230. Сөйлемнен алынып тасталған сөздердің орнын толтыру Оқушылар мәтіндегі қалдырылып кеткен сөздердің орнын толтырады.
Тапсырмада қалдырып кеткен сөздер беттің төменгі бөлігінде орналастырылуы (қатетәртіпте) мүмкін.
Мысалы:
Бұл ________ түн болатын. _______ қиылысқан _________ секілді жап-жарық
қылып сәулелендіріп тұрды. _________ бұрын ешқашан _________ сияқты болған жоқ.
232. Оқылым дағдысын дамытуға арналған жұмыс түрлері Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу) Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа әңгіме мен ақпараттық мәтін оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады.
Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды.
Оқушылар бірқатар мәтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы ұқсасмәтіндер т.б.
Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мәтінге қатысты: Кім? Не?Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген сұрақтарғажауап береді.
Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері
байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне
қарай саралауға болады).
Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде жауапбереді.
Оқушылар басқа оқушыларды мәтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» үшін,шын/өтірік және мәтіннен алынған үзінділермен байланысты сұрақтардыәзірлейді.
Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін
жасайды.
Оқушылар мәтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде танысадыжәне олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын суреттерменсәйкестігін анықтайды.