С. Торайғыров атындағы Павлодар



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата07.02.2022
өлшемі14,15 Mb.
#95540
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Студенты ПГУ 
им. С. Торайгырова
2050 жыл – жай бейнелі дата емес. 
Бұл көреген саясаттың, үлкен мақсат-
тың, бір мүдденің арқасында, бір ту-
дың астына жиналған халықтың баян-
ды ғұмыр кешуін, бейбіт өмір сүруін 
кепілдендіретін, бабаларымыз аңсап 
кеткен «Мəңгілік Елге» деген жаңа 
серпіліс, анық жасалған қадам.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы ол 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси 
бағыты. Бұл Елбасының Жолдауы ар-
қылы Қазақстан халқына салып бер-
ген сара жолы. Бұл тек айтылған сөз 
емес.
Айтулы стратегиялық жоспардың 
нені көздегенін, нені атқаратынын
қандай нəтижеге жеткізетінін бірден 
түсініп біле салу қиын. Ең алдымен 
Нұрсұлтан Əбішұлының 1997 жылы 
жариялаған 2030 стратегиясынан 
бастап ұғыну керек. Жолдауды түсін-
гендер де болды, мəнін түсінбей үнсіз 
қалғандар да кездесті. Сол кездері 
тəуелсіздіктің бірінші бесжылдығын 
жаңадан тəмамдаған Қазақстан үшін 
де, кеңестік идеологиядан əлі шыға 
қоймаған халық үшін бұл жүйелі жос-
пар теңдесі жоқ құжат еді. 2030 Стра-
тегиясы ең алдымен Қазақстанның 
экономикалық жағдайын көтеріп, еодің 
тұрақты дамуына жеткізуді мақсат 
етті. Сонымен қатар, экономиканы 
дамыта отырып халықтың əлеуметтік 
деңгейін өсіріп, тұрмысын жақсартуға 
бағытталған болатын. Қазақстанның 
сол кездегі жағдайы өте тұрақсыз еді. 
КСРО құрдымға кеткеннен басталған 
жұмыссыздық, тоқтап қалған зауыттар 
мен фабрикалар, халықтың тұрмы-
сындағы күйзеліс, ел ішіндегі «Ертең 
не боламыз?!» деген күдік барлығы 
да жауапсыз сұрақ еді. Қысқасы бар-
лық сала тұрақсыз күйзелісте болды, 
соңғы демдерімен жаңа серпілісті 
күтіп тұрды. Осы кезде жарияланған 
«Қазақстан-2030» экономикалық даму 
стратегиясы қараңғы түнде қолға ұс-
татқан шамшырақтай болды. Осыдан 
басталып тəуелсіз Қазақстанның жаңа 
ғасырға қарай жасалған ұлы істері бас-
талды. Уақыт өте келе жоспар жемісін 
берді. Қазіргі таңда халықтың тұрмыс-
тіршілігі жоғарылап, қоғамда тұрақ-
тылық пен келісім орнады. Көпұлтты-
лыққа қарамай бейбіт өмір кешудеміз. 
Елімізде көптеген дін өкілдері тұрады, 
соған қарамай конфессияаралық қақ-
тығыстар орын алмай, керісінше ынты-
мағымыз арта түсуде. Жоғарда айтыл-
ған əр түрлі əлеуметтік мəселелер өз 
шешімдерін орынды табуда. Бұл ғана 
емес денсаулық сақтау саласы да бір 
жүйеге келтірілді, дəрігерлердің жала-
қысы көтерілді. Білім беру жүйесінде 
де осындай реформалар жүргізілді. 
Құрылыс саласы да айтарлықтай асу-
ларды бағындырды. Олардың бірі де, 
бірегейі – Астана қаласы. Ол бүгін 
əлем таңырқап қарайтын өзіндік сəу-
леті бар орда. Дүние жүзі көз тіккен 
«EXPO-2017» көрмесіне Астананың 
таңдалуы да көп нəрсені айтқызбай-ақ 
түсіндіреді. Өнеркəсібімізде өрлеу бар. 
«Қазақстанда жасалған» деп аталатын 
өзіндік қолтаңбасымен тауарларымыз 
да шыға бастады. Бəсекеге қабілетті 
50 елдің қатарына кірдік. Тізбектей 
берсең атқарылған істер көп. Осы айт-
қан жетістіктердің барлығы 2030 Стра-
тегиялық жоспарының нəтижесі.
2050 Стратегиясы да өз кезегінде 
үлкен батыстық саясаттанушыларды, 
қоғам қайраткерлерін, ақыр соңында 
əрине өз жұртшылығымызды біраз 
ойға батырды. 2030 Стратегиясы 
өзінің межелеген датасына жетпей 
жатып қалай аяқталды, не себепті 
жаңа 2050 жоспары жарияланды. 50-
ші жыл утопия емес пе?! Міне осы 
секілді сенімсіздікпен қойылған сұ-
рақтар болды. Бұндай құбылыстың 
болуы заңды болғандықтан, түсінікті 
жауаптар берілді. Яғни, 2030 Страте-
гиясы көздеген уақытынан бұрын, нə-
тижесін берді. Бұл бос сөз емес, оған 
дəлел соңғы Жолдаудан соң айтыл-
ған батыс сарапшыларының, отан-
дық саясаттанушылардың пікірлері 
мен Қазақстанның бүгінгі жағдайы. 
20 жыл бойы саяси салмағымызды 
нығайтумен болдық, мақсатқа жеттік. 
Қалыптасу кезеңі сонымен аяқталды. 
Енді еліміз өзіндік бет-бейнесі бар
өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұс-
танымы бар табысты мемлекет. Яғни, 
қалыптасқан мемлекеттің жаңа ке-
зеңі басталды. Жаңа тарихи кезеңді 
басқару үшін көреген саясат пен 
бүге-шүгесіне дейін ойластырыл-
ған жоспар қажет. Ол – 2012 жылы 
желтоқсанның 14-де жарияланған 
«Қазақстан-2050» қалыптасқан мем-
лекеттің жаңа саяси бағыты деген 
атпен жарық көрген Жолдау болды. 
Қазақстанның ары қарай дамуын 
жасайтын тарихи құжат болып отыр. 
Бұл өте кең көлемде құрастырылып 
шыққан, барлық салалар қамтыл-
ған, үлкен мақсаттары айқындалған 
стратегия. Дамушы елдер арасын-
да бəсекелестік қатал болмақ. Күн 
астындағы орын тек ең мықтыларға 
арналғанын нақты сезіне отырып, ұл-
тымыз жаһандық экономикалық тай-
таласқа дайын болуға тиіс. Ол үшін 
«Біз бірінші дəрежедегі мынадай мақ-
саттарымызды назардан шығармас-
тан, нысаналы əрі шабытты жұмыс 
істеуіміз керек:
• Мемлекеттілікті одан əрі дамыту 
жəне нығайту.
• Экономикалық саясаттың жаңа қа-
ғидаттарына көшу.
• Ұлттық экономиканың жетекші 
күші – кəсіпкерлікке жан-жақты қолдау 
көрсету.
• Жаңа əлеуметтік үлгіні қалыптас-
тыру.
• Білім беру мен денсаулық сақтау-
дың қазіргі заманғы жəне тиімді жү-
йесін құру.
• Мемлекеттік аппараттың жауап-
кершілігін жəне функционалдығын 
арттыру.
• Халықаралық жəне қорғаныс сая-
сатының жаңа сын-қатерлеріне па-
рапар саясат құру», – деп Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаев барша отан-
дастарына үндеу тастады. XXI ғасыр 
Қазақстанның алтын ғасыры болады 
деді.
2050 Стратегиясының атқара-
тын істері мен көздеген мақсат-
тары қаншалық көп болса да, түбі 
бір-ақ нəрсені мақсат етеді: Ең 
дамыған жетекші 30 елдің қатары-
на кіру. Бұл ұлы істер – болашаққа 
деген үкілі үмітіміздің тірегі жас-
тар үшін. Бүгінгі атқарып жатқан 
қыруар шаруаларымыз тек солар 
үшін жасалуда. Біз 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет