Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет24/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Гумин қышқылдары - құрамында азот бар жоғары молекулалы органикалық қышқылдар. Олар әлсіз сілті ерітінділерінде, натрий пирофосфатында, қымыздық қышқыл натрийде, фторлы натрий мен аммиакте жақсы ериді де тұздар - гуматтар түзіледі. Гумин қышқылдарының құрамында 52-62% көміртек, 2,8-5,8% сутек, 31-39% оттек, 1,7-5% азот болады. Гумин қышқылдарындағы осы элементтердің мөлшеріне, топырақ типі, топырақтағы органикалық заттардың химиялық құрамы және олардың ыдырауы әсер етеді.
Фульвоқышқылдар - су, сілтілер мен қышқылдарда жақсы еритін, құрамында азот бар жоғары молекулалы органикалық қышқылдар. Олардың құрамында гумин қышқылдарына қарағанда көміртек азырақ, ал оттек көбірек болады. Құрамында шамамен 40-52% көміртек, 4-6% сутек, 42-52% оттек, 2-6% азот болады. Фульвоқышқылдарының қышқылдығы күшті, әрі суда жақсы еритіндіктен, олардың топырақтың минералдық бөлігін ыдырату қабілеті жоғары болады. Топырақта фульвоқышқылдар кальций, магний т.б еритін тұздарын (фульваттар) түзеді.
Топырақ қарашіріндісінің гуминдері гумин және фульвоқышқылдарының жиынтығы болып саналады. Олар қасиеттер жағынан гумин қышқылдарына ұқсас.
Топырақ неғұрлым қарашіріндіге бай болса, оның құрамында азот пен фосфордың жалпы қоры көп болады. Ал калийдің жалпы мөлшері топырақтың механикалық құрамымен айқындалады. Атап айтқанда құм, құмдақ топырақтарда саз, саздақ топырақтарға қарағанда калий мөлшері аз.
Өсімдіктің қоректенуіне топырақтағы қоректік элементтердің жылжымалы түрлерінің мөлшері, яғни топырақтың тиімді құнарлылығы маңызды рөл атқарады. Элементтердің жылжымалы түріне олардың суда, әлсіз қышқылдарда еритін қосылыстары мен алмаспалы күйдегі катиондар жатады. Қиын еритін және ерімейтін қосылыстар микроағзалардың, физика-химиялық, химиялық құбылыстардың әсерінен өсімдікке сіңімді түрге ауысады. Қоректік заттардың сіңімді түрінің пайда болуы қосылыс түріне, климат жағдайларына, топырақ қасиеттеріне, агротехника деңгейіне байланысты. Сондықтан топырақтың тиімді құнарлылығын арттыруда органикалық және минералдық тыңайтқыштар қолданудың маңызы зор.
2-тақырып. ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТОПЫРАҚТЫҢ СІҢІРУ ҚАБІЛЕТІ

1. Топырақтың сіңіру қабілетінің түрлері және өсімдік қоректенуі мен тыңайтқыш қолдануда олардың рөлі.


2. Топырақтың сіңіру сиымдылығы, сіңірілген катиондардың құрамы және олардың өсімдік пен топырақтың тыңайтқыштарымен әрекеттесуі үшін маңызы.
Өсімдікке қажетті қоректік заттардың топырақта жиналуы, оның сіңіру қабілетімен тығыз байланысты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет