С. М. Исаев Қазіргі қазақ тілі морфология



бет27/97
Дата15.11.2022
өлшемі1,93 Mb.
#158238
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97
Байланысты:
ЛЕКЦИЯға 2
ввя лекции, ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке
Пысықтау үшін сұрақтар
1.Жалғаудың басқа қосымшалардан еркшелігі неде?
2. Қазақ тілінде қандай жалғаулар бар?
3. Көптік жалғау сөз бен сөзді байланыстыра ала ма?
4.Көптік жалғау көптік ұғымнан басқа қандай ұғымдарды береді?
5. Көптік немесе сан-мөлшер категориясы болу үшін қандай алғышарттар қажет?
6. Көптік ұғым қандай тәсілдермен беріледі?
Әдебиеттер:

  1. А .Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. А.,1974. 40-48-б.

  2. Қазақ тілінің грамматикасы. А.,1967. 51-54-б.

  3. Данияров А. Қазіргі қазақ тілінде көптік категориясының берілу жолдары//Тіл мен әдебиет мәселелері. А.,1963.

  4. Ы. Маманов. Қазақ тіліндегі көптік форма. Жинақ: Қазақ тілі мен әдебиеті. ІІ шығуы. А.,1973.

  5. Н. Оралбаева. Зат есімнің көптік категориясы. //Қазақ тілі мен әдебиеті.1959. №3.

  6. М. Нұрғалиева. Көптік жалғау туралы. (көмекші құрал). А.,1971.

  7. С. Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. А.,1998. 64-70-б.



ІХ. Тәуелдік жалғау


1. Тәуелдік- иелік ұғымның берілуі.

  1. Тәуелдік жалғау және тәуелдік категориясы.

  2. Тәуелдік және жақтық мағына.

  3. Ортақ және оңаша тәуелдеудің мәні.



Сабақтың мақсаты
Тәуелдік жалғаудың мағыналық, қызметтік ерекшеліктерін түсініп, білу арқылы оның грамматикалық сипатын, категориялық мәнін меңгеру.

Бір заттың екінші бір затқа меншікті, тәуелді, қатысты болуы – тілдегі ақиқат құбылыс. Бұндай заттар арасындағы меншіктілік - тәуелділік қатынас қандай тілде болса да бар. Бірақ ондай ұғымдардың грамматикалық мәні мен сипаты, берілу амал-тәсілдері барлық тілдерде бірдей, біркелкі бола бермейді. Қазақ тілінде бұл мән (грамматикалық тәуелділік ұғым) тәуелдік жалғау арқылы (ілік септік пен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесінен немесе кейде ілік септікті сөз болмай, жалғыз тәуелдік жалғаулы сөзден, өйткені тәуелдік жалғаулы сөз сол жалғау арқылы әрі тәуелдік және жақтық мағынаны білдіріп, әрі өзіне қатысты ілік септікті сөзді меңзеп тұрады) және меншіктелуші зат атауы мен буын үндестігіне бағынбайтын -нікі, -дікі, -тікі қосымшалары сөздің тіркесі арқылы беріледі. Осы арқылы яғни жақ түрлеріне байланысты (қайшы грамматикалық мағыналар) тәуелділік (тектес бір мәнді) грамматикалық мағыналар жиынтығы парадигмалық жүйе болып табылатын белгілі грамматикалық формалар (әр жаққа байланысты бөлек-бөлек қосымшаның - грамматикалық тұлғаның болуы) негізінде берілуі


арқылы қазақ тілінде тәуелдік категориясы грамматикалық категория болып қалыптасқан.
Тәуелдік мағына белгілі жаққа және иеленуші ілік септіктегі сөздің жекеше я көпше тұлғасына қарай оңашалық немесе ортақтық мәнге байланысты тәуелденуші сөздің жекеше я көпше тұлғаларында сөздің соңғы дауысты-дауыссыз, ал буынының жуан-жіңішкелігіне қарай мынадай тұлғалар арқылы беріледі:
1 - жақ: -ым, -ім, -м және -ымыз, -іміз, -мыз, -міз
2- жақ: анайы -ың, -ің, -ң және (-лар, -дар, -тар) -ың
(-лер, дер, -тер) -ің сыпайы -ыңыз, -іңіз,- ңыз, -ңіз және (-лар, - дар, -тар) -ыңыз (-лер, -дер, -тар) -ы,
3- жақ: -ы, -і, -сы, -сі және (-лар, -дар, -тар) -ы
(-лер, -дер, -тер) -і
Тәуелдеудің оңаша және ортақ тәуелдеу түрі тәуелденетін заттың (заттардың) бір я бірнеше затқа, адамға тән екенін білдірумен байланысты. Оңаша тәуелдеуде бір я бірнеше зат бір ғана затқа (адамға) тәуелді болып келеді, яғни ие болатын зат (адам) біреу болады, сондықтан ол (ілік септіктегі сөз) тек жекеше тұлғада тұрады да, иеленетін (тәуелдепетін) зат біреу немесе бірнешеу болуы мүмкін, сондықтан ол (тәуелдік жалғауындағы сөз) жекеше де, көпше де тұлғада тұра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет