Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
- оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
- оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
2.Мұғалімнің түсіндіруі: Химиялық реакциялардың жылдамдығын оқытатын бөлім химия лық кинетика деп аталады. Реакция жыл -дамдығы бұл әрекеттесуші заттардың белілі уақыт бірлігінде біреуінің концентрациясының өзгеруі . 4.1. Xимиялық реакцияның жылдамдығы
Химиялық реакцияның жылдамдығын зерттейтін химияның бөлі- мін-химиялық кинетика деп атайды.Химиялық реакцияның жыл- дамдығы деп уақыт бірлігінде әрекеттесетін заттардың немесе ре акция өнімдерінің біреуінің концентрацияларының өзгеруін ай тады.Бұл кезде реакцияға қатысатын зат қандай болса да бәрібір: олардың барлығы өзара реакция тендеуімен байланысқан, сондықтан олардың біреуінің концентрациясының өзгеруі бойынша қалғандары ның концентрациясының өзгеруі туралы айтуға болады.Әдетте кон центрация моль/л,ал уақыт секундпен немесе минутпен өрнектеледі.
A+B=C+D теңдеуі бойынша өтетін реакцияның жылдамдығын жалпы түрде қарастырайық. А заты жұмсалған сайын реакция жылдамдығы кемиді,А затының концентрация-cының белгілі бір t1 уақыт кезеңінде С1 шамасымен өлшенеді, ал t2 кезеңінде С2-ге тең, сонда t = t2 - t1 уақыт аралығында заттардың концентрациясының өзгеруі C = C2 – C1 құрайды, осыдан реакцияның орташа жылдамдығы ( v ) мынаған тең:
V = c2 - c1 = - c
t1 - t2 t
Минус белгісі А затының концентрациясы кемігеніне сай, яғни с2 – c1 айырмасы теріс мәнді болғанда қойылады, өйткені реакция жылдамдығы тек оң шамалы болады.
Химиялық реакциялар газ қоспасының немесе ерітіндінің көлемінде және қатты заттың бетінде жүреді.Осыған байланысты реакция жылдамдығы туралы мәселені қарастырғанда гомогенді жүйеде (гомогенді реакциялар) жүретін реакцияны және гетерозегенді жүйеде (гетерогенді реакция)жүретін реакцияларды айырып алу керек. Бір фаза- дан тұратын жүйені гомогенді,бірнеше фазадан тұратын жүйені гетерогенді деп атайды.( Фаза- жүйенің бөлігі,оның басқа бөліктерінен бөліну беті арқылы бөлінген.)
Гоиогенді реакцияның жылдамдығы деп жүйенің белгілі бір көлемінде уақыт бірлігі ішінде реакцияға қатысқан немесе реакция кезінде түзілген заттың мөлшерін айтады.
Оны математикалық түрде былай өрнектейді:
Vгом = n
V t
м ұндағы n- реакцияға қатысушы заттардың бірінің зат мөлшерінің өзгеруі,ал V-жүйенің көлемі, t-көрсетілген өзгеріс өткен уақыт аралығы. Бұл теңдеуді одан әрі ықшамдауға болады .Зат мөлшерінің n жүйенің көлеміне V қатынасы солш заттың молярлық концентрациясын көрсетеді:
|
Достарыңызбен бөлісу: |