Өлеңді түсініп оқиды.
Тіл және сөйлеу туралы түсінік қалыптасады, сөйлеудің тек адамға тән екенін ұғынады.
Жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғары және төменгі сызықтарын сақтап, көркем жазады.
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/уақыт
Педагогтің әрекеті
Оқушының әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Басы
Психологиялық дайындық «Жүректен жүрекке». Оқушылар шеңбер жасап, дөңгеленіп тұрады. Мұғалім жұмсақ жүрекшені қолына ұстап тұрып, қасындағы оқушының есімін атап, оған есімінің бас әрпінен басталатын тілегін айтады. Осылайша балалар бір-біріне ыстық лебіздерін білдіруді жалғастырады. Мысалы, Айдана, ақылды қыз бол!
– Балалар, өте тамаша тілектер айттыңдар. Осы айтқан тілектеріңнің ішінен қандай жақсы сөздер жүректеріңе жылылық сыйлады?
Мұғалім оқушылардың айтқан сөздерін тақтаға жазып тұрады. Оқушылар осы сөздер арқылы топқа бөлініп отырады.
Психологиялық ахуалға берілген тапсырманы орындайды.
Өз есімдерінен басталатын тілектерін дауыстап айтады. Осылайша барлығы бір-біріне көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.