытындысы: тәуліктік диурез 1100 мл, тығыздығы 1,042, нәруыз 3,3%. Несеп тұнбасының микроскопиясы: көп мөлшерде түйіршікті және балауыз тәрізді цилиндрлер. АҚ 170/95 мм с.б.б. Қан талданымы: қалдық азот 70 ммоль/л, жалпы нәруыз 4,8 г/л, әлбуминдер 1,5 г/л глобулиндер 2,8 г/л, гиперлипидемия, гипернатриемия.

1. Науқастағы симптомдар патологияның қай түрінің дамуына тән?
2. Майлар алмасуы бұзылысының қай түрі дамуы мүмкін және оның даму тетіктері қандай?
3. Гиперлипидемияның ұзаққа созылғанда мүмкін болатын салдарлары қандай?
4. Науқаста бүйрек жеткіліксіздігі мен уремияның белгілері бар ма?
5 есеп.
Науқас П., ер адам, 52 жаста, 12 жылдан бері созылмалы гломерулонефритпен зардап шегеді, соңғы күндері күндіз ұйқышылдық, түнде ұйқысыздықтың болғанын, тез шаршағыштық, бұлшықеттердің әлсіздігі, апатия, эпигастральды аймағында және кеуде тұсында ауырлық сезімі, құсу, іш өту, тері қышуына шағымданып дәрігерге келді.
Зерттеп тексергенде: АҚ 165/95 мм с.б.б. жүрек шекарасы солға кеңейген, жүректің барлық аймағында перикардтың үйкеліс шуы естіледі. Қан талданымы: анемия, лейкопения; азотемия, гипо‑ және диспротеинемия, эндогенді креатинин клиренсі 45 мл/мин. Несеп талданымы: тәуліктік диурез 450 мл, тығыздығы 1,029, протеинурия. Несеп тұнбасының микроскопиясы: көру аймағында эритроциттер — 10, көп көлемде лейкоциттер, аздаған түйіршікті және балауызды цилиндрлер. ҚСҮ көрсеткіші: рН 7,32; рСО2 32 мм с.б.б. SB 16 мэкв/л, ТК несепде 11 мэкв/л, NH+4 10 мэкв/л.
1 Науқаста дамыған жағдайды сіз қалай тұжырымдайсыз?
2. Осы жағдайдың дамуының мүмкіндік себептері қандай?
3 Психоневрологиялық, кардиологиялық және гематологиялық симптомдар дамуының, ҚСҮ мен несепдегі өзгерістердің шығу тегі қандай? (Уремиялық синдромның патогенезін дәрістен қараңыз).
4. Науқаста болған бұзылыстардың өршуі қандай жағдайларға әкелуі мүмкін?

2 тапсырма. «Балаларда бүйрек патологиясының ерекшелігі» кестені толтырыңыз.



Жаңа туылғандарда бүйрек қызметінің транзиторлы бұзылуы




Несепқышқылды инфаркт




Физиологиялық гипостенурия




Бүйрек патологиясының шығуы бойынша негізгі топтары




Балалардағы бүйрек жеткіліксіздігінің этиологиясы мен патогенезінің ерекшеліктері.




3 тапсырма. Несеп анализін талдап түсіндіру





1
Науқастың АЖ
Жынысы ер адам
Жасы 27
Несептің түсі – сабан түстес сары
Несептің мөлдірлігі - мөлдір
Несептің қышқылдығы немесе рН - 6
Несеп тығыздығы - 1,012 г/л
Несептегі нәруыз - 0,030 г/л
Эритроциттер - жоқ
Лейкоциттер - 3 к/а
Эпителий жасушалары - жоқ
Цилиндірлер - жоқ



2
Науқастың АЖ
Жынысы ер адам
Жасы 34
Несептің түсі - ет жуындысы түстес
Несептің мөлдірлігі - бұлынғыр
Несептің қышқылдығы немесе рН- 7,5
Несеп тығыздығы- 1,032 г/л
Несептегі нәруыз - 1,63 г/л
Эритроциттер- көп мөлшерде
Лейкоциттер - 4-5-6 к/а
Эпителий жасушалары бүйрек эпителиі 14 к/а.

3
Науқастың АЖ
Жынысы ер адам
Жасы 54
Несептің түсі – бұлынғыр
Несептің мөлдірлігі - бұлынғыр
Несептің қышқылдығы немесе рН - рН 6,3
Несеп тығыздығы - 1,040 г/л
Несептегі нәруыз - 3,28 г/л
Эритроциттер – 13-15-16 к/а
Лейкоциттер - 0-8 в п/з
Эпителий жасушалары - 16 к/а
Цилиндірлер - балауыз тәрізді, түйіршікті, эритроцитарлық, цилиндрлер

4
Науқастың АЖ
Жынысы әйел
Жасы 44
Несептің түсі – бұлынғыр
Несептің мөлдірлігі - бұлынғыр
Несептің қышқылдығы немесе рН - 4
Несеп тығыздығы - 1,014 г/л
Несептегі нәруыз - 0,031 г/л
Билирубин -60мг/л
Уробиленоген -20мг/л
Эритроциттер – 0-2 к/а
Лейкоциттер – 0-3к/а
Эпителий жасушалары – 1-2 к/а
Цилиндрлер - жоқ



4тапсырма Нечипоренко бойынша несеп талданымы



5
Науқастың АЖ
Жынысы ер адам
Жасы 35

Лейкоциттер - 1мл/ 2000


Эритроциттер - 1мл /1000
Цилиндірлер - гиалинді 1 мл /18



6
Науқастың АЖ
Жынысы әйел
Жасы 36

Лейкоциттер - 1мл/ 2000


Эритроциттер - 1мл /5000
Цилиндірлер - гиалинді, түйіршікті, эритроциттік, 1 мл/ 25



7
Науқастың АЖ
Жынысы ер адам
Жасы 31

Лейкоциттер - 1мл/ 2000


Эритроциттер- 1мл/ 3000
Цилиндрлер - гиалинді, балауызды 1 мл 35



8
Науқастың АЖ
Жынысы ер адам
Жасы 41

Лейкоциттер - 1мл/ 6000


Эритроциттер - 1мл/ 1000
Цилиндрлер - гиалинді, түйіршікті 1 мл 28

Глоссарий



Бүйректің созылмалы жеткіліксіздігі(БСЖ) –бүйрек қызметінің үдемелі жеткіліксіздігі.

Хроническая почечная недостаточность (ХПН) - прогрессирующее уменьшение функций почек

Chronic renal failure is progressive and irreversible deterioration of renal function due to slow destruction of renal parenchyma

I БСЖ – латенттік сатысы . креатининнің плазмадағы көрсеткіші мен шумақтық фильтрация жылдамдығы қалыпты жағдаймен сипатталады, бірақ қоюландыру мен суюландыру күштемелік сынамаларын өткізгенде бүйректің қызметтік резервінің төмендегені анықталады.

Стадия I ХПН - латентная. характеризуется нормальными показателями содержания креатинина в плазме крови и скорости клубочковой фильтрации, но при проведении нагрузочных проб на концентрацию и разведение выявляется уменьшение функционального резерва почек.

Stage I CRF - latent. characterized by normal values of creatinine content in plasma and glomerular filtration rate, but loading tests reveal reduced functional renal reserve.

II БСЖ – гиперазотемиялық сатысы (креатениннің қан плазмасындағы концентрациясы 150 мкмоль/л және жоғары, зәрнәсіл - 11 ммоль/л және жоғары). шумақтық фильтрация жылдамдығы қалыптыдан 40-10% төмендеген

Стадия II ХПН- гиперазотемическая (концентрация креатинина в сыворотке крови 150 мкмоль/л и выше, мочевины - 11 ммоль/л и выше). клубочковая фильтрация понижена до 40-10% от должной

Phase II CRF azotemia (creatinine concentration in the serum of 150 miсromol / L or higher, urea - 11 mg / dL and above). glomerular filtration is reduced to 40-10% of predicted

III БСЖ – уремиялық сатысы, шумақтық фильтрация жылдамдығы қалыптыдан 10-5% дейін төмендеуімен сипатталады, гиперазотемияның жоғары деңгейі мен уремияның клиникалық көріністері анықталады .

Стадия III ХПН - уремическая, характеризуется снижением скорости клубочковой фильтрации до 10-5% от должного, имеется высокая степень гиперазотемии и клинические признаки уремии

Stage III CRF - uremic, characterized by a decrease in glomerular filtration rate up to 10.5% of predicted, there is a high degree of azotemia and clinical signs of uremia

Бүйректің жіті жеткіліксіздігі (БЖЖ) – бұл жылдам дамитын, қайтымды болуы мүмкін, бүйрек қызметінің төмендеуі, гиперазотемия дамуы және органдар қызметтері мен гомеостаздың басқа да көп бүліністерімен қатар жүреді.

