44-жұмыс Фотопериодтық әсер арқылы ағаш тектес өсімдіктерді тыныштық қалыптан шығару жолы Қажетті құрал -жабдықтар: Тыныштық күйдегі теректің бір жылдық бұтақтары, 1л шыны ыдыстар, люминстат, өткір пышақ немесе скальпель.
Жұмыс барысы: даладан алып келінген теректің немесе тал (ива)шыбықтарының ауа тығынын алып тастап 10 данадан 4- ке бөлінеді де, оның бір тобын ыдыстағы суға (бұтақтың төменгі жағын) салып, люминостаттағы жарыққа 24 сағат бойы ұсталады да, екінші топты люминостатқа қойып, тәулігіне 13- 16 сағат жарық беріледі, үшінші топқа 10 сағат, ал төртінші топтағыбұтақтарға бөлме жағдайындағытабиғи күн жарығы беріледі. Үздіксіз жарықта тұрған бұтақтардың бүршігі 13-24 күн аралықтарында жарылып, тыныштық күйден ең алдымен төменгі бүршіктер, содан соң жоғарғаы бүршіктер шығады. Ал қалған бұтақтардың бүршік атуы 50-80 күн аралығында созылады. Егер люминостат болмаған жағдайда 500 В электр шамымен жарық беруге болады. Пысықтау сұрақтары: Өсімдіктің тыныштық күйден шығуына жарық қалай әсер етеді? Не себепті Бұтақта алдымен төменгі,содан соң жоғарғы бүршіктер жарылады?