Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.3В Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер
|
Мектеп: №54 негізгі мектеп
|
Күні: 4.02.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Абдуллина А.Б
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Сан аралықтардың бірігуі мен қиылысуы
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.2.2.9
сан аралықтардың бірігуін және қиылысуын табу;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
Координаталық түзуде нүктелерді белгілейді;
Cан аралықтарынының түрлерін біледі және ажыратады;
Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндейді;
Сан аралықтардың бірігуін табады;
Сан аралықтардың қиылысуын табады.
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар:
Координаталық түзуде нүктелерді белгілей алады;
Cан аралықтарынының түрлерін біледі және ажырата алады;
Сан аралықтарын координаталық түзуде кескіндей алады;
Сан аралықтардың бірігуін таба алады;
Сан аралықтардың қиылысуын таба алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
санды теңсіздік, тура санды теңсіздік, сан аралығы, сызықтық теңсіздік анықтамаларын біледі;
санды теңсіздіктердің қасиеттерін біледі; теңсіздіктер қасиеттерін біледі;
тура санды теңсіздіктерге амалдар қолдана алады;
сандық түзуде әртүрлі сан аралықтарын бейнелейді;
сан аралықтарын оқи алады және жаза алады;
сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуын табу алгоритмін түсіндіреді;
|