Острая почечная недостаточность (ОПН) - это быстро возникающее, потенциально обратимое, резкое снижение функции почек, сопровождающееся появлением гиперазотемии и многих других нарушений гомеостаза и функций органов

Acute renal failure (ARF) - a sharp decline in renal function, accompanied by the appearance azotemia and many other disorders of homeostasis and organ functions

БЖЖ бастапқы сатысы бірнеше сағаттан 1-3 тәулікке дейін созылады, негізгі шақырған аурудың симтомдарымен сипатталады; бүйрек қызметінің бұзылыстарының көріністері әлі жоқ; көбінесе алғашқы көрінісі болып гемодинамика бұзылыстары шығады.

Начальный период ОПН имеет длительность от нескольких часов до 1-3 суток, проявляется симптомами основного заболевания; признаки нарушения функции почек еще отсутствуют; как правило, на первый план выступают нарушения гемодинамики

The initial period of acute renal failure (from a few hours to 1-3 days), is manifested by symptoms of the underlying disease; signs of renal dysfunction are not yet available; as a rule, there is hemodynamic instability

БЖЖ олигоурия сатысы (5 тәуліктен 2-3 аптаға дейін созылады) тәуліктік диурез көлемі 500 мл аспауымен сипатталады; олигурия ануриямен ауысыуы мүмкін (диурез тәулігіне 50-100 мл төмен).

Период олигурии ОПН (длительность от 5 суток до 2-3 недель) характеризуется объемом суточного диуреза менее 500 мл; олигурия может смениться анурией (диурез менее 50-100 мл/сутки).

Period of oliguria of ARF (from 5 days to 2-3 weeks) is characterized by the volume of daily urine output of less than 500 ml; oliguria may be changed by anuria (urine output less than 50-100 mL / day).

Диурездің қалпына келу сатысы ( 5-10 күн) несеп шығарылымы көбейуімен сипатталады, себебі: 1) вазоконстрикция токтайды және тамыр өткізгіштігі қалпына келеді; 2) өзек өткізгіштігінің қалпына келеді; 3) интерстиция ісінуінің төмендейді.

Период восстановления диуреза ( 5-10 дней) характеризуется увеличением объема выделяемой мочи, что объясняется: 1) прекращением вазоконстрикции и восстановлением проходимости сосудов; 2) восстановлением проходимости канальцев; 3) уменьшением отека интерстиции.

The period of diuresis restoration (5-10 days) is characterized by an increase in the volume of urine, due to: 1) termination of vasoconstriction and restoration of vascular permeability; 2) restoration of patency of the tubules; 3) reduction of interstitial edema.

Сауықтыру сатысы 6 - 12 айға дейін жалғасады. Ол біртіндеп диурез көлемінің, өзек эпителиі қызметінің, инулин және эндогенді креатинин клиринсінің қалпына келуімен сипатталады.

Период выздоровления занимает от 6 до 12 месяцев. Он характеризуется постепенной нормализацией объема диуреза, функций канальцевого эпителия, величины клиренса эндогенного креатинина

Recovery period takes 6 to 12 months. It is characterized by the gradual normalization of diuresis, tubular functions, the value of endogenous creatinine clearance

Уремия – (грекше uron - несеп, зәр, haima– қан) – несеп қанды, бұл синдром бүйрек қызметінің декомпенсациялық кезеңінде дамиды.

Уремия (от греч. uron –моча, haima - кровь) – мочекровие, синдром, возникающий при декомпенсации функций почек

Uremia (uremic syndrome) (from Greek. Uron- urine, haima - blood) – urine in blood. End-stage kidney. Syndrome of decompensated renal failure

Гиперфильтрация – БСЖ үдеуін жылдамдатын қалған сау зақымданбаған нефрондарда фильтрацияның жоғарылауы

Гиперфильтрация –повышение фильтрации в оставщихся, не поврежденных нефронов приводящий к прогрессированию ХПН

Hyperfiltration –is increased filtration rate in undamaged nephrons, leads to the progression of chronic renal failure

Уремиялық токсиндер- аутоинтоксикацияға әкелетін уремия кезінде жиналатын заттар (зәрнәсіл, зәр қышқылы, фенолдар, олиго пептидтер, парагормон )

Уремические токсины- вещества накапливающиеся при уремии приводящие к аутоинтоксикации (мочевина, мочевая кислота, фенолы, олиго пептиды, парагормон )

Uremic toxins - substances accumulated in uremia (urea, uric acid, phenols, oligo peptides, parathormone) induce autointoxication



Уремиялық опа – теріде терден кристалданған зәрнәсілдің жиналуы

Уремический иней - Отложение выкристаллизовавшейся из пота мочевины

Uremic frost - deposits of crystallized sweat urea

Перикард үйкеліс шуы - уремия кезінде шырышты қабықтардан қалдық азот заттардың шығарлуы, жүрек ұшында естілетін сықырлаған дыбыс.

Шум трения перикарда - скребущий звук, прослушиваемый над верхушкой сердца, при уремии через серозные оболочки выделяются шлаковые азотистые продукты

Pericardial friction rub- scraping sound, listening over the top of the heart due to inflammation, induced by uremic toxins which are being excreted through serous membranes

Бүйректік остеодистрофия - БСЖ –нен қанқаның зақымдануы. Гиперфосфатемия,
гипокальциемияның арқасында дамыған екіншілік гиперпаратиреозбен негізгі өзгерістер шақыралады (сүйекте метаболизмнің жылдамдауы, фиброзды остеит).

Почечная остеодистрофия - поражение скелета вследствие ХПН. Основные изменения могут быть вызваны: вторичным гиперпаратиреозом (усиленный костный метаболизм, фиброзный остеит), возникающим в результате
гиперфосфатемии,
гипокальциемии

Renal osteodystrophy - skeletal damage due to chronic renal failure. The main changes can be caused by: secondary hyperparathyroidism (enhanced bone metabolism, fibrous osteitis) arising from
hyperphosphatemia,
hypocalcemia

ӘДЕБИЕТТЕР:


Негізгі
1.Клиникалық патофизиология Нұрмұхамбетов Ә.Н. 2016, 412-420-б
2.Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга О.И. Уразовой- М.: ГЭОТАР-МЕД, 2т.-2013. -С.; 453-467
Қосымша

  1. Ақпараттық блок (Powerpoint программасындағы дәрістер)

  2. V.Kumar, A. Abbas, J. C. Aster. Robbins' Pathologic basis of disease / Elsevier.- 2014.- Ch. 20, p. 897-898

  3. Garry D Hammer, Stephen J.McPhee Pathophysiology of disease. An introduction to clinical medicine 7rd edition, New York, 2014.- Ch/16, p. 463-472

  4. K.L. McCance, S.E. Huether. The biologic basis for disease in adults and children.- 2014.- Ch/38, p. 1360-1373

  5. James A. Sheiman. Pathophysiology of the kidney. M. SPb: Binom Publishing House, 2002.- 206p

Электрондық көздер:
1. .Основы патологии заболеваний по Роббинсу и Котрану. Перевод с английского, 2016 г.-Москва. Логосфера. Часть 3. Системная патология. Стр. 865-1029 (имеется на кафедре)
2. Clinical Learning by ELSEVIER
Сабақ жүргізу түрі:
Сабақтың сұрақтары бойынша пікір талас, тестілеу, кіші топта жұмыс жасау: патогенез схемасын құру, кейстер бойынша патофизиологиялық талдау,


Бақылау: бағалау – жиынтық баға, білімі, түсінуі, білімін қолдануы бағаланады, материалады талқылау, тестілеу, есептерді шешу негізінде қойылады.


СОӨЖге тапсырма: сабақ тақырыбына сәйкес есептерді 3 тілде (студенттің таңдауы бойынша) патофизиологиялық сараптау (әдістемелік нұсқауды қараңыз)
Қашықтықтан оқыту кезінде: Dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында
СОӨЖ бақылау: кеңестер кезінде кері байланыс арқылы


СӨЖге тапсырма: «Бүйректас ауруы» тақырыбына 3 тілде (студенттің таңдауы бойынша) майнд-мап құрастыру: Dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында
СӨЖ бақылау: Бағалау –жиынтық баға
Аралық бақылау:
Аралық бақылауды жүргізу формасы: Біріктірілген аралық бақылау. Үш тілдегі сұрақтар
ҚО кезінде: ауызша сұрау zoom.us (Webex), теамс платформаларында
Бақылау: Аралық бақылаудың балдарын есептеу тиісті бағалау парағын толтырғаннан кейін жүргізіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет