Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


-жұмыс Каталаза ферментінің активтілігін әртүрлі өсімдік объектілерінде анықтау



бет28/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс

28-жұмыс
Каталаза ферментінің активтілігін әртүрлі өсімдік объектілерінде анықтау
Қажетті құрал -жабдықтар:Кәрлен келі, жуып құрғатылған ұсақ құм, жасыл және этиолданған бидайдың өскіндері, традесканцияның жапырақтары, нан ашытқышы, картоп түйіні мен оның өскіні, бор ұнтағы, каталазник, 3%- ті сутегінің асқын тотығы, 5 миллиметрлік пипетка, 25 –мл-лік цилиндр, резина түтік, қысқыш, шыны тройник, 50 мл-лік бюретка, шойын штатив, үлкен көлемді шыны воронка, 3 минуттық құм сағаты.
Жұмыс барысы:кәрлен келісінің үстіне таразыда 5 г өлшеп алынған өсімдік материалын салып,үстіне ұсақ құм төгіп, рһ мөлшері 7,7-ге келтіру үшін бір шымшым бор ұнтағы салынып езу жүргізіледі. Езу алдында 20 мл су алып, езіндінің үстіне аздап құя отырып, ақыры барлық езіндіні каталазникке құю кезінде кәрлен келісінде тазалауға өлшеп алынған 20мл су жетуі тиісті. Енді каталазник құралын даярлау үшін 50 мл-лік бюретка алып, оның аузын резина тығынының тесігіне шыны тройник орнатылған тығынмен тығындалады. Тройниктің бір ұшына қысқа резина түтік жалғап, темір қысқашпен жабылады. Тройниктің екінші ұшына ұзын резина түтік жалғанып, түтіктің ұшына каталазник деп аталатын екі бөлімі бар шынымен жалғастырылады. Ал ондай каталазник болмаған жағдайда 75-100 мл-лік аузы кең шыны банка алып, екінші бөлім ретінде 5мл-лік келетін пластмасса тығынын алуға болады. Бұл кезде шыны банканың аузына сәйкес келетін тығын алып, одан қысқа шыны түтік өткізіп, резина түтігімен жалғастырады. Ал бюретканың екінші ұшы воронкамен резина түтік арқылы жалғастырылады. Езінді каталазниктің бір бөліміне, ал материалдық банка алынған жағдайда банка ішіне көшіріледі. 5 мл сутегінің асқын тотығы каталазниктің екінші бөліміне, ал ол болмаған жағдайда пластмасса тығынының ішіне құйылды да, төкпей пинцетпен материалдық банка ішіне қойылып резина түтігімен жалғастырылады. Тройник ұшындағы қысқашты ашып, судың үстіңгі деңгейі нөлге келтіріліп жабылады. Уақыт белгілеп езінді мен сутегінің асқын тотығын шайқау 3 минуттай жүргізіледі. Езінді құрамындағы каталаза ферменті Н2О2-ні ыдыратуының нәтижесінде бөлінген оттегі бюреткадағы суды төмен ысырады. Воронка штативпен алынып, бюреткадағы судың төмен түсуіне байланысты одан 0,5 см шамасында жоғары ұстап түсіріледі. Үш минуттан соң ығысқан су мөлшері арқылы бюретканың саны бойынша оттегінің қанша бөлінгендігі анықталады.
Пысықтау сұрақтары:каталаза қандай фермент? Каталаза ферменті тек тыныс алуда ғана бола ма? Басқа процесте қатысса оны түсіндіріңіздер. Таблицадағы қай өсімдікте каталаза ферменті активті? Оның себебін келтіріңіздер.

Өсімдіктің аттары

3 минутта бөлінген О2 мл-лік мөлшері

Бидайдың жасыл өскіндері....
Бидайдың этиолданған өскіндері....
Традесканция жапырақтары...
Ашытқы....
Картоптың сталондары.....
Картоптың тамыр түйіні....
Бақша жуасының жапырақтары...








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет