Сабақ : №1 Мектеп: Күні: Мұғалім: Сынып: 8


«Күй аңызы» жоспар бойынша әңгімелеп беру



бет131/145
Дата07.02.2022
өлшемі17,88 Mb.
#87220
түріСабақ
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   145
Байланысты:
8 сынып адебиетКмж (1)

«Күй аңызы» жоспар бойынша әңгімелеп беру
Әңгіменің композициялық құрылымын талдау.

1.Оқиғаның басталуы

Екі күйшінің жолға шығуы, күйшілер әңгімесі.

2.Оқиғаның дамуы

Жалғыз нардың кезігуі, аруананың зары, домбыраға тіл бітуі, жолаушылардың жалғыз қараша үйге келуі.

3.Оқиғаның шиеленісуі

Шал мен Естеместің бір-біріне қолқа салуы.

4.Оқиғаның шарықтау шегі

Жаңа күйдің пайда болуы.

5.Оқиғаның шешімі

Күйшінің жолын жас жігітке беруі немесе нардың июі.

Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған, шағын көркем шығарма.
«Күй аңызы» әңгімесімен танысады (171-178 бб.)
Берілген кестедегі сөздер мен мағынасын сәйкестендіреді

Тізгін – аттың басын тежеу, игеру үшін пайдаланатын, ұштары жүгеннің ауыздық шығыршығына екі жағынан байланған қайыс. 

Шылбыр – жүгеннің шығыршығына бір жағынан тағылған жіп. 

Түндік – киіз үйдің шаңырағына жабылатын төрт баулы киіз. 

Қолқа салу – дос, жолдас адамдардың бір - бірінен бір нәрсені қалауы. 

Тулақ – үстіне жүн сабау үшін немесе төсеніш үшін жүні алынбай қатырылған шикі тері. 

Жоны – арқасы, ту сырты.
Балалар, әңгімеде түйенің қандай түрлерін кездестіреміз?
- Бота, мая, нар, аруана.
Бота – түйенің төлі.
Аруана – екі өркешті, таза тұқымды түйенің ұрғашысы.
Інген – қос өркешті түйенің ұрғашысы.
Мая – жалғыз өркешті түйенің інгені.
Нар – бір өркешті түйе.
Қара нар – түйенің күштісі, мықтысы. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   145




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет