Мұғалімі: Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп -гимназиясы Тәрбие сағаты: «Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі»



Дата30.11.2023
өлшемі20,39 Kb.
#194223
Байланысты:
Еңбең түбі береке
ввя лекции, ввя лекции, Дуйсеналыы Аружаан., Презентация 6, psih obsh i dov, Әлеуметтанудың рөлі, ЛЕКЦИЯға 2, Еңбең түбі береке, Еңбең түбі береке

Бекітілді:


Күні: 17.09.2018 ж
Сыныбы: 2 « »
Мұғалімі:

Үш тілде оқытатын №21 орта мектеп -гимназиясы

Тәрбие сағаты: «Еңбек-өмірдің тұтқасы, тіршіліктің көзі»

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті деген сөздің мән мағынасын ашып түсіндіру мен қатар еңбекке тәрбиелеу.

Рәсімдеу

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.
Түбінде баянды еңбек егін салған.

Музыкалық және бейне көркемдеу

Бейнекөрсетілім

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Интерактивті тақта Бейнепроектор Компьютер

Үлестірмелі материалдар

Еңбек туралы мақал-мәтелдер, презентация.

Эпиграфтар

Еңбекті жан-тәнімен сүймейінше,
Ешбір талант та, ешбір кеменгер де шықпайды.
Д. И Менделеев



Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

«Бақыт кілті еңбекте»
Бейнекөрсетілім

Дайындыққа арналған әдебиет



«Еңбек» сайты
https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/745/

Сабақтың басы ширату

Ой қозғау стратегиясы:
1.Еңбектің адам өмірінде қандай маңызы бар?
2.Еңбек етуде адамның қандай ерекшелігі байқалады?
3.Еңбексүйгіштік қасиетті қалай түсінесіңдер?

Сабақтың ортасы

«Еңбексіз адам өзінің бар адамдық қасиетінен және барлық құнынан айырылады. Адам өзінің жеке еңбегінсіз бір адымда алға ілгерілей алмайды; бір жерге тұрақтап тұрып қалуға да тиісті емес; ол адам қайта кері кетеді», -дейді К.Д.Ушинский.
бай нағыз пайдалы еңбек деп әр түрлі қолөнерді, егіншілікті және білім алуды, оқуды есептеді. Ақыл - білім алу күрделі еңбек арқылы келеді деп философиялық тұжырым жасады. Ол жастарды ең алдымен отбасы және мектеп арқылы тәрбиелеудің маңызды рөлін ерекше бағалады.
Еңбектің бейнеті мен зейнетін басынан өткізген халқымыз баланы еңбекке тәрбиелеуді отбасынан бастаған. Қазақ халқы жастарды еңбекке баулығанда күнделікті кәсібіне, тұрмыс тіршілігіне байланысты төрт түлік малды бағып - қағуды, аң аулап кәсіп етуді ойластырған. Халқымыз еңбек пен өнерді егіз санаған. Жүн иіріп, өрнек тоқу, киіз басып, үй жабу, ою ойып, сырмақ, түс киіз өрнектеу, тері илеп, бас киім тігу қыздар, әйелдер үшін ерекше өнер санаған.

Тәрбие- халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттердің жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.


Тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты төңірегіндегі пікірталас ежелгі дәуірдің өзінде-ақ басталған. Ежелгі ойшылдар тәрбиенің мақсаты ізгі, рақымшыл азаматтарды тәрбиелеу деп түсінді. Сократтың түсінігінше, тәрбие заттардың табиғатын зерттеу емес, өз-өзіңді тану, аса құлықтылықты жетілдіру. Сократтың шәкірті Платон ақыл-ой және сезімді тәрбиелеуге көп ықылас білдірген.


Еңбегіне қарай — құрмет, 
Жасына қарай — ізет.

Еңбек ер атандырады.


Еңбек ерлікке жеткізер, 


Ерлік елдікке жеткізер.

Еңбек еткен — мұратқа жеткен.

Еңбек етпей елге өкпелеме, 
Егін екпей жерге өкпелеме.

Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады, 


Еріншек ұйқыдан қирап тұрады. 

Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің.


Ердің атын еңбек шығарады.


Бақыт кілті еңбекте.

Еңбек ширатады,


Өмір үйретеді.

Маңдайы терлемегеннің


Қазаны қайнамайды.

Еріншектің ертеңі бітпес,


Жеңілтектің селтеңі бітпес.

Еңбек етсең ерінбей,


Тояды қарның тіленбей.

Сабақтың соңы

Қорытынды.
Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады. Сондықтан әрқашан «Оқу мен еңбек егіз» деген нақылды есімізден шығармайық.


«Аяқталмаған сөйлем » әдісі.
Еңбек- бәрінде жеңбек .............



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет