Сабақ Вирусқа қарсы вакцина алу үрдістері Орындаған: Надирбекова. Н. С



бет3/5
Дата05.10.2022
өлшемі4,3 Mb.
#151798
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
3- тәжірибелік сабақ
шежіре, СЦЕНАРИЙ РОЛИКА про инновационное развитие КазНАИУ май 2022, СЦЕНАРИЙ РОЛИКА про инновационное развитие КазНАИУ май 2022, АУДИТ стандарттары

Сонымен, тірі вакциналарды қолданудың арқасында организмде ауруға қарсы тұру қасиеті пайда болды, брақ тірі вакциналарға қойылатын шарт, ол вакциналар мал үшін қауіпсіз болуы, вакцина ретінде қолданғанда штамм организмде өсіп- көбейіп, сыртқа шығып отырады. Сондықтан да әлсіретілген вирустың вируленттік (ауру туғызатын) вирустан айырмашылығы болу керек, сол үшін әлсіретілген штамдарға белгілі бір нәсілдік қасиеттер (марекерлер) болуы керек


Инактивтелген вакциналар Белсенді қасиеті жоқ, өлтірілген немесе инактивтелген вакцина деп тазаланған вирусты химиялық немесе физикалық жолмен өлтірілген вакцинаны айтады. Өлтірілген вирустар организмде өсіп-көбейе алмайды.
Вирусты өлтірудің физикалық факторлары:
1.Вирустарға жоғары температурамен әсер ету. Жоғары температурамен (800С, одан да жоғары) әсер етекенде вирус белоктары өзгереді, ал төменгі температура (-600С) нуклеин қышқылы бұзылады. 2.Ультракүлгін саулемен әсер ету. УК сауленің өлтіру қасиеті оның толқынының ұзындығына байланысты болады. Вирустар толқынның 537 А0 ұзындығында өз белсенділігін жоғалтады. Ең алдымен нуклеин қышықлының құрлысы, содан соң белок қабығы бұзылады
3.Гамма-саулесінен вирустардың әрі нуклеин қышқылы, әрі белок қабаты бұзылады. Қауіпті сәуле қолданып, шешек, аусыл аурулардан сақтандыратын вакциналар алынады. Олар соңғы кезде кен қолданыла бастады, себебі гамма-сәулемен әрі вирусты өлтіруге, әрі қоректік ортамен ерітінділерді тазартуға (стерильдеуге) қолданылады.
Вирусты өлтіру үшін әр түрлі химиялық заттар қолднылады; 1. Формалин – вирус өлтіру үшін өте кеңінен қолданылады. Ол вирустың нуклеин қышқылының құрлысын зақымдайды. Себебі формалин нуклеин қышқылының пуринді және пиримидиндік негіздерінің амин топтарымен байланысып, сутегі байланыстарын үзеді. 2. β- пропилактон –вирустың белок қабатынан өтіп нуклеин қышқылыныа әсер етеді е, ауру туғызатын қасиетін жоғалтады, ал антигендік қасиетін сақтайды. 3. Гидроксиламин мен этиленаминнің маңызы да зор. Бұлар, тіпті бірнеше күн бойы әсер етсе де белок қабатын өзгертпейді. Демек, вирус өлтіруді немесе зақымдаудың барлық түрлерінде де вирус белоктарының немесе нуклеин қышқылының зақымдалуына сәйкес вирустардың көбею және ауру қоздыратын қасиеттері жойылып, олардың антигендік қасиеті сақталады, соның арқасында иммунитет қалыптасады.
Өлтірілген вакциналардың қасиетін күшейту үшін адъюванттар – иммуногендік қасиетті күшейтетін заттар қосылады. Адъювант ретінде – Фрейд адъювантын, алюминий гидрототығы, сапонин, минералды, өсімдік майлар, кальций хлориді т.б. қолданылады.
Инактивтелген вакциналардың пайдалы да, зиянды да жақтары бар. Тірі вакциналармен салыстырғанда өлі вакциналардың зиянсыз да қауіпсіз болады. Себебі, организмге вирустар өлі түрінде енгізледі, сондықтан олар өсіп-кобейе алмайды. Екінші артықшылығы, оларды сақтау және транспортировакаға қауіпсіз, женіл. Өлі вакциналардың кемшілілгі: оларды бірнеше рет егу керек және препарат өте көп мөлшерде организмге енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет