Сабақ Тақырып: Торғай өңіріндегі ағартушылықтың даму тарихы, зиялылардың


Модуль №1 1) Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен қазақ тарихындағы орны. Жоспары



бет2/7
Дата06.01.2022
өлшемі273,88 Kb.
#110111
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Кибатов Санжар 423 ОМ 4 СРС, 07.03.2022 коммуникация, 1605677041
Модуль №1

1) Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметі мен қазақ тарихындағы орны.

Жоспары:

1.Ы.Алтынсаринның өмірбаяны.

2.Ағартушылық еңбегі.

3.Шығармашылығы.



1) Ыбырай Алтынсарин (шын аты — Ибраһим, 1841—1889) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.



2) Ыбырай "Қазақ хрестоматиясына" кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады:

Оқысаңдар, балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар.

Кел, балалар, оқылық!

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы –

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстың байлығы–

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар.

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер, ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керектігіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. Өмірдегі сарқылмайтын мол байлық – білім екендігін айта келіп, білімге адамның қолы жету үшін, ерінбей оқу, қажымай еңбек ету керектігін түсіндіреді. Ыбырай "Өнер-білім бар жұрттар" атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету.

Өнер-білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден

Көзіңді ашып, жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

...Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай.

Ыбырай жастардың оқыған адам болғандағы мақсаты өз халқының бір керегіне жарау, оны "тастан сарай салдырып, айшылық алыс жерлерден көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызатын" елдердің қатарына жеткізу деп білді. Келешекке сенімі мол Ыбырай өмір көркі, болашақтың иесі – жастар деп ұқты.

Біз надан боп өсірдік,

Иектегі сақалды.

"Өнер – жігіт көркі" деп,

Ескермедік мақалды.

Біз болмасақ, сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды! – деп, жеткіншек ұрпаққа сенім артады.

Бұл өлеңдердегі: жақсы мен жаманды, білімділік пен надандықты салыстыра суреттеу әдісі де жас балаларға оларды айқынырақ таныту мақсатын көздейді. Сондықтан Ыбырай өз дәуірі оқырмандарының ұғымына жеңіл етіп, салыстырулар жасайды. Бұл өлеңдердің көп тіркестері бүгінде мақал-мәтелге айналып кетті. Ыбырайдың "Өзен", "Жаз" деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Мұндай тұтас лирикалық, пейзаждық өлеңдер Ыбырайға дейінгі қазақ поэзиясында кездеспейді. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю, Отан сүюге тәрбиелейтін патриоттық өлеңдер орыстың демократтық, гуманистік әдебиетінің үлгісі болатын. Ыбырай өлеңдері – туған ел табиғатын жырлап, сол арқылы өзінің жас шәкірттерінің бойында табиғатты, Отанды сүю сезімдерін тәрбиелеуге жасаған елеулі қадамы. Екі өлеңінде де Ыбырай табиғат көрінісін жалаң алмай, адамдардың тіршілігімен байланыстыра көрсетеді. Сол арқылы табиғат пен адамның байланысын, табиғаттың адам ісіне, еңбекке, ой-сезіміне тигізер жанды әсерін бейнелейді.



  • 3) Начальное руководство к обучению киргизов русскому языку, Оренбург,

  • Қазақ хрестоматиясы, Орынбор, 1906; Мәктубат, Қазан,

  • Киргизская хрестоматия, Оренбург,

  • Таңд. шығ. 3 томдық

  • Собрание сочинений в 3-х т.

  • Әңгімелер,

  • Өлеңдер

  • Азған елдің хандары

  • Балғожа бидің баласына жазған хаты

  • Жаз

  • Кел, балалар, оқылық

  • Қарлығаш

  • Қарға мен түлкі

  • Әй, достарым

  • Әй, жігіттер

  • Өзен

  • Өнер - білім бар жұрттар

  • Өсиет өлеңдер

  • Әңгімелер

  • Ізбасты

  • Айуанның естесі көп бірақ адамдай толық ақылы жоқ

  • Алтын -айдыр

  • Алтын шеттеуік

  • Асыл шөп

  • Ақымақ дос

  • Білгеннің пайдасы

  • Бір уыс мақта

  • Бай баласы мен жарлы баласы

  • Байұлы

  • Баланың айласы

  • Бақша ағаштары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет