Сабақтартарының жиынтығы Кафедра мәжілісінде қаралды және мақұлданды, Хаттама №11 «30» 05 2018 ж



бет55/64
Дата08.02.2022
өлшемі92,52 Kb.
#123633
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
agrohimiya lektsiya zhi nt

Фторсызданған фосфат – құрамында 30-32 % (апатиттен алынған) - 20-22 % (фосфориттен алынған) сіңімді P2O5 бар.
Фторсызданған фосфат - ақ немесе ақшыл-сұр түсті ұнтақ, нығыздалмайды, жақсы шашылады.
Бұл тыңайтқышты суармалы, ылғалы мол және қышқыл топырақтарға күзде топырақты жыртар алдында негізгі тыңайту ретінде қолданған тиімді.
Фторсызданған фосфатты негізінде минералдық қоспа ретінде мал жемдеуге пайдаланады.
Күшті қышқылда еритін фосфор тыңайтқыштары.
Фосфорит ұны – Ca3(PO4)2CaCO3, құрамында 25 % (I сорт), 22 % (II сорт), 19 % (III сорт) жалпы P2O5 бар.
Фосфорит ұны – күңгірт-сұр немесе қоңыр түсті майда ұнтақ, нығыздалмайды, жақсы шашылады, бірақ күшті шаңдатады.
Фосфорит ұны құрамындағы фосфор суда ерімейді, әлсіз қышқылда нашар ериді. Сондықтан көптеген дақылдар оны бойына нашар сіңіреді.
Фосфорит ұны тиімділігі әр түрлі факторларға байланысты.
Неғұрлым топырақтың гидролитикалық қышқылдығы жоғары болса, соғұрлым фосфорит ұны тиімді әсер етеді.
Фосфорит ұны неғұрлым ұнтақ болса, соғұрлым тиімділігі жоғары болады.
Дақылдар фосфорит ұнын түрліше пайдалана алады. Ол негізінен дақылдардың тамырларының өсу ерекшеліктеріне байланысты. Қиын еритін фосфаттарды жақсы сіңіре алатын өсімдіктерге бөрі бұршақ, қара құмық, қыша, ас бұршақ, эспарцет, түйе жоңышқа және кенепшөп жатады. Ол өсімдіктердің тамырларының қышқылдарды бөліп шығаруына және кальцийді көп сіңіруіне байланысты.
Фосфорит ұнының құрамындағы фосфорды өсімдіктерге сіңімді түрге ауыстыруда, олармен бірге физиологиялық қышқыл азот және калий тыңайтқыштарын қолданудың да маңызы зор.
Бұл тыңайтқышты қышқыл топырақтарға күзде сүдігер жыртар алдында негізгі тыңайту ретінде қолданады.
Фосфорит ұнын тиімді пайдалану үшін, одан түрлі қордалар дайындайды. Бұл жағдайда фосфорит біршама ыдырап, құрамындағы фосфор өсімдікке сіңімді түрге ауысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет