Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 6



бет3/86
Дата14.11.2019
өлшемі61,44 Mb.
#51811
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
6-сынып Қазақстан тарихы қмж





Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңі

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

  1. Білім алушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарын сабаққа аудару.

  2. Сабақ мақсатын білім алушылармен анықтау және сабақ кезеңдерімен таныстыру.

  3. «Алтын ережені» еске түсіру.

  4. Білім алушыларды оқу құралдары арқылы топқа бөлу.

Пазл, сәйкестендіру кестесі

Интербелсенді тақта, пенал.



Сабақтың ортасы

25 минут

Жаңа сабақтың жоспары:

1. Батыс Tүpiк қағанаты. Жер аумағы мен халқының этникалық құрамы.

2. Қaғaнaттың мемлекеттiк құрылымы.

3. Батыс Tүpiк қағанатының саяси жағдайы және қағанаттың әлсiреуi.

4. Батыс Tүpiк қағанатының шаруашылығы.
Сондай бір таласта 634 жылы нушиби тайпасының қолдауымен Ешбар Елтеріс билікті өз қолына алдады. Ол елді басқаруды қайта құрып, «он тайпа»-«он-оқ бұдун» жүйесін енгізеді. Қағанның он-оқ, он түменнен (әр түменде 10 мың қол) тұратын әскери жасағы болды. «Бұдун» сөзі ел, халық деген ұғымды білдіреді.

«Миға шабуыл» әдісі:

Түрік қағанатының ыдырауының басты себебі неде? (Ой қозғау)

Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаты тақырыбы

«Ойлан-жұптас -бөліс» әдісі арқылы білім алушылар мәтінмен және қосымша материалмен танысады.

Білім алушылардың алдарына 4 тапсырма беріледі. Әр оқушы өзінің білім деңгейіне сәйкес тапсырмаларды таңдау арқылы топқа бөлінеді.



1 тапсырма: Тарихи дерек бойынша «Білге мен Күлтегін» жазуы мәтінін оқып, төмендегі кестені толтырыңыз.

Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680—692жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.Қапағанның iнiсi Бөгүден (716ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.17 жасында Таңғұтқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғызжәне т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған. Білге қаған (шамамен 685-734) – ЕкіншіШығыс

Түрік қағанатының қағаны. Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған ушықтырған тайпа ішілік соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ал қайын атасы Тоныкөкті мемлекеттік

кеңесші етіп тағайындайды. Осылайша билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. "Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал, Білге қағанның

тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т.Жұртбай. "Дулыға", 131 б.). Бірақ бұл құт-береке өздігінен келмеп еді. «Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп жітіп, жаяу жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын ақыл-айламен, бірқатарын әскери күшпен қаратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қатаң, татабы халықтарына

қарсы, бергері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», - дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы). Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ, бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. Тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер біраз тыныстады. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды бір-біріне айдап салып, арандатып отырды. Білге

қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанып, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке

айналды. Осы кезде Тар түмен қарлұқтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қоластына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды. Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк,

Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өз-өзіне келуі үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. «Уақыт ұтқылары келіп тұр» деп,Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол

уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. «ұлы үштіктің» арқасында түркілер 722 ж. Қытайларды талқандады.



Дерек бойынша

Түрік


қағанаттары

басқа елдермен

қарым-

қатынаста



қандай

мақсатты

көздеді?


Тан

империясы

мен Түрік

қағанаттары

келісімге келе

алды ма?


Күлтегін

жазбалары

Түрік

қағанатының



әскері туралы

қандай


мағлұмат

береді?


Күлтегін

мен Білге

қағанның

батырлығы

н

дәлелдейтін



деректер

бар ма?


Деректің

құндылығы

неде?


















2 тапсырма «Шартты белгілермен жұмыс»: (шартты белгілерді орналастыр)

Қағанаттағы жоғары лауазым иелері: ябғу, шад, елтебер.


Сот қызметін атқарған адамдар: бұйрықтар, тархандар.

Қағанаттың негізгі халқы: қара будундар.


Тәуелді алым-салық төлеушілер- тат.




Ябғу




Тат




Тархандар




Бұйрықтар




Қара будундар




Шад




Елтебер


3 тапсырма: Венн диаграммасы

Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарындағы шаруашылықтың негізгі салаларының айырмашылықтарын, ортақ белгілерін қарастырыңдар.



Овал 7Овал 8

4 тапсырма: «Кроссенс» әдісі арқылы оқушылар берілген суреттердің бір-бірімен байланысын анықтап, дәлелдейді.

Сабақтың бекіту:

1.Батыс түрік қағанатының құрылуының алғышарттары қандай болды?

2. Батыс жәие Шығыс Tүpiк қағанаттары қай жерде орналасты?

3. Батыс түрік қағанаты халқының негізін кімдер қалады?

4. Бүгінгі күнге дейін өз атауларын сақтап қалған қандай тайпаларды білесің?

5. Қағанаттың мемлекеттiк құрылымыньщ ерекшілігі қандай?

6. Батыс Tүpiк қағанатының саяси өрлеуiне не себеп болды?



7. Он-оқ бұдун» жүйесi дегенiмiз не?



Интербелсенді тақта

Кесте


Шартты белгілер

Кесте


Шартты белгілер

Венн диаграммасы



Карта

Сурет





Сабақтың соңы

10 минут




«Сократ шеңбері»әдісі арқылы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары тақырыбын қорытындылау. Бұл әдіс ойынша «Ішкі шеңбердегі» оқушылар батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттары тақырыбына қатысты мәселені сұрақ-жауап арқылы талқылайды. Ал «сыртқы шеңбер» оларды тыңдап, талқылау барысында Батыс Түрік және шығыс Түрік қағанаттарының саяси, экономикалық, халқы, мемлекеттік құрылымы туралы өз пікірлерін айтады. Шеңбердегі оқушылар белгілі бір уақыт өткенсоң рөлдермен ауысады.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс


Барлық оқушылар:«Ойлан-жұптас-бөліс»әдісі арқылы мәтінмен танысады, меңгереді, талқылады.

Оқушылардың басым бөлігі: «Шартты белгілер», «Венн диаграммасы», «Кроссенс» әдісі арқылы Батыс Түрік және Шығыс Түрік қағанаттарының мемлекеттік құрылымын ажыратты, экономикалық, саяси, жағдайларын талдады.

Кейбір оқушылар: «Тарихи деректермен» жұмыс жасапкесте толтыру арқылы зерттеді.

Кері байланыс:

Бас бармақ-басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе қанда болды?

Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмектестім? Кімге риза болдым?

Ортан терек – ойлау. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ мазмұны ұнады ма? Неліктен?



Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім.



Тарих кабинетінің техника қауіпсіздігінің сақталуы.

Рефлексия


Бүгінгі сабақтың оқу мақсаттары қолжетімді болды деп есептеймін. Өйткені мен сабақ мақсатын оқушылардың жас ерекшелігін, сыныптың деңгейін, дағдыларын ескере отырып қойдым.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді сабақта пайдалану арқылы оқушылардың тарихи оқиғаларға сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамыды. Оқушылар тарихи оқиғалар мен тұлғаларға байланысты өзіндік ой қорытып, тұжырымдарын тарихи тілде жеткізе білді.

Сыныпта жағымды орта қалыптасып топтық жұмыстар жасау арқылы өзін-өзі реттеу дағдылары дамыды. Өз бетінше ізденіп, ақпаратқа сын көзімен қарап баға беруге дағдыланды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет