Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8



бет133/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

Шығарманың тақырыбы: «Күй аңызы» ,«Нар идірген» күйінің шығу тарихы
Авторы: Т.Ахтанов-жазушы, драматург, аудармашы
Идеясы: өнерді құрметтеуге шақырады
Жанр түрі: әңгіме – шағын оқиғалы шығарма
Композициясы:
Шығарманың басталуы.Қос салт атты жолаушы
Шығарманың дамуы. Жолда кездескен нар
Шиеленісуі. Қиын қолқа
Шарықтау шегі. Жаңа күйдің пайда болуы
Шешімі. Ұстаздың шәкіртке жолын беруі
Әдеби-теориялық ұғымдар. Портрет
Жас жігіттің астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған көк мақпал камзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен буған, басында құндыздай бөрік.
Егіздеу. Нар мен күйші тағдырының суреттелуі.
Сөздік: тулақ- шикі тері, қолқа салу- сұраужоны-арқасы, пейілі түсу-көңілі қалау т.б.
Шығарманың тәрбиелік мәні: өнерді бағалауға, өмірді өкінішсіз өткізуге тәрбиелейді.
І топ “Күй аңызы” тобы (топ басшылары өз тобының атын қорғайды) ІІ топ “Өнер құдіреті” ІІІ топ “Нар идірген” Композиция – көркем шығарманың құрылысы, тұтастық бірлігі. Сюжеттің басталуы – екі салт атты. Дамуы – жолаушылардың нарды көруі. Шиеленісуі – үй иесінің өтініші. Шарықтау шегі – нардың иіп, сүт шығуы. Шешімі – “Нар идірген” күйінің өмірге келуі. І тапсырма: Шығармаға суретші көзімен. (Әр топ үйден салып келген суретін қорғайды) ІІ тапсырма: Қиял қанатымен (оқушы қиялы) Сурет астында тапсырма (домбыра, үй, нар) І топ. Әңгімеден портретті табу. Портрет деген не? ІІ топ. Күй, күйші сөзіне анықтама бер? ІІІ топ. Монолог пен диалогты табу. ІІІ тапсырма. Шығармашылық шарықтау. Егер мен күйші болсам... (Үш топ күйші бейнесіне енеді) ІV тапсырма. “Күй аңызы” әңгімесінен үзінді (Әр топ әңгімеден өзіне ұнаған үзіндіні таңдап, өз пікірін білдіреді) V Қорытынды. Әңгіменің тақырыбы не? (Өнер тақырыбы, күй өнерінің құдіреті.) Әңгіменің идеясы не? (Өнердің құдіретін ұғынып, өнер адамына құрметпен қарау) Шығарма неге “Күй аңызы” деп аталған? Қосымша: А.Жұбановтың “Ғасырлар пернесі” кітабында “Нар идірген” күйінің шығу тарихына шолу берілген. Түйін: Күй құдіретіне бас ие отырып, бүгінгі сабағымызға арқау болған “Нар идірген” күйін тыңдасақ. Амангүл Серікқалиева “Нар идірген” күйін тартады. Сөз сырына саяхат. Қырқа – ұзыннан ұзақ созылып жатқан биік жер, қыр. Аруна – бір өркешті таза тұқымды түйенің ұрғашысы Бошалап кету – ұрғашы малдың төлдеу алдында оңаша кетуі. Тулақ – жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін кептірілген, қатырылған шикі тері. Тарамыс денелі – еті қашу, сіңірлену, таралу. Талдырмаш денелі – тал шыбықтай үзіліп тұрған, нәзік, жіңішке. Көнек – көннен, теріден жасалған бие, түйе саууға арналған ыдыс. Қағылез – арықша, жұқалтаң, жүріс – тұрысы ширақ, шапшаң. Қайнар – судың жерден шымырлап шығып жататын көзді жері, бастауы. Жырада – қар суы жырып кеткен ойдым шұңқыр.

Оқулық,қабырғаға ілінген ватмандар, түрлі-түсті маркерлер
Топтық жұмысқа арналған ресурстар

Сергіту сәті
2 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет