№ 1 зертханалық сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы.
1-жұмыс Осмометр даярлау.
Қажетті құрал -жабдықтар: Целлофан қағазы, концентрлі қант немесе ас тұзының ертіндісі, шыны түтіктер, резина тығындар, тығын бұрғы, жіп, қайшы, стақан, штатив.
Жұмыс барысы: Осмостық қысымды өлшейтін және осмостық құбылысты бақылайтын құралды осмометр деп атайды. Өсімдік клеткаларындағы осмостық процестерді түсіну үшін қарапайым осмометр дайындап, ондағы құбылысты бақылайық. Целлофаннан осмометр дайындау үшін бірі үлкен, екіншісі кіші 2 резенке тығын алып, оның үлкенінің ортасын кіші тығын тығындалатындай етіп тығын бұрғысымен тесіліп, ол тесікке шыны түтік сұғылады. Үлкен тығынға целлофан қапшық байлап, ішіне ауа үрлейді. Содан кейін тесік арқылы ішіне концентрлі қант немесе хлорлы натрий ертіндісін толтыра құйып, шыны түтігі бар тығынмен тығындаймыз. Сонда шыны түтікпен ертінді көтеріледі. Ертіндінің келген жерін белгілеп, шыны түтікті штативке бекітіп стақандағы суға батырады. 20-30 минут өткеннен кейін ертінді деңгейінің өзгергеніне көз жеткізіп, қортынды жасалады.
Пысықтау сұрақтары: Осмос дегеніміз не? Оның неше түрін білесіздер? Тәжрибеде оның қайсысы бақыланды? Мұндай процесс өсімдік тіршілігінде кездесе ме? Түсіндіріңіздер.