Қалыптастырушы бағалау: «Шапалақ» әдісі
Қызығушылығын ояту. Топқа бөлу
«Доллор, рубль, теңге» арқылы топқа бөлу .
Үш түрлі жасанды валюта қағаздар бойынша оқушыларға тарату арқылы үш топқа бөлемін.
Ж аңа сабақты түсіндірместен бұрын оқушыларға «Көтеріңкі көңіл күй» тренингін өткіземін.
Жаңа сабақты меңгеру
Excel программасы деректерді кесте түрінде беруді пайымдайтын есептеулер жүргізу үшін кеңінен қолданылады. Қолданбалы есептер – күнделікті өмірге қажетті жағдайлармен ұштастырылған есептер. Мұндай есептерге функцияның графигін тұрғызу, квадрат теңдеуді шешу, теңдеулер жүйесін шешу, фигуралардың ауданын есептеу, болжамдық есептер және т.б. жатады.
Есептерді шешу кезеңдері:
1. Есептің қойылымы: шарттарды анықтау, шығару парағында «Берілгені» және «Табу» бөлідерін рәсімдеу, кестені бастапқы деректер мен толтыру.
2. Есептің математикалық моделін құру.
3. Шешімді табу алгоритмін құру.
4. «Шешуі» парағының «Математикалық модель» бөлімінде қолданылатын формуланы мәтін түрінде рәсімдеу (26-сурет).
5. «Шешуі» бөлімінде есептеу торын құру.
2 6-сурет. «Шешуі» парағын рәсімдеу
Мысал. Кітап дүкенінде әрбір беті орта есеппен 2000 белгіден тұратын 120 беттік 200 журнал және әр беті 3000 белгіден тұратын 300 беттік 500 кітап бар.
Сұрақ: кітап дүкенінде қанша ақпарат бар? Егер ақпарат көлемі 3 млрд-тан астам болса, Интернет- дүкенді ашу, кері жағдайда ашпау.
Шешуі. Есепті шығару үшін барлық қажетті ұяшықтарды толтыру керек. «Математикалық модель» бөлімінде N ақпарат көлемін анықтау формуласы көрсетілген, ал А11 ұяшығына осы формула енгізіледі (27-су рет). Кітап дүкеніндегі ақпарат көлеміне тәуелді «Интернет-дүкен
ашу немесе ашпау» шартын тексеру үшін ЕСЛИ() функциясын пайдаланамыз (28, 29-суреттер)
Достарыңызбен бөлісу: |