Оқылымнанкейінгі тапсырма:Мәтін мазмұны бойынша « пікір алмасу» әдісімен топ мүшелері отырып стикерге сұрақтар жазады.Артына дұрыс жауаптарын жазады. Келесі топқа стикерлерін береді. Келесі топ сұрақты алып, сол сұраққа топ мүшелері өз жауаптарын жазады. Топ басшысы жауап жазуға 2 минут уақыт беріп,мерзімді уақытта тоқтатады.Сұрақтың артындағы дұрыс жауабын оқиды. Топтағы мүшелер жауабына келісетінін, болмаса өз жауабын айтады,дұрыс жауаппен салыстырып топ ішінде талқылайды.М:
Айранның құрамы қандай? Дұрыс жауабы- сүтке ұқсағанымен, дәрумендерге анағұрлым бай.
Топ мүшелерінің ықтимал жауабы:
1.Сүтке ұқсайды
2.Ұйытылып жасалады
3.Ақ, қою
4.Дәрумендерге бай
5.Құрамы дәрумендерден тұрады
Топ мүшелері сұрақ берген топтың жауаптарына деген көңіл күйін одағай қатыстырып білдіреді.Топ мүшелері келесі топ құрамына жеке-жеке тұрып айтады.М:ықтимал жауаптары
Пәлі,сізден мұндай жауап күтпеп едім!
Япырмау, мұндай да қасиеттері бар екен-ау!
Жә, осы жауабыңа да қанағаттанам.
Осы айтылған одағайлар қандай жағдайда қолданатынын айта кетеді.
Балалар сөздік дәптерлеріне жазып алады
Тапсырманы орындау кезінде уақыт беріледі, топ мүшелері белсенді орындайды
Қосымша тапсырма
Қосымша тапсырма Саралау әдісі Үйге тапсырма
Соңы Рефлексия Саймон Браунхилл «Рефлексивтік ишаралар» (5-6мин)
Оқушылармен талқылау барысында айқындалатын бағалау крийтерилері: