2-топ Өсімдіктер тіршілігіндегі су. Өсімдіктер тіршілігі су. Су — өсімдіктер жасушасының маңызды бөлігі. Ол топырақтағы минерал тұздардың еруіне, тургорлық қысымға жағдай туғызады. Фотосинтез және булану процестеріне қатысады. Көптеген өсімдіктер үшін су — тұрақты тіршілік ету ортасы. Су өсімдіктерге, ең алдымен, топырақ арқылы әсер етеді, сон- дықтан топырақ ылғалдылығының маңызы зор. Су өсімдіктің сыртқы пішініне байланысты түрде үлкен әсер етеді. Àлуан түрлі өсімдіктерде суға деген қажеттілік әртүрлі. Суда өсетін өсімдіктер және құрғақшылықта өсетін өсімдіктер бар. Су алмасу реттелуінің түрлі жолдары өсімдіктердің (экологиялық жағдайларға сәйкес) әртүрлі құрлық бөліктерінде қоныстануына (орын тебуіне) мүмкіндік береді. Бейімделушіліктің көптүрлілігі жер бетіне та- ралуына байланысты, онда судың жетіспеушілігі экологиялық бейімделушіліктің басты қиындықтарының бірі болып табылады. Мысалы, құрғақшылықта өсетін өсімдіктердің жапырақтары күшті балауызды қақ тікенектерге немесе қабыршақтарға айналған.