3-топ Жануарлар тіршілігіндегі су. Жануарлар тіршілігіндегі су.Жануарлар суды ішу, шырынды азықпен бірге және органикалық заттардың тотығуы есебінен алады. Кейбір жануарлар тері жабыны арқылы ылғалды суб- страттан немесе ауадан суды сіңіреді, мысалы, ұн шытырлағының шытырлақ қоңыз дернәсілдері. Жануарлар қысқа мерзімді судың болмауына төзе алады, бірақ оның жұмсалуы судың организмге түсуімен орнына келуі керек. Àштыққа қарағанда, суды жоғалту өлімге душар етеді. Ірі сүтқоректілер суды ішу арқылы алатын болғандықтан, суаттардың бар-жоқтығына тәуелді және құрғақшылық аудандарда су қоймаларына жақын жерлерге орын ауыстырады (миграция) әрі олардан алыс тіршілік ете алмайды Көптеген құстарда ішетін суды қажет етеді. Қарлығаштар, суқарлығаштар судың бетіне жанаса ұшып су ішеді. Шөлдегі суқұрлар үлкен қашықтықтағы суаттарға ұшып барып, балапанда- рына су әкеледі. Бұл кезде олар суды қауырсындарына сіңіреді, ал балапандары тұмсықтарымен ісінген қауырсынды сығады. Көптеген шөлейттік жануарлар (кіші сарышұнақ, орқоян, кіші құмтышқан) ін қазу арқылы су балансын (теңгерімін) қамтамасыз етеді. Жердің беті өте құрғақ болса да, інде ауаның ылғалдылығы 100%-ға жақын. Бұл тері жабыны арқылы булану қажеттілігін азайтады және организмдегі ылғалды үнемдейді. Кейбір жануарларда — метаболитті сулар (өзгергіш сулар) түзу ге бейімділік, яғни несеп пен нәжістің бөлінуі кезінде суды үнемдеу, организмнің сусыздануға төзімділігінің дамуы сияқты су алмасуды реттеуге деген бейімделушіліктер пайда болған. Àртық мөлшердегі жылуға ұшырайтын жануарлардың сусыздануға төзімділігі жоғары болады. Àдам үшін дене салмағының 10%-ынан асып түсетін суды жоғалту қауіпті, қайғылы жағдайға душар етуі мүмкін. Түйелер — 27, қойлар — 23, иттер — 17%-ға дейін судың жоғалуына төзімді. Àсқорыту жолындағы судың үнемделуі ішектің суды сіңіре оты- рып құрғақ нәжіс бөлуі арқылы жүзеге асады.