Сабақ 1- сабақ
|
Сабақ өтілетін күн: 06 .04.2013
Орны:6-дәрісхана
|
Барлық оқушы саны: 8 Жасы: 8-9
Қатысқаны: 8
|
Сабақ тақырыбы
|
«Біздің сынып»
|
Жалпы мақсаттар
|
Тақырып бойынша сөздік қорды қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі қолданып, тілдесім әрекетіне жету.
|
Түйінді идеялар
|
Сынып мүліктері
|
Стратегиялар
|
«Шаңырақ», «Т кестесі», «Ыстық орындық», «Ой қозғау», «Аялдама», «Аяқталмаған сөйлемдер»
|
Көрнекіліктер
|
интерактивті тақта, маркерлер, А3, презентация, қима қағаздар, смайликтер, компьютер.
|
Дереккөздер
|
Қайырбекова А. Қазақ тілі, 3 сынып, Оқулық. Алматы «Атамұра», 2014.
Жақсылықова Г.И., Каженова А.М., Исмагилова Н.З. Интербелсенді әдіс-тәсілдер. Әдістемелік құрал. Өскемен 2014
|
Оқыту нәтижелері
|
Топтасып, жұптасып, жекелей еңбек етеді, мәтінмен жұмыс барысында ақпаратты оқиды, аударады, талдайды, өзгелермен бірлесіп жұмыс жасайды, ортақ шешімге келеді, білімдерін бекітеді, өздерін-өздері және бірін-бірі оқытады және бағалайды.
|
Сабақ кезеңдері
|
Уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1-кезең.
Қызығушылықты ояту:
|
7 мин
|
Шаттық шеңбер «Шаңырақ» лента арқылы шағын топқа топтастырады.
Ынтымақтастық атмосфера «Көршінің портреті»
|
Оқушылар бір шаңырақ астында тұрып бір-біріне жақсы тілектер айтады, лента түсімен топқа бөлінеді.
|
«Мен қазақпын» сергіту сәті
Оқушылардың үй жұмысын «Т кестесі» стратегиясы арқылы тексеру. Қосымша 1
|
Сергіту сәтіне қатысу
Есептік және реттік сан есімді
«Т кестесі» арқылы толтырады.
|
Бағалау: «Басбармақ» 2 мин
|
2-кезең. Мағынаны ажырату:
|
25 мин
|
«Ой қозғау» Мұғалім сынып бөлмесінің суретін көрсетеді. Қосымша 2. Мұғалім оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға көмектесу үшін түрткі болу, қайта бағыттау сұрақтарын қояды.
|
Оқушылар суретті көріп, қойылған сұрақтарға сыни тұрғыдан ойланып сабақтын тақырыбы мен мақсатын анықтайды.
|
«Пирамида» сөздік жұмысы мұғалім жаңа сөздердермен таныстырады Тапсырма 3
|
Оқушылар жаңа сөздерді хормен айтады, сөздік дәптерлеріне жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрайды.
|
Бағалау: «Смайлик»
|
|
|
Оқылым. Мәтінмен жұмыс «Аялдама» стратегиясы бойынша жұмыс жасайды. Қосымша 4
|
Мәтінді оқиды, аударады, әр топқа берілген тапсырманы орындайды.
|
Бағалау: «Блоб көпірі»
|
|
|
Жазылым.Мұғалім оқушылардың деңгейіне қарай тапсырма береді. Қосымша 5
|
Оқушылар тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды.
|
Бағалау парағына топ басшысы бағалайды
|
3-кезең. Ой- толғаныс:
|
5 мин
|
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы жаңа сабаққа қорытынды жасайды.
|
Оқушылар ыстық орындықта отырған балаға сабақ бойынша сұрақтарын қояды.
|
Келесі оқуға арналған тапсырмалар.
|
2 мин
|
187 бет № 6 жазбаша үй жұмысын түсіндіреді
|
Үй жұмысын күнделіктеріне жазады.
|
Бағалау
|
|
Мұғалім жиынтық баға қояды.
|
|
Рефлексия
|
3 мин
|
«Аяқталмаған сөйлемдер»
Мен бүгін .... білдім.
Мен үшін бүгін ... қызықты болды.
Біздің сынып тақырыбы маған ....
|
Оқушылар сөйлемдерді аяқтап, толықтырып жазады.
|
Бұл не? Сыныпта нелер бар? Сыныпта неше терезе бар? Біздің қабырғада не ілініп тұр? Сыныпта неше парта бар? Ол партаның түсі қандай? Партаның жанында не тұр? Орындықтың саны неше?
Бұл – біздің сынып.Сынып үлкен. Сыныпта үш терезе бар. Терезелер таза. Сыныпта үстел, тақта, орындық, он бес парта бар. Сынып жарық, әдемі.
І деңгей: Сурет бойынша мәтін құрастыр.
ІІ деңгей: Сурет бойынша 3 сөйлем құрастыр.
ІІІ деңгей: Мәтіннен сан есімдерді теріп жаз.