С температурада сүттің бактерицидтік қасиеті үш сағатқа, 15



бет66/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,66 Mb.
#80676
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Байланысты:
сүзбе технологиясы

7 тәжірибелік сабақ
Сабақтың тақырыбы: Сиыр сүтін желінсауға тексеру
Сабақтың мақсаты: Сиыр сүтін желінсауға тексеру әдістерін меңгеру Желінсаумен ауырған сиыр сүтін анықтаудың тәсілдерінде белгілі клиникалық әдіспен қатар басқа төмендегі тәсілдерді де пайдалануға болады: индикаторлық тәсіл, бромтимолблау, каталазаның мөлшерін, димастинмен реакция, сүт ішіндегі лизоцимді анықтау, соматикалық жасушалар санын анықтау. Индикаторлық тәсіл жол-жол етіліп қойылған қағазды бромкрезолпурпурдың 1% спирт ерітіндісіне батырып алып, кептіргеннен кейін индикатор ретінде пайдалануға болады. Жақсы араластырылған сүтке индикаторлық қағаздың шетін батырып, жарты минуттан кейін қағазды алып, үстіндегі сүт қалдықтарын сілкіп түсіреді де, индикаторлық қағаздың түсін эталонмен салыстырып, желінсау ауруының бар жоғы анықтайды. Егерде желінсау бар болса индикаторлық қағаздың қиындысы ашық немесе қоңыр көк түске боялады. Бромтимолблаумен байқап білу. Ақ түсті фарфор пластинканың үстіне тексерудегі 2-4 тамшы сүтті және бромтимолблаудың 0,2% спирттегі ертіндісінің 1-2 тамшысын тамызып араластырады. Желінсаудан аман сиыр сүті сары, жасыл-сары түсте болады, ал желінсаумен ауырған сиырдың сүті көк жасыл түстен сары түске дейін боялады. Бұдан басқа желінсау сиырдың сүтін анықтау үшін розол қышқылы мен фенолротты пайдалануға болады. Бірақ бұлармен пайдаланғанда сүттің ішінде соданың болмауы шарт. Розол қышқылымен реакция. Пробирканың ішінде 3-5 мл тексерілетін сүтті құйып оған осы мөлшерде розол қышқылының 0,2% спирттегі ерітіндісін қосады. Сау сиырдың сүті қызғылт сары түске боялады да, ал желінсау сиыр сүтінің түсі қызғылт күрең тартады. Уайтсайд үлгісі. Сүтті ақ түсті фарфор пластинкасының үстінде тексереді. Ол үшін тексерудегі 1 мл сүтке 4% күйдіргіш натр ертіндісінің 0,2 мл қосады. Егер де сүт сау сиырдікі болса, оның ішіндегі лейкоциттің мөлшері де нормадағыдай біртектес болады, ал ауру сиырдың сүті қойыртпақтанып қалады, сүт үлпек пен сарысуға бөлінеді немесе жабысқақ масса пайда болады. Димастинмен реакция. Онымен бірнеше секундтың ішінде желінсау сиырдың сүтін анықтауға болады. Ол үшін пластинкалық шұңқырға 1 мл сүтті құйылады, оған 1мл димастин қосып, таяқшамен қоспаны 7-15 секундтай араластырады. Реакция нәтижесі әр шұңқырдағы қоспаның түсі мен консистенциясына қарап анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет