МАШЫҚТЫҚ жұмыс
№ 1. тапсырма. Тәжірибе жағдайларын талдау негізінде пирогендік ықпалға
жануарлардың серпілісін көрсетіңіз және тәжірибенің хаттамасын
толықтырыңыз.
Жануарлар
|
Виварий жағдайлары
|
Тәжірибе жағдайлары
|
Жануарлар әсерленісі
|
Гомойотермиялық (мысалы, егеу құйрық)
|
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы
|
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді енгізу
|
|
Пойкилотермиялық (кесіртке)
|
Бөлменің түрлі бөлігінің әртүрлі температурадағы мекенжайы
|
Жануарларға дерттуындататын микроорганизмдерді еңгізу
|
|
№ 2 тапсырма.
А тәжірибесі
Бақылау қоянында және азот-иприт ерітіндісін енгізу арқылы алынған айқын гранулоцитопениясы бар қоянда скипидарды тері астына енгізу арқылы қызбаны тудырды.
Сұрақтар:
Бұл жануарларда скипидар әсерінен дамыған қызбаның қарқындылығы бірдей бола ма?
Бұл жануарларда пирогенал енгізгеннен кейін бұл қояндарда температуралық серпілістің сипатында айырмашылық байқала ма?
Скипидар енгізгеннен кейін пирогенал енгізгенмен салыстырғанда температуралық серпілістің даму уақытында айырмашылық байқала ма?
Б. тәжірибесі
Тәжірибеге 3 қоян алынды. А. қоянының көктамырына пирогенал енгізілді. 5 минуттан соң А. қоянынан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалды, оны Б қоянының көктамырына енгізілді. 120 минуттан соң А. қоянынан қан алынып, 5 мл сарысу дайындалып В. қоянының көктамырына енгізілді. Қояндардың температурасы ұдайы өлшеніп отырылды. В. қоянында Б. қоянымен салыстырғанда сарысуды енгізгеннен кейін температураның көтерілуі тез және айқын болды. Не себепті?
В тәжірбесі.
Қызба дамуындағы ОЖЖ қызметі маңызын анықтау мақсатында 3 егеуқұйрыққа келесі тәжірибе жасалынды. №1 егеуқұйрықтың іш қуысына 200 г дене салмағына 0,05 % фенамин ерітіндісі 0,6 мл мөлшерде енгізілді. №2 егеуқұйрыққа – 4% гексенал ерітіндісін сондай мөлшерде енгізілді. №3 егеуқұйрыққа – сондай мөлшерде NaCl изотониялық ерітіндісі енгізілді. Содан соң, №2 егеуқұйрықта наркоздық жағдай пайда болғандықтан, барлық егеуқұрықтың дене температурасы өлшеніп, 3 егеуқұйрыққа да бұлшық еттеріне бірдей мөлшерде пирогенал енгізілді. Содан соң әрбір 15 минут сайын дене температурасы 1,5 сағат бойы әр жануарда өлшенді. Нәтижелері кестеге енгізілді.
егеуқұйрық
|
0
|
15мин
|
30мин
|
45мин
|
60мин
|
75мин
|
90мин
|
№1
|
36,6
|
37,0
|
37,2
|
37,6
|
38,1
|
38,6
|
38,9
|
№2
|
36,6
|
36,5
|
36,3
|
36,1
|
35,8
|
35,6
|
35,2
|
№3
|
36,6
|
36,9
|
37,1
|
37,3
|
37,5
|
37,7
|
37,9
|
Сұрақтар:
Термореттеу орталығының «орнықтыру нүктесіне» қандай жайттар әсер етуі мүмкін?
Қызбалық серпілістерге жүйке жүйесінің қай бөлігі қатысады?
Тәжірибе нәтижелерін сараптай отырып, тәжірибелік жануарлардағы қызба дамуындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.
№ 3 тапсырма. Есептер шығару
Науқас Б., 25 жаста, ауруханада ЖИТС анықталуы бойынша жатты, қызба дамыды (дене температурасы 38,9), қақырық араласқан жөтел және дем алғанда оң бүйірінде ауыру сезімі пайда болды. Тексергенде лимфоциттер мен моноциттердің азаюымен сипатталатын лейкопения, қақырықта (Грамм бойынша бояғанда): сыдырылған эпителий жасушалары, лейкоцит, әртүрлі бактериялар, көп мөлшерде, трепонемаға Аг реакциясы оң.
Сұрақтар:
Берілген жағдайда пирогендердің мүмкіндік көзі қандай?
Лейкопения фонында науқаста қызба дамуын қалай түсіндіресіз?
Қызбаның дамуында науқаста ЖИТС ауруының болуы байланысты ма?
№ 4 тапсырма. Кестені толтырыңыз. Қызбаның бірінші сатысында әйгіленімдердің пайда болу тетіктерін және олардың қызба дамуындағы маңызын түсіндіріңіз.
Қызбаның әйгіленімдері
|
Пайда болу тетіктері және қызбаның дамуындағы маңызы
|
|
|
Терінің бозаруы
|
|
|
|
Терінің құрғауы
|
|
|
|
Бүрісу, бұлшық ет дірілі
|
|
|
|
№5 тапсырма. Қызба кезінде организмнің ағзалары мен жүйелеріндегі
|
Достарыңызбен бөлісу: